Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні
29
ноябрь
2019

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019 жылғы

1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы

М Ә Л І М Е Т

            Мектеп бойынша «1 желтоқсан  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні » мемлекеттік мерекесіне орай іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.Мерекені атап өту 29 қараша күні семинар ретінде ұйымдастырып,бағдарлама жасалынды.     

Семинардың мақсаты: Болашақ ұрпаққа елбасымызН.Ә.Назарбаев  туралы мағұлмат беру, елбасының өмірін,еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, Отанын, халқын сүюге,ержүректілікке, азаматтықа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.

Атап айтсақ мектеп дәлізінде «Әлем таныған тұлға» барлық сыныптарға арналған құрмет-көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесінде оқырман назарына «Н.Ә.Назарбаев өмірбаяны», «Ұлы дала перзенті», «Жылдар мен ойлар», «Елбасы және қазақ мемлекеттігі», «Тәуелсіздік дәуірі», «Еліне елеулі Елбасы» және тағы басқа да кітаптары таныстырылды.Тұңғыш Президенттің ұлт көшбасшысы, азамат, адам ретіндегі тұлғалық бейнесі жан-жақты таныстырылды. 4 «А» сыныбында Аханова Бибігүл Қабдолданқызының жетекшілігімен  «Мақтан тұтар – ұлы тұлға» тақырыбында презентация мен видеоролик көрсетіліп, оқушыларға Елбасының өмір жолын көрсетіп, шәкірт жүрегінеде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін оятты. 2 «А» сыныбында Сейітбекова Гүлмира Қизатқызының ұйымдастыруымен «Елбасы мұраты- ел бақыты!» тақырыбынды ашық тәрбие сағаты өткізілсе, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты 7 «Б» сыныбында жалғасын тапты. Оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек жолымен танысып, соңы Елбасына арналған «Нұраға» әнімен аяқталды. 5 «Б» сыныбында «Елбасымен бірге бақыттымыз!» тақырыбында сынып жетекшісі Жұмабек Қалиманың ұйымдастырумен өтті. 10 «А» сыныбында «Болашақты болжаған кемел еңбек» атты дөңгелек өткізілсе, орыс сыныптар арасында «1 декабря – День первого Президента Республики Казахстан» тақырыбында презентация таныстырылды. 6 «А», «Б» сыныптар арасында Байжанова М.Ж мен Мысырбекова Ж.М жетекшілігімен «Көш бастаған - Елбасы» тақырыбында мерекелік концертпен жалғасты. Оқушылар Елбасының құрметіне арнап өз өнерлерін көрсетіп, әнмен, бимен жалғасты.Жас Ұлан ұймының ұйымдастыруымен «Жалындаған жастармыз!» КТК ұйымдастырылып, жеңімпаз командалар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталып, мектеп директоры  Ш.Қ.Бозов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова мерекелік құттықтау сөздерін айтты. Семинар соңы          Тұңғыш Президент күніне арналған оқушылар арасында аралас волейбодан жарыспен жалғасты. Жарысқа Е.Жайсанбаев мектебінен 2 команда, Ш.Уәлиханов мектебіне 2 команда, Қоңыр орта мектебі, Көшкентал орта мектебі, Ғ.Орманов орта мектебі болып 7 команда сынға түсті. Спорттық іс-шараның соңы жеңімпаз командалар кубок медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Бұл айтулы мереке оқушылар бойына Елбасының еңбек жолын үлгі –өнеге ете отырып, Отанын, халқын, сүйюге, ержүректілікке, азаматтыққа , ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу.

                   Педагог ұйымдастырушы                        Н.М.Бугенбаева