Әлеуметтік педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
11
декабрь
2023

Әлеуметтік педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Әлеуметтік педагог  лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру



1. Білім беру ұйымының атауы: "Жетісу облысы Білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білімбөлімі" ММ "Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен" КММ орналасқан мекен жайы: Ескелдіауданы, Ақын Сара ауылы, Абай көшесі 1,

Жұмыс тел: 8 (72836) 5-10-06.

Мектеп директорының телефоны 87755054460  Байбосынова Акмарал Ермекбаевна

Эл пошта мекенжайы: mektep_akynsara@mail.ru

2. Бос лауазымның атауы: Әлеуметтік педагог. 1- р бос орын, 1 ст.

3. Функционалдық міндеттері:

1.Оқушыларды олардың жеке ерекшеліктері мен жасын ескере отырып оқытуды, тәрбиелеуді жүзеге асыру.

2. Қосымша білім алуға, зерттеу дағдыларын алуға бағытталған сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруға жәрдемдесу.

3. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асыру, ата-аналармен жұмысты үйлестіру

4. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгеру.

5. Білім алушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олар өз кезегінде мәлімделген стандарттарға сәйкес келуі тиіс.

6. Оқу сабақтары мен сабақтан тысіс-шараларды өткізу кезінде гигиеналық және санитарлық нормаларды қамтамасыз ету. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылау.

7. Оқушыларды даярлаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету. Нәтиже мемлекеттік деңгейде бекітілген Білім беру стандарттарына сәйкес келуі тиіс.

8. Оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру жоспарларын құру және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Білім беру стандарттары мен оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, әр сабаққа тақырыптық жоспарлар құру.

9. Оқушылардың дайындығын, жеке ерекшеліктерін, шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып, әртүрлі білім беру және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

10. Оқу сабақтарын қатаң түрде жалпы қабылданған стандарттарда, бірақ материалды ұсынудың және оқушылардың білімін бақылаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып өткізу.

11. Білімалушылардың дәптерлерінің жүргізілуін бақылау, белгіленген орфографиялық режимді жүргізу.

12. Білім беру сабақтарын, көшпелі және жергілікті іс-шараларды өткізу кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.

13. Білім алушылардың ықтимал жеке проблемалары мен қиындықтарын, оқу бағдарламасын игерудегі қиындықтарды анықтау және оларды жеңуге көмек көрсету.

14. Оқу материалын игеру туралы есеп беру туралы білім беру бағдарламасының талаптары шеңберінде бақылау жұмыстарын жүргізу.

15. Орыналған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді оқу орнының кезекшісіне уақтылы беру және қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету.

16. Оқу жылында оқу кабинетінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін дәптерлерді сақтау.

17. Барлық педагогикалық кеңестер мен жиналыстарға, конференцияларға және сыныптан тыс шараларға қатысу.

18. Медициналық тексеруден жүйелі түрде (жылсайын) өту.

19. Білімалушылардың түрлі конкурстық іс-шаралар мен фестивальдерге қатысуын ұйымдастыру.

20. Белгіленген тәртіпте сынып құжаттарын жүргізу, білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, тиісті балл қою.

21. Жарғыны және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

22. Мектеп қабырғасында, қоғамдық орындарда, тұрмыста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау.


4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде,

5. Құжаттар тізімі:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш. (Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы (нақты тұрғылықты жері мен байланыс телефондары көрсетіледі;

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № КЖД – 175/2020 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. (Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.