Жақсылық – жан жылытады » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2018

Жақсылық – жан жылытады

Жақсылық – жан жылытады.
Қатысқандар: Жетім және ата- анасының қамқорынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және ата- аналар
Мақсаты: Жақсылық жасау арқылы ішкі тыныштыққа жету жолдары туралы түсінік беру. Отбасы және отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы мен бірлікке, бірін- бірінің қадірін түсінуге ықпал ету. 
Міндеті:
- Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
- Мейірімді, қайырымды, қамқоршыл болуға тәрбиелеу.
Ата болып ақыл айтып көріңдер
Әже болып ертегі айтып беріңдер
Әке болып еркелетіп көріңдер
Ана болып мейірімділік төгіңдер
Аға болып үлгі өнеге көрсет кішіге
Іні болып көмектес сен ісіне
Әпке болып мейірімділікпен аяла
Қарындас болып бауырыңа саяла.
Құрметті ата- аналар, балғын балапандар ! Бүгін 1 Наурыз «Алғыс айту» күніне орай өздеріңізді мектепке арнайы шақырып, кездесу ұйымдастырып отырмыз. Ендеше қош келдіңіздер!
Сөз кезегі мектеп директоры Ш.К.Бозовқа беріледі. 
1. Психологиялық тренинг
2. Әңгіме: «Өмір сүрудің ең жақсы жолы» /Қатысушылар әңгімені тыңдап өз ойларын ортаға салады/
Шағын бір ғана ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақкөңіл жайдарлы болғандықтан , ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр таныстарына да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам ,бір жылдың ішінде Американың түпкір- түпкірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды. 
Бір күні науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
Үшеуіңнің біреуің барлық дүкендерімнің иесі боласыңдар. Мирасымды соған қалдырамын. Менің дүние мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір- бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрсе алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толықтыруы керек. Шартым осы. 
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әжелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым,- деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады. 
Екінші баласы: дүкенге барып екі жастық алдым,- деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады. 
Үшінші ұлы:
Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тарттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым,- деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды . Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді. 
Әкесі баласына риза болып: мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы- айналаңа жарық тарату!
Әңгімеге байланысты ата- аналарға сұрақтар қойылады.
1. Үш ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көзқарасыңыз?
2. Әкелерінің ішкі тыныштық табуына не себеп болды?
3. Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіз?
4. Ішкі тыныштықты тағы қайдан табуға болады?
«Жақсылық тамшысы» бейнеролик көрсету. 
Балалардан бейнеролик туралы пікірлерін сұрау
Мектеп дефектолгінің мүмкіндігі шектеулі балалармен Моторикасын дамытудағы жұмысы./Балалар қолдан жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады/
Құрметтеп ата- анамды
Ардақтап әпке , ағамды
Қамқор болып сіңілі мен ініме
Сыйлымын мен үлкен кішіге
«Аялы алақан» ойыны. /Аналардың көзін байлаймыз, өздерінің балаларын қолдарынан үстап тауып, жылы лебіздерін айту керек/
Десек те уақытпен жарыспайды, 
Қиялға қиялменен қарыштайды. 
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, 
Өнерін аналарға бағыштайды.
Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. Ендеше өздеріңізге арналған балалардың жүрек жарды өлеңдері мен ән биіне кезек берейік.
1_____________________________________________________________
2______________________________________________________________
3_______________________________________________________________
4_______________________________________________________________
5_______________________________________________________________
Бәрін жақсы көреміз
Үнемі көмек береміз
Үлкенді сыйлау кішілік
Үлгілі мінез кісілік


Құрметті ата- аналар, балғын балапандар ! Бүгін 1 Наурыз «Алғыс айту» күніне орай өздеріңізді мектепке арнайы шақырып, кездесу келгендеріңізге көп рахмет. Сау саламат болыңыздар.
Бізді дүниеге әкелген ата- аналарымызға алғыс айтайық. Жаңарған табиғатқа ризашылығымызды білдірейік, Қиын күнде бір- бірімізге сүйеу болған ағайынға, дос- жаранға рахмет айтайық, Осындай ұлан байтақ ұлы далада жүздеген ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, қамқорлық танытып пана болған Қазақ еліне , халқымызға алғыс білдіреміз. Қазақ халқымен төс қағыстырып, тізе түйістіре жүріп, тумаса да туғандай болып түсіністікте өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де ризашылық сезімімізді білдірейі





Ескелді аудандық білім бөліміне


«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен іс- шара туралы мәлімет

Аталған мектеп бойынша 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай « Жақсылық – жан жылытады»- атты жетім және ата- анасының қамқорынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларға сонымен қатар сол балалардың қамқоршылары мен ата- аналарына арналған қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты: Жақсылық жасау арқылы ішкі тыныштыққа жету жолдары туралы түсінік беру. Отбасы және отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы мен бірлікке, бірін- бірінің қадірін түсінуге ықпал ету. Міндеті: Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, Мейірімді, қайырымды, қамқоршыл болуға тәрбиелеу. Мектеп директоры Ш.К.Бозов және қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.И.Имаммадиева құттықтау сөз сөйледі. Шараға қатысушылармен мектеп психолгі С.Т.Абдрахманова психологиялық тренинг өткізді. «Өмір сүрудің ең жақсы жолы» атты әңгіме оқып, Қатысушылар әңгімені тыңдап өз ойларын ортаға салады. Әңгімеге байланысты ата- аналарға сұрақтар қойылды. «Жақсылық тамшысы» атты бейнеролик көрсетілді. «Аялы алақан» ойыны ойнатылып , аналардың көзін байлап, өздерінің балаларын қолдарынан ұстап тауып, жылы лебіздерін айтты. Мектеп дефектолгінің мүмкіндігі шектеулі балалармен Моторикасын дамытудағы жұмыс жүргізді. Балалар қолдан жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады. Кеш соңында жетім, қамқоршысыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама қойылды. Кеш соңында ауыл имамы Тұрысбаев Қуатбек ауылдағы сауда орындарының және қамқоршылық кеңес мүшелерінің демеушілігімен ұйымдастырып, осы балаларға азық- түлік берді. 

Мектеп директоры: Ш.Бозов
Директордың тәрбие 
жөніндегі орынбасары: Г.Дарменбекова