Қамқоршылық кеңес хаттама » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2018

Қамқоршылық кеңес хаттама

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңес отрысының хаттамасы№1 

Күні: 04.09.17
Қатысқандар:
Мектеп директоры – Ш.Қ.Бозов
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Дарменбекова Г.М
Қамқоршылық кеңес мүшелері
Төрайымы: Исембаева Аида Имаммадиевна, бас маман заңгер Мүшелері: Тұрысбаев Қуатбек – ауыл имамы, Аблезова Сандуғаш – 7 сынып ата-анасы, Ақмолдаева Құндыз Ұзахбайқызы – кәсіподақ ұйымы, Шкунова Ирина 
Күн тәртібінде:
1. «Қамқоршылық кеңестің маңыздылығы мен оны құрудың қажеттілігі»
Баяндамашы Дарменбекова Г.М директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2. 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің құзрыреттілігін, жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.
Баяндамашы Исембаева А.И – кеңес төрайымы

Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Ш.Қ.Бозов сөз бастап, қатысушыларға отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбековаға берді.
Г.М.Дарменбекова өз баяндамасында , Қамқоршылық кеңесі – білім беру жүйесін ізгілік қызметтерін (білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт,денсаулық сақтау) қолдаумен байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы.Қамқоршылар – қамқоршылық жұмыстың атқаратын қоғамдық және заңды тұлға. Қамқоршылық кеңесі – қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады. Қамқоршылық қолдау алатындар – қамқоршы бөлетін және тарататын қаржыға Қазақстан Республикасының жас ұрпағын дамытумен байланысқан білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін атқаратын қоғамдық және заңды тұлғалар. Қамқошылық кеңесінің басты мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, заттай және ақшалай қаржыларды белсенді пайдалану.
Екінші мектепішілік, қамқоршылық кеңестің төрайымы Мамырбекова Бибиля сөз алып, 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің құзыреттілігін, жұмыс жоспарын талқылау және бекіту туралы баяндама жасады. Өз баяндамасында алдымен қамқоршылық кеңесінің ережелерімен таныстырып кетті. Қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылады.Мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу үшін құрылатынын айтып өтті.Қамқоршылық кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету үшін құрылды.
Қамқоршылық кеңесі келесі қағидаларға негізделеді:
- Демократиялық;
- Алқалық;
- Ынтымақтастық ұзақтығы;
- Еріктілік,
- Жұмыс заңдылығы және барлық қатысушылардың құқықтық теңдігі;
- Көмек алушылардың таңдау еріктілігі
Сөз соңында қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар ата-аналар арасында талқылынып таныстырылды.
Жиналыс барысында ұсыныстар айтылып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға Мектеп директоры Ш.Қ.Бозов жауап берді.

Шешімі:
1.Баяндамашы Дарменбекова Г.М директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының «Қамқоршылық кеңестің маңыздылығы мен оны құрудың қажеттілігі» тақырыбындағы баяндамасы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Мектеп бойынша 2017-2018 оқу жылында қамқоршылық кеңесі бекітілген жұмыс жоспары негізінде іс-шаралар атқарылсын.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Исембаева А. И
Хатшы: Айдарова Камшат