Президент күніне арналған іс - шара » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
май
2017

Президент күніне арналған іс - шара

1 желтоқсан Президент күнінің сценариі

Мемлекеттік Ту кіргізіледі

1 жүргізуші Жырым сізге елбасы арналады,
Қызыл тілім шаттықпен жар салады,
Салмақты да мағыналы сөздерді айтсам,
Бір біріне жалғасып өзі ағады.

2 жүргізуші Ал егер түбі терең тарихты айтсам,
Хандарды елде болған тез санады.
Керей менен Жәнібек,
Тәуекел,Шығай Есім хан,
Жәңгір менен Абылай хан,
Жалғасы болған Нұрсұлтан,,,,

1 жүргізуші Шешілмеген көптеген мәселенің,
Шешімдерін байыппен ойлап тапты.
Қастерледі елімнің рәміздерін,
Гимнін, елтаңбасын және туын,
2 жүргізушІ Қызылын тілін қазақтың дауылдатты,
Ұмытпаңдар ана тілді, баба тілді,
Деуменен Нұрекең талай рет жалындатты,
Ақыры тоқсан жетінің шілдесінде ,
Тіл туралы заңымызды қабылдатты,
1 жүргізуші Тәуелсіздік тұғырын,
Еркіндіктің құлыбын,
Ашты алғаш айтамыз,
Назарбаев атамыз.
Ел ертеңін ойлады,
Тек биікке бойлады,
Жерімізде орнатып бейбітшілік,
Күлкі жайнап,думан тойды тойлады.

ХорменАлып келген қазағыма көп табыс,
Назарбаев Нұрсұлтанға мың алғыс!!!

1 жүргізуші Құрметті мектеп оқушылары, қадірлі ұстаздар 1 желтоқсан Президент күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариалаймыз.

Мемлекеттік Гимн орындалады.

1 жүргізуші Мемлекетіміздің діңгегі - қазақ халқы. Ел де, жер де- қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.

2 жүргізуші Бұл ғасыр қазақ үшін алтын дер ем,

Даңқыңды әлем білді , салтымменен

Кеудемде жаным барда көтеремін

Аянбан, не күтсе де халқым менен

1жүргізуші Жабыққанды жебесем,

Елді жұртпен теңесем,

Қосынында қазақтың

Бекер жүрмін демес ем!

2 жүргізушіСөз бастаған шешен болу-

Бір қиын,

Елің үшін есен болу – Бір қиын

1 жүргізуші Тайғақ кешіп,

Ақ жол тауып,

Адаспай,

Көш бастаған көсем болу-

Мың қиын!

Ағашқы құттықтау сөз кезегі директорыдың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жантасова Динара Латайқызына беріледі.

1 жүргізуші Бұл күнді армандаған баршаларын,

Мерт болған жері үшін бабалары

Мың өліп-мың тірілсе Алашорда,

Жеткізді осы күнге ағаларым.

2 жүргізуші Сенімін ақтаймын деп өз халқының,

Алдында уәде берген бәз халқының.

Мықты елдің қатарына қосам деген –

Анты бар ел алдында Елбасының. Ән, «Көк тудың желбірегені» орындайтын

1 жүргізуші Танытты қазақ елін дүйім жұртқа

Мойындады елімізді үлкен спортта.

Елбасы еліменен бірге болса,

Алынбайтын біздерге шың болып па?

Президент күніне арнау орындайтын Мақсатбек Бауыржан

1 жүргізуші Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатамын

Тып- тыныш тұрып жатқан жайымыз бар

Бәріміз баласындай бір атаның «Мөлдір» бишілер тобының орындауында қазақ биін қабыл алыңыздар

2 жүргізуші Әнге толсын барлық қала ауыл бар

Қағылсын бір барабандар, дабылдар

Елбасының туған күнін ардақтау

Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

ӘН.

1 жүргізуші Қазақ елі желбіретіп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағың

2жүргізуші Тұратұғың болашақтың үні кеп

Тартылар күй айтылатын жыры көп

Ерекше бір еркіндейік бауырлар

Басшымыздың бүгін туған күні деп.

1 жүргізуші

Құрметті мектеп оқушылары, қадірлі ұстаздар 1 желтоқсан Президент күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариалаймыз.

Похожие публикации:

18 февраль 2021 мектеп ұжымы
25 март 2021 Мектеп тарихы
01 сентябрь 2021 Мектеп әкімшілігі
06 декабрь 2016 Мекен-жайымыз