қамқоршылық кеңес хаттама » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2018

қамқоршылық кеңес хаттама

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата- аналар комитеті мүшелерінің кезектен тыс отрысының хаттамасы

Күні: 05.09.18
Қатысқандар:
Мектеп директоры – Ш.Қ.Бозов
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Дарменбекова Г.М
Қамқоршылық кеңес төрайымы және мүшелері
Ата- аналар комитетінің төрайымы және мүшелері

Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңес төрайымын ауыстыру туралы


Тыңдалды:
1. Мектеп директоры Ш.К.Бозов сөз алып, өз сөзінде қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата- аналар кеңесінің мүшелеріне былтырғы оқу 2017-2018 оқу жылында жүргізген жұмыстарына мектепке ондағы жетім, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету кезінде ықпал етіп өз үлестерін қосқаны үшін ризашылығын білдіріп алғыс айтты. Дегенмен қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.И.Исембаева өзіне берілген жауапкершілік қызметтен босатуын сұрап өтініш жазғандығын айтып, өтінішпен таныстырды. Өз өтінішінде жұмысының көптігіне орай қамқоршылық кеңес төрайымы жауапкершілігін алып жүру қиынға соғатынын айтты деп сөзін аяқтады.
2. Ата- аналар комитетінің төрайымы Б.Мамырбекова өз сөзінде: А.И.Исембаева енді өзі өтініш білдіріп тұрса онда орнына басқа адам сайлайық, қаржылай көмек көрсете алатындай, халықпен жұмыс жасауға уақыты бар бір адам сайлайық. Менің ойымша Бейсенбай Қайырбек болатын сияқты, себебі өзінің жеке шаруа қожасы бар, халықпен жұмыс жасай алады, бос уақтысы да бар деп өз ұсынысын айтты.
3. Қамқоршылық кеңес мүшесі Тұрысбаев Қуатбек: менде Мамырбекова Бибиланың сөзіне қосыламын. Қайырбекті сайлағандарыңыз өте дұрыс болар. Мен де Қайырбекті ұсынамын. Оның ұстіне өз өтінішін білдіріп отыр екен.
4. Бейсенбай Қайрбек : мен осы мектепте балаларым оқығандықтан ата- ана ретінде мектептің барлық жағдайын білем деп айсам да болады. Кезінде осы мектепте еңбек пәнінің мұғалімі болып та жұмыс жасағам. Бүгінде өзімнің жеке шаруашылық қожалығым бар. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын, мақсат міндеттерін көріп отырып, егер маған сенім артып тұрсаңыздар сенімдероіңізді ақтап жұмыс жасайық. Мектеп оқушыларының әлеументтік жағдайларын қадағалап ең бастысы соларға көмек көрсету сондықтан кеңес мүшелері мен ата- аналар комитеті мектеп әкімшілігімен бірлесе жұмыс жасайық.
Шешім:
1. 2018-2019 жаңа оқу жылынан бастап қамқоршылық кеңес төрағасы болып Бейсембай Қайырбек тағайындалсын.
2. Кеңес мүшелері қайта қаралып, толықтырылсын.
3. Жаңа оқу жылына қайта жоспар құрылып, бекітілсін.



Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Исембаева А. И
Хатшы: Айдарова Камшат















Хаттама №1
«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов
атындағы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі 17.09.2018 жыл

Жиналысының тақырыбы: «Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тірек махаббат»

Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ата- аналар, сынып жетекшілер.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы, сараптамасы
Директордың оқу ісім жөніндегі орынбасары Д.Л.Жантасова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова
2. «Бала тәрбиесіндегі ата- ананың ролі» /ата- аналарға кеңес/
Мектеп психолгтері А. Нуркасимова, А.Т.Латаева
3. «Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейіріммен нұрланған»
Тренинг Ж.А.Теңселбаева
4. «Баланың бас ұстазы- ата- ана» таныстырылым
К.Ұ.Ақмолдаева
5. Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамымен таныстыру төрағасымен , жұмысын талқылау.
6. Әр түрлі мәселелер.

Мектепте өткен жалпы ата- аналар жиналысының күн тәртібіндегі ең бірінші мәселесі бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Л.Жантасова 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстарға есеп беріп, жеткен жетістіктерге тоқталды. Өз сөзінде: 2017-2018 оқу жылын 25 сынып, 24 сынып комплектісінде, 356 оқушымен және 2 мектепалды сыныбымен бастадық. Мектебіміз бір аусымда 5 күндік кестемен жұмыс ұйымдастырылды. Оқу жылын 365 оқушымен аяқтадық. Мектеп бойынша 56 үздік, 158 оқу екпіндісі бар. Білім сапасы 58, 6 пайызды құрап отыр. 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда 2017-2018 оқу жылында 6,2 пайызға көтерілді. Былтырғы оқу жылында аудандық пән олимпиадасынан 13 оқушы жүлделі орын иеленсе, облыстық пән олимпиадасында екі оқушы Дарюбаева Айдана математика пәнінен 3 орын, Гаврилова Виктория орыс тілі пәнінен 3 орын иеленді деп өз сөзін тақтадағы салайдпен көрсетіп, жеткен жетістіктермен таныстырды. Одан кейін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова ары қарай тәрбие саласында атқарған жұмыстарға тоқталып өз есебін берді: Оқу жылының басында 2017 – 2018 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша тәрбие тұжырымдамасы негізінде 8 бағыт бойынша құрылған. Атап айтатын болсақ: 1. «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы аясында Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие, 2. Рухани- адамгершілік тәрбие, 3. Отбасы тәрбиесі, 4. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, 5. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, 6. Көпмәдениетті және көркем- эстетикалық тәрбие, 7. Дене тәрбиесі, 8. Ұлттық тәрбие. 2017 – 2018 оқу жылы алғашқы қоңырау «Білім күні» мерекесімен басталып, «Мен кіші Отанымның патриотымын» тақырыптарында алғашқы сынып сағаттары өткізілді. Әр дүйсенбі күні мектеп оқушылары арасында жиын өткізіліп, кезекшілер өз есептерін беріп, кемшіліктер мен келіңсіз жағдайлар талқыланады. Күнделіктері мен тазалықтары тексеріліп, қорытындысы берілді. Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті тексеріліп, тіркеуге алынып, анықтамалары жинақталды.
«Мектепке жол» республика көлемі бойынша жүргізілген акцияның жұмыс жоспары құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Анықталған тізім бойынша 30 балаға мектеп құрал- жабдықтары берілді, ауыл молдасы Тұрысбаев Қуатбек 6 оқушыны құрал- жабдықпен қамтамасыз етіп өз демеушілігін көрсетті. 2 рет сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңке» өткізілді. Әр мереклік іс- шаралар жоспарланып, жоспарлы түрде өткізіліп тұрды.
Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектепте оқушылар арасында бірнеше іс-шаралар атқарылды .
Ақпан айының 1-28 аралығында оқушы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында айлық өткізілді. Мектеп бойынша іс- шара жоспарын құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша іс- шаралар өткізіліп, құжаттары жинақталды. Атап айтатын болсақ: мектепте ішкі тәртіптің орындалуын күшейту мақсатында мектеп ғимаратында бөгде адамдардың жүруіне тыйым салынып, қадағалау жұмыстары жүргізілді. «Адал ұрпақ» клубының іс- құжаттары реттеліп, жұмыстары қадағаланды.Мектеп кітапханасында Ақын Сара Тастанбекқызына арналған «Парасатты бұрыш» ұйымдастырылған. Мектеп оқушылары ақын шығармаларымен, өмір тарихымен танысып, өз білімдерін толықтырып тұрады. Өзін- өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы атты өзін- өзі тану пәнінің декадасы ұйымдастырылып, ашық сабақтар өткізілді. Сәтсіз отбасынан шыққан Селивановалардың үйіне сынып жетекшілер С.П.Клеева, А.М.Канабатырова және О.Ю.Васильева барып балалардың үйінің тұрмыс жағдайын көріп, рейд жұмысын жүргізді. «Жақсылық жанды жадыратады» жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалар арасында іс-шара өткізілді. Іс шараны өткізудегі мақсат: Жақсылық жасау арқылы ішкі тыныштыққа жету жолдары туралы түсінік беру. Отбасы және отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы мен бірлікке, бірін- бірінің қадірін түсінуге ықпал ету. Бұл шараға мектептегі жетім, қамқоршысыз қалған Орманова Зауре, Дулатбаева Алия, Шинболатова Алиша және мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын балалар- Ұзақбай Олжас, Қахарман Ақерке арнайы ата- аналармен шақырылды. Ауыл имамы Тұрысбаев Қуатбек ағайдың демеушілігімен балаларға азық- түлік берілді. Ән айтып, би билеп балалар жақсы көңіл күймен қайтты.Балалардың бос уақтысын тиімді пайдалану мақсатында мектеп жанында жазғы «Балдәурен» лагері ұйымдастырылды. Балаларға бір уақыт тегін тамақпен қамтамасыз етілді. 8 бала Текелі қаласындағы «Алтын Чажа» лагерьіне тегін демалып келсе 1 оқушы ақылы Қарасай ауданындағы санаториге барып демалып қайтты. Сонымен қатар жеткен жетістіктерді слайдпен көрсетті.
Ата- ана Абдрахман Роза: мен ата- ана ретінде мектептің бір жылдық қорытынды есебін тыңдап қанағаттанарлық деп баға беремін. Мектепте өткізіліп жатқан әр шараларды көріп те жүрміз. Сондықтан мектеп мәртебесі арта берсін. Дендеріңіз сау болсын. Шәкірттеріңіз қуанта берсін деп өз лебізін білдірді.
Ата- ана Ерсін Айткамал: мен де мектептің бір жылғы атқарылған жұмыстарына жақсы деген баға бергім келеді. Жоғарыдан көріне беріңіздер деп тілек білдірді.
1 мәселе бойынша мектеп психолгі А.Нуркасимова «Бала тәрбиесіндегі ата- ананың ролі» тақырыбы бойынша ата- аналарға ақыл -кеңестер берді. Ата- аналарға балалармен қалай қарым қатынас жасау керектігі айтылып, арнайы бейнеролик көрсетті.
2 «Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейіріммен нұрланған» тақырыбы бойынша Ж.А.Теңселбаева шағын тренинг өткізді. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін ата- аналарды тұрғызып би билетті. Ой қозғау: 1/ Бала деген кім? 2/ Әке деген кім? 3/ Ана деген кім? Деген сұрақтар қойып, ата- аналардан жауап алды. «Өмірдің мәні» атты бейнеролик көрсетті. Тренинг соңында баланы жақсы көру үшін не істеу керек екендігі жайында ақыл -кеңес берді.
3 Келесі мәселе бойынша Қ.Ұ.Ақмолдаева «Баланың бас ұстазы- ата- ана» таныстырылым жасап, ата- ананың басты ұстазы екеін, отбасындағы берілетін тәлім- тәрбие жайында кеңінен тоқталып, айтып өтті. Интербелсенді тақтадан таныстырылым көрсетті.
4 Бесінші мәселе бойынша мектеп директоры Ш.К.Бозов сөз алып мектепте құрылған қамқоршылық кеңесі туралы айтып, мақсат міндеттеріне тоқталды. 05 қыркүйек күні қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата- аналар комитет мүшелерінің қатысуымен кезектен тыс отырыс болған. Осы отырыста қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.И.Исембаева өзінің белгілі себептермен осы міндеткерлікті алып жүре алмайтынын айтып өз өтінішін білдірген болаты. Сол себепті қалған кеңес мүшелері жеке шаруашылық қожалық иесі Бейсембай Қайырбекті сайлаған болатын деп қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасымен таныстырды. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне де өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар мектепте ата- аналар комитеті болмай тек қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды деп өз сөзін аяқтап, сөз кезегін қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бейсембай Қайырбекке берді. Қайырбек өз сөзінде қамқоршылық кеңесінің жұмысымен танысып өттім, енді арнай счет ашып өз еркілеріңізбен сол счетқа ақша салсаңыздар. Бірақ ешкіді қинап қыстамаймыз. Әр адамның еркі өзінде. Счетқа түскен қаражат есебін беріп тұрамыз деп өз ой пікірін білдірді.

Шешім:

1. 2017-2018 оқу жылының қорытынды сараптамасы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Л.Жантасова мен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекованың есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
2. «Бала тәрбиесіндегі ата- ананың ролі», «Жанымыз жақсылықтан жаралған, жүрегіміз мейіріммен нұрланған», «Баланың бас ұстазы- ата- ана» тақырыптары бойынша мектеп психолгімен сынып жетекшілер ата- аналарға арналып айтылған ақыл- кеңестер назарға алынсын.
3. Мектепте құрылған Қамқоршылық кеңесінің жұмысы Бейсембай Қайырбекке жүктеліп , жұмыс жүйесі жандандырылсын.


Жиналыс төрағасы: Ш.К.Бозов
Хатшы: К.А.Айдарова