коучинг » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2019

коучинг

Тақырыбы:

Блум таксономиясың тиімділігі

Девизі:

«Табысты көшбасшылықтың кілті –беделдікте емес, басқаларға әсер етуде » Кен Бланчерттің сөзімен басталады (американдық жазушы, менеджмент эксперті

Жалпы мақсат:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, Блум таксономиясын сабақтарға мақсат қоюға ,білімді игертуге деңгейлік тапсырмаларды дұрыс әзірлей алуға бағыттау

Сілтеме:

МАН, интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері (Авторы А.Әлімов ), ғаламтор мәліметтері.

Оқыту нәтижесі:

Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы ,түрлі тапсырмалар орындай отырып , Блум таксономиясының білімді игертуге

6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.

Түйінді идеялар:

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау

Ресурстар:

А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам шарлар үлестірмелі материалдар, бейнефильмдер, стикер, плакат

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, АКТ

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар.

Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, салыстыру, топтық жұмыс, талдау



Коучингтің кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту

Топқа бөлу

І.Психологиялық ахуал туғызу (2мин)

«Төрт ана» атты М.Шахановтың өлеңін оқимын. Назарларынын коучерге аударады.

Капитан

Юнга- 2 адам пол жуады

Палундра -3 адам топ құрайды

Лодка -4 адам қайық еседі

Обед- 5 адам топ құрайды

Тұсаукесер

Халал және харам

·
Бір жас жігіт Қағбада «Ей дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің одан басқа еш нәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Оған былай деп түсіндіреді:
"Осыдан 7-8 жыл бұрын Қағбада жүргенде ішінде мың алтыны бар қалташық тауып алдым. Ішімнен бір дауыс «бұл алтындармен мына нәрселерді жасайсың!» деп құтыртып жатқан еді. Өз-өзіме «жоқ, бұл меніңкі емес, біреудің затын қолдануым харам болады” дедім. Осы кезде біреу «Мынадай қалташық тауып алған адам бар ма?» деп айғайлап жүреді. Оны шақырдым. Қалташықтың қандай екенін суреттеді және ішінде 1000 алтын бар» деп айтты. Қалташығын бердім. Ол да маған қалташықтан шығарып 30 алтын берді.
Базарға бардым. Таза реңді бір жас тұтқын баланы мақтап сатып жатқан еді. Ол жас баланың тазалығы менің назарымды тартты. «Бұл тұтқын үшін қанша сұрайсың?» дедім. 30 алтын деп жауап берді. Алтындарды беріп ол жас баланы сатып алдым. Арадан бір-екі жыл өтті. Жас бала өте еңбекқор және әдепті еді.
Бір күні онымен кетіп бара жатқанда алдымыздан үш кісі келе жатқанын көрдік. Жас жігіт маған «Мырзам, мен Фас әміршісінің баласымын. Мына келе жатқандар әкемнің адамдары. Мені іздеп жүргендер. Сенен мені сатуыңды сұрайды. Сен жақсы адамсың, 30 000 мың алтыннан төмен сатпа!» деді. Үш кісі қасымызға келіп «бұл тұтқынды бізге сатасың ба?» деді. «Сатамын бірақ 30 000 алтыннан төмен болмайды» дедім. Біраз саудаласып болмаған соң амалсыз қабыл етті. Алтындарды беріп жас жігітті алып кетті.
Мен бұл алтындармен жұмыс орындарын ашып сауда-cаттықпен айналысып одан да байып кеттім. Бір күні туыстарым «Өте бай бір отбасының жақсы бір қызы бар. Әкесі жақында қайтыс болды. Онымен сені үйлендірейік» деді. Мен де «болады» деп жауап бердім.
Неке қиылды. Түйеге артылып қыздың жасауын алып келді. Жасауының арасынан бір қалташық менің назарымды тартты. Жұбайыма «бұл не?» деп сұрадым. «Ішінде 970 алтын бар, әкем бір кездері Қағбада жоғалтқан екен. Тапқан адамға 30 алтынын беріпті. Қалғанын маған сыйлады, жасауыңа қосарсың деді.» деп жауап берді.
Демек бұл алтындар менің рызығым екен. Қайтарып бермегенімде харам жолдан келер еді. Қазір болса халал жолдан қайта Өзіме келді. Маған көмектесіп харамдардан қорғаған, көптеген ниғметтер сыйлаған Раббыма шүкір етемін… Ащы да болса шындықты айтыңдар. Бәрібір тағдырға жазғанын көресің… Несібеңнен артығын көрмейсің…

 

 

 

 

Қалай оқу керектігін үйрену

Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.

Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.

Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз.

Оқушылардың бір- бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.

Қандай әдіс ұсынамыз?
Көркем әңгімені өз беттерімен оқытуға арналған «Топтық тергеу» әдісі

Қатысушыларды алты топқа бөлеміз.

Әр топқа тапсырмалар береміз.

1- топ. Баяндап берушілер. Олардың тапсырмасы: әңгімені оқып, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау.

2-топ. Зерттеушілер. Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру, мәтіннен антоним, синоним сөздерді табу.

3- топ. Сұрақ құрастырушылар. Әңгімені оқып, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды.

4- топ. Бейнелеуші- суретшілер. Әңгіме мазмұны бойынша сурет салады.
5- топ. Сілтеме табушылар. Әңгіме мазмұнына сәйкей мақал- мәтелдер, афоризмдер, қанатты сөздер тауып сәйкестігін дәлелдейді.
6- топ. Дәнекершілер. Әңгіме оқиғасын бүгінгі өмірмен байланыстырады.


Осы жұмысты орындауға 20- 25 минут уақыт беріледі.

Топтардың жұмысын презентациялауда «Аквариум» стратегиясын ұсынамыз.

• Оқушылар топтық жұмысты аяқтаған соң, сыныпты айнала дөңгеленіп отырады. Презентация жасайтын топ ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар ортадағы топты айнала бақылап, өз ұсыныстарын дайындайды. Топтың жұмысын мадақтап, ұсыныс айтады.

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру, сондықтан әр топқа топ ережесін құрастыру тапсырылады

Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және әр топтан бір мұғалімнен шығып, топ ережесімен таныстырады.

Блум таксономиясы туралы теориялық білім (таныстырылым

бойынша) 10 минут

Бенджамин Блум –америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.Ол әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру./МАН-43 бет./

Блум таксономиясы ең төменгі үдерістен жоғарыға қарай кезең- кезеңмен алты кезеңді (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтитын иерархиялық модель

 

Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы, Блум таксономиясының білімді игертуге тиімді екеніне көз жеткізеді.

 

Блумның өзектілігі мен білімді игертуге бағытталған 6-қадамына қысқаша теориялық түсініктеме бердім. Әріптестеріме Блумның сабақтың мақсатын қоюға және деңгейлік тапсырмалар дайындауға көмектесетін етістіктері жазылған үлестірме парақтарын алады

Практикалық жұмыс

 

 

 

 

 

 

7 минут тапсырманы әзірлеуге, 3 минут қорғауға

 

Тапсырма:

«Халал мен харам» мәгінін Блум таксономиясына салып, деңгейлік тапсырмалар беріп орындатып, өздерінің қай деңгейде жұмыс жасағандықтарын анықтаттым.

 

1- топ:Мәтіннің басты идеясын постерге бейнеле.

2-топ:Кейіпкерлерді жақсысынан жаманына қарай жікте, жіктеу әрекетіңізді түсіндір.

3-топ:Мәтінді бүгінгі жаңа заманға сай, үлгіде көрсет.

4-топ:Мәтінді көрініс түрінде көрсет.

5-топ:Осы мәтінді жарнамала.

6-топ.:Кейіпкерді бірінші рет көргендегі не істегенін сипатта.

 

 

 

Сергіту

«Нұрлы арман» әнін орындаймыз

Топ мүшелері бірігіп әнді орындайды

Ой толғаныс

Блум таксономиясымен құрылған сабақ үлгісі мен презентация көрсетіледі

Мұғалімдер тәжірибе алмасады

Коучингті бағалау.

Кері байланыс жүргізу.

Коучингті бағалау мен кері байланыс үшін стикерлер таратады

Табыс ағашына стикерлер жапсырылады

Қорытындылау

Көшбасшы –не істеу керектігін біледі, білгенін жасайды және басқаларға сол жолды көрсетеді. Джон Максвелдің сөзімен аяқтаймын (американдық шешен «Көшбасшының 21 қасиеті» атты еңбектің авторы

«Ұсыныс немесе бір жақсы тілек » тілегімен аяқталады

 

 


blum-takson.pdf [593,79 Kb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: blum-takson.pdf

 

 

 

 

Похожие публикации:

16 январь 2019 коучинг
20 февраль 2019 коучинг