Коучинг жоспары » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Коучинг жоспары

Коучинг жоспары


Күні:

Коучтің аты жөні: директордың тәрбие жөніндегі орынгбасары Г.М.Дарменбекова 

Коучинг сабағының жоспары 

Құзіретті тұлға қалыптастырудағы ата- аналар мен мұғалімнің ролі. 

1

Жалпы мақсаты

  • Ата- аналарда бала тәрбиесіне деген жауапкершілік қалыптастыру
  • Құзыретті тұлға қалыптастырудағы ерекшеліктерін түсіндіре отырып,  мұғалімдерге қолдау көрсету.
  • Құзіреттітұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.
  • Тұлғаның дамуына қолдау көрсету,ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.

2.

Оқу нәтижелері

Неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық;

 туыстары мен жақындарына деген  адалдық сезімі; отбасылық  дәстүрлер; 

мұралар  мен салт-дәстүрлерді  ұқыпты     қарау; 

ана  қасиеті; махаббат, адалдық,  достық – сезімдері құндылығын

Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді.

3

Сабақта туындаған негізгі идеялар 

Құзіретті тұлғаны қалыптастырудағы нақты мәселелерді анықтау.

4.

эпиграф

«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, мектептің, барша елдің, халықтың міндеті» Н.Ә.Назарбаев

5

Жұмыс барысы

1. «Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі» Презентация, слайд көрсету.

2.Практикалық бөлім.

Постер қорғау, тәжірбиелік  жұмыс жасату. (20мин)

3. Кері байланыс. Стикерлер арқылы өз пікірлерін білдіреді.                                

6

Психологиялық ахуал орнату

Шаттық шеңбері: 

Дөңгеленіп тұрайық
 Керегені құрайық.
 Уықтар боп иіліп,
 Шаңыраққа киіліп
 Киіз үйді құрайық.
 Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты әр үйдің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

7

Топқа бөлу

Топқа бөлу (түрлі – түсті кәмпиттер бойынша 3  топқа бөлу)


 



Коучинг барысы


Коучтің іс- әрекеті

Тыңдаушылардың әрекеті. 

8

Ой қозғау:


Ата – аналар, мен мұғалімдерге  бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын қорғап шығады.
 1 - топ
 Бала жақсы білімді болу үшін ата - аналардың міндеті қандай болу керек? Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?
 2 - топ
 Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
 3 - топ
 
сабақ кезінде оқушы сізді тыңдамады, қасвындағы балаға балағат сөз айтты, мұғалім ретінде сіздің әрекетіңіз?

9

Таныстырылым


Интербелсенді тақтадан презентация көрсетіледі. 

«Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі» тақырыбында таныстырылым жасалады. 

10

Топтарға тапсырма беріледі 

Постер қорғау

Құзіретті тұлға деген кім? 

Құзіретті тұлғаға қандай қасиеттер тән?? 

Тұлға қасиетін ашатын сөздер тауып жазады. Сол сөздерден кластер құрастырады. (қабілетті, өмірге сүруге бейім, коммуникативті, мәдениетті, мақсатшыл, қызығушылығы жоғары, іскер, білімді, төзімді, ұстамды) Құзіреттілікті қалыптастыруға қандай үлес қосар едіңіз?

11

Кері байланыс

«Екі жұлдыз ,бір тілек»




Похожие публикации:

03 ноябрь 2020 «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»
20 февраль 2019 коучинг