Педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылы 3 тоқсан бойынша қызметі туралы есебі » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылы 3 тоқсан бойынша қызметі туралы есебі
24
март
2022

Педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылы 3 тоқсан бойынша қызметі туралы есебі

«Ескелді ауданы әкімдігінің  Ш.Уәлиханов   атындағы  орта  мектебі» коммуналдық   мемлекеттік   мекемесінің    педагог-психологтарының

2021-2022   оқу   жылы 3 тоқсан бойынша   қызметі  туралы  есебі


2 тоқсан  бойынша педкеңес шешімімінің орындалуы бойынша мәлімет:

1.Үлгерімі төмен оқушылармен жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру   мақсатында жаттығулар өткізілді және пән сынып жетекшілерімен сұхбат өткізілді. Білім алушылармен білім мен білікті арттыруға бағытталған әңгімелесу жүргізіліп, білімді болудың маңыздылығы бойынша ағарту өткізілді.

2.Оқушының үлгере алмау себептерін 3 тоқсан барысында анықтау үшін сынып жетекшіден, ата-анадан сұраныс келіп түскен жоқ, дегенмен ата-анамен жеке кездесулер барысында  баланың сабақ үлгеріміне назар аудару, көмектесу, баланы  қолдау бойынша кеңестер беріліп отырылады. 

 3.Пән мұғалімдері тарапынан сабақ беру барысында әртүрлі заманауи  білім берудегі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білім алушылардың  білім сапасын көтеру мақсатында   пәнге деген қызығушылықтарын ояту арқылы  жұмыстары  бойынша мектепішілік семинарларда мектеп психологтары тарапынан әдіс-тәсіл түрлері туралы айтылып отырылды. Кеңестер берілген. Дегенмен жеке дара осы мәселеге байланыста сұраныс түскен жоқ. 

3 тоқсан бойынша жүргізілген жұмыстарға  мәлімет:

Мектеп педагог-психологтарының 3 тоқсан жоспарға сай  ұстаздар мен ата-аналармен, оқушылармен жұмыс жалғастырылды.   Оқушылардың эмоционалдық жағдайларын бақылау мақсатында әр  күні таңертеңгі уақытта білім алушыларды қабылдап ,  сынып жетекшілері байланысып , сыныптағы балалардың қал-жағдайлары  сұрастырылып отырылды.

Сондай-ақ 3 тоқсан барысында баланың көңіл-күйі, сабаққа қатысу қызығушылығы , эмоционалдық жағдайлары қаралып отырылды. Балалар өте жақсы , көтеріңкі көңіл- күймен сабаққа келді. 

1,5 сынып оқушылары жоғары сыныпқа бейімделген, оқуға құштарлықтары жоғары, социаметрия бойынша шеттетілген оқушы анықтамады. 

Мектебіміздің инклюзив оқушысыменәңгіме өткізіліп, дамыту жаттығулары сілтемелері  ватсап желісі арқылы жіберілді.  Инклюзив оқушының ата-анасымен кездесу болып өтті, кездесу барысында баланың эмоционалдық жағдайы, қарым-қатынас, білім алудағы қиындықтары туралы әңгіме өткізілді.  Қазіргі уақытта бала жалпы білім беру бойынша сабақ оқиды, дегенмен диагнозына байланысты сынып мұғаліміне ерекше балаға жеңілдетілген   түрде сабақ беруге  телефон арқылы  кеңестер айтылды.  Әңгіме жүргізілді. Педагог-дефектологпен байланыс құрылды.

Үйден оқитын оқушымен және ата-анасымен, ұстаздарымен  кездесу өткізііп оқу барысындағы қиындықтар бойынша әңгіме жүргізілді . Қазіргі уақытта жағдайы қалыпты екені анықталды және ұстаздарымен қарым-қатынасы жақсы екенін білдік.

1 сынып оқушыларынан   Керн-Йиерасек тесті алынып, балалардың оқуға дайындығын тексерудің   екінші тексеруден өткізілді. Нәтижесінде балалардың танымдық қабілетері жоғалап, оқуға дайындықтары көрсеткіші көтерілгені анықталды. 

2,3,4 сыныптардан «Кактус» агрессияны анықтау мақсатында суретті тест алынды, нәтижесінде агрессиялық деңгейлері қалыпты екендігі көрінді. 

Бастауыш сынып оқушыларымен «Мен бақытты баламын»   ойын-жаттығулар өткізілді, мақсаты балалардың сабақ барысында көңіл-күйін көтеру, сабаққа белсенділігін арттыру. 

5-8 сыныптар «Мен буллингке қарсымын» жаттығуы өткізіліп, буллинг салдары мен қорғану жолдары балаларға айтылды, буллинг түрлерімен таныстырылды.

9-10  сынып оқушыларына «Менің боашақ мамандығым» жаттығуы өткізілді. Мамандық таңдау, кәсіби ой ниеті  бойынша ағарту жұмыстар жүргізілді.  Ата-аналарға «Кәсіптік бағдар-бала болашағы» атты кеңестер өткізілді. 

11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша әңгімелер мен «Шимай» жаттығулар кешені өткізілді. Балалардың сабаққа дайындалу кезіндегі ережелерді ұстану бойынша қосымша айтылды. 11 сынып оқушыларына «Жүйке жүйесіне түсетін күштен арылу» жаттығуы өткізілді. .

«Жағымды-қарым қатынас» жаттығу   білім алушылармен  өткізілді, нәтижесінде балалар жақсы қарым-қатынас жасаудың жолдарымен танысты. 

Мектепішілік тіркеуде тұрған сәтсіз отбасы балаларының  «Өзіндік бағалау»  белгілі бір мерзімде өзін-өзі бағалауын анықтау жұмыстары жүргізілді. нәтижесінде, балалардың өзі-өзі бағалауы дұрыс. 

Суйцидтік мінез-құлықты анықтау мақсатында 6-7 сыныптардан «Тұлғаның психологиялық күйін анықтау» сұрақнамасы алынды, нәтижесінде мазасыздығы жоғары бала анықталмады. 

«Салауатты өмір салтын қолдаймыз», «Зиянды әдеттен аулақ бол»  2-11 сыныптар арасында  ағарту, кеңес беру  жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде балалар зиянды әдеттер мен оның салдары туралы білімдерін кеңейтті. 

«Пиза зерттеуі» , білім алу мониторингін зерттеу  аясында 4,9 сынып,  15 жастағы балалардың сынама тест тапсыру кезеңінде және жалпы  дайындық барысында стресстік жағдайды төмендету мақсатында аутотренинг элементтері туралы айтылып, жаттығулар жасалды. 

Мектеп медбикесімен кездесіп, жалпы балалардың денсаулығы бойынша сұхбат болды, анықталғандай балалардың жағдайы қалыпты, зорлық-зомбылық көріністері бар балалар анықталмады.  Мектепішілік «Тәуекел тобы»   үйлеріне олардың эмоционалдық жағдайларын бақылау мақсатында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, барып кездесіп қайттық. Оқушылардың   ата-аналары мен балалармен әңгімелесіп, кеңестер мен ұсыныстар айтылып өтілді. Сәтсіз отбасы балаларымен де, ата-анасымен де кездесу өткізілді.  

«Ата-аналарға арналған этикалық кодекс» , «Ата-ана мен бала қарым-қатынасы және отбасындағы тәрбиелеу стильдері», «Жеткіншек жастағы суйцид, алдын алу шаралары» тақырыбында, "Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне тигізетін әсері» таныстырылым жасалынып, кеңестер берілді. «Баланың интернет тәуелділігі»  видеоролигі чатарға жіберілді. Ата-аналарға «Кәсіптік бағдар-бала болашағы» атты кеңестер өткізілді.Жеке кеңестер беру жұмыстары жүргізілді. мамандық таңдау, өзіне деген сенімсіздікті жою, оқу мотивациясын арттыру бойынша кеңестер берілді. 

Ай сайын берілетін зиянды сайт бойынша жұмыстар жүргізілді. Оқушылар мен ата-аналарға «Буллинг», «Кибербуллинг» бойынша видеороликтер жіберілді. Сақтану мен интернет қайупсіздігі бойынша кеңестер берілді. 

Қамқорлықтағы оқушының қамқоршысымен кездесіп, балалардың жағдайы бақыланды. Балалардың жағдайы қалыпты. «Сәтсіз» отбасы балаларымен де үнемі байланыс құрылған, үй жағдайы зерделеніп отырылады.

 Ұстаздар тарапынан 3 тоқсан барысында кеңес алуға деген сұраныс түспеді, дегенмен жас мамандарға кеңестер айтылып, әңгіме жүргізілді. 

Аудан тарапынан ұйымдастырылған семинарлар мен жиындарда керекті психологияық ақпараттар беріліп отырылды. 

«Сенім поштасы» мен «Сенім тефондары»   номерлері көрсетілген бұрыш ұйымдастырылған , барлық ұстаздар,  ата-аналар мен оқушыларға қолжетімді, 3 тоқсан бойынша ешқандай ақпарат түспеді.  Онлайн кеңес беру үшін байланыс номерлері, пошта мекен-жайы  көрсетілген ақпарат берілді. 3-тоқсан барысында «Сенім поштасы» мен «Сенім телефонына» хабар келіп тускен жоқ. 

                                                                                                   

Жобалық ұсыныс:

1.     Пән мұғалімдерібілім мен тәрбие беру барысында білім алушылардың жас ерекшелігі психологиясын ескере отырып, білім және тәрбие беру  бойынша заманауй  әдістерді пайдаланса және баланың эмоционалдық жағдайына баса назар аударылса;

2.     Арнайы мамандардың бірлескен жұмыс жоспары бойынша іс-шаралар жандандырылып, әрі қарай жалғастырылса;

3.     ҰБТ-ге дайындық барысында психологиялық көмек көрсету, кеңес беру жұмыстары әрі қарай жүргізілсе;

         

Орындаған Ж.Д.Китапбаева  А.К.Нуркасимова