Психолог жұмысының есебі 2021-2022 оқу жылы І тоқсан » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2021

Психолог жұмысының есебі 2021-2022 оқу жылы І тоқсан

2021-2022   оқу жылы  1- тоқсан бойынша   мектеп педагог-психологтарының жұмысының есебі


Психологиялық қызметтің мақсаты:


Ø    Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік  - психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Ø    Оқушылар арасында буллинг, кибербуллинг , психикалық денсаулыққа, репродуктивті денсаулыққа   дер кезінде көмек  көрсету;

Ø    Оқушылардың өзін тануына, айқындауына және дамытуына мүмкіндік беру, бала дамуындағы табиғи механизмдерді сақтау;

Ø    Педагогтардың, ата - аналардың  қарым-қатынас жасау біліктілігін, психологиялық  – педагогикалық жағымды дағдыларын жетілдіру. 


Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:


  • Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін - өзі тәрбиелеу және өзін - өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
  • Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардыңтабысты әлеметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
  • Білім алушыларды психологиялық - педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;
  • Психологиялық диогностиканы жүргізу және білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;
  • Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу - тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата - аналар мен педагогтерға консультациялық көмек көрсету; мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсету;
  • Білім беру үрдісі субьектілерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін көтеру.  Ұстаздар мен ата - аналардың психологиялық құзіреттілігін   арттыру;


Психодиагностика.

Оқыту мен   тәрбиелеудегі себептері   себептерді, проблемаларды анықтау    мақсатында  тұлғаның  қасиеттерін   психологиялық - педагогикалық зерттеу.

Психопрофилактика.

Қоғамдық қауіпті құбылыстар мен аурулардың  алдын алу шараларын жоспарлау, білім алушылардың  әлеуметтік – психологиялық  жат қылықтарының алдын алу.

Психологиялық кеңес беру.

Білім беру мен оқытуды  дамытуға өтініш білдірген  ересектер мен балаларға жағдайды шешуге көмек көрсету.

       Психологиялық түзету

Жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісіне қиындықтар, мәселелер, белсенді әсер етушілермен жұмыс.   Психикалық және тұлғалық   дамуындағы  ауытқуды болдырмау. 

Психологиялық ағарту. 

Психологиялық мәдениетті көтеру, психологиялық қызметке сұранысты қалыптастыру және проблемалар туралы ақпарат беру. Осы  мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында төмендегідей жұмыстар  атқардық:

1 сынып оқушыларының мектепке даярлығын тексеру мақсатында тест  жұмыстарын алып, мектепке  балаларды   қабылдауға   қатыстық. 1 сынып оқушыларының мектепке даярлығын анықтау   үшін  Йерасек-Керн тесті  пайдаланды. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным  процестері зерттелді.  Нәтижесінде оқушылардың мектепке дайындық  деңгейлері анықталып, танымдық қасиеттерінің  қалыпты дамығандығы анықталды.

Сонымен  қатар 1, 5 сынып оқушыларының жоғары буынға  ауысуы  кезіндегі   бейімделуін  анықтау  мақсатында   арнайы  бағдарлама бойынша  жұмыстар атқарылды .  Филлипс   тесті,  өзін – өзі  бағалау ,  Түзету жаттығулары жүргізілді.   Нәтижесінде 1,  5 сынып оқушыларының   жоғары сыныпқа бейімделулерінің  жеңіл өтуіне өз үлесімізді қостық.

Сондай-ақ 2-11 сынып арасында «Өзін-өзі бағалау», «Социометрия» тес ттері алынды. Нәтижесі  сынып жетекшілерге хабарланып, топ ішіндегі  балалар мен шет қалған балаларға кеңес берілді. Жаттығу жасалды. 

Сәтсіз жанұя балаларымен жұмыс   жоспары  жоспарланды. Сол жоспармен  жұмыстар атқарылуда.   Балалардың отбасылық жағдайы және  балалардың көңіл-күйлері бақыланып отырылады. 

1-11 сыныптың   оқушыларының көңіл – күйлері таңертеңгілік уақытта дәлізде бақыланады, эмоциялық жағдайлары анықталады. Сынып жетекшілерімен байланыс орнатылып, әр баланың жағдайы сұралды. 

9-11   сынып оқушыларынан   мамандыққа икемділіктері  зерттелді .   Жеке жұмыстар алынды. Мамандық бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар беріліп,  кеңестер айтылып өтілді. Нәтижесінде  оқушылар  кәсіби   бағыт-бағдар алып, болашақтағы  қалаған мамандақтырын  анықтады. 

11 сынып балаларымен ҰБТ-де дайындық кезінде кездесетін кедергілерді жою мақсатында ойын-жаттығулар ұйымдастырылып, дайындық барысында ескеру қажет  ережелер туралы айтылды.  Ата-аналарымен жиналыс - әңгіме өткізіліп, кеңестер берілді.  

Үйден оқитын оқушылар үнемі назарда. Сондықтан ерекше балалардың үй жағдайымен таныса отырып, ата-аналарына қажетті ақпараттар беріліп, кеңестер айтылды. Баланың көңіл-күйі, сабаққа деген ынтасы, мұғалімдермен қарым-қатынасы бақыланып отырылды. 

Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында  психологиялық қиындықтардың  болмауы мен алдын алуға  байланысты іс-шаралар атқарылып отырылды.

Сонымен қатар күзгі демалыс  барысында ерекше назардағы  оқушылардан «Өмір құндылықтары»  жаттығу өткізілді. Кеңестер берілді. 

Жасөспірімдер арасында суйцидтік мінез-құлықтың алдын алу бойыша іс-шаралар жүргізілді. «Өмірлік құндылықтар» , «өмір туралы»  ойларын білу мақсатында «Мен өмірді сүйемін»  эссесі, 7-11 сынып оқушыларынан «Суйцидке бейімділік зерттеу» тесті  алынды. Түзету жұмыстары жасалынды.  Осы тақырыпта ата-аналармен де үнемі әңгімелесу өткізіліп тұрады. Сынып жиналыстары мен ата-аналар жиналысында сұраныс бойынша тақырыпқа сай ақпараттар беріліп, ағарту жұмыстары да жүргізілді.  Нәтижесінде балалардың бойында  өмірге деген   дұрыс көзқарас қалыптасып,   ата-аналар  өздеріне қажетті мәліметтерді алды. 

Зорлық –зомбылықтың алдын алу мақсатында  балалармен лекция, түсіндіру жұмыстары, сақтану жолдары тақырыбында шаралар өтті.  Жасырын сауалнамалар алынды, сауалнама нәтижесі бойынша ешқандай факт анықталмады.

Мектепте «Біз біргеміз!» ата-аналар клубы құрылды.  Ата-аналарға қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалар туралы айтылып, бала қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керектігі айтылды. Ата-ана мен   бала арасындағы қарым-қатынас бойынша кеңестер айтылды.

Мектеп ұстаздарымен, жас мамандармен   олқылықтардың орнын толықтыруда балалардың психикалық қасиеттеріне назар қою, жас мамандарға буллинг, өзін ұстау, балалармен қарым-қатынас бойынша кеңестер берілді. 



Ұсыныс:

1. Білім алушылардың  эмлцианалдық жағдайларына баса назар аударылып, келеңсіз оқиғалардың               алдын алу жұмысы әрі қарай жүргізілсе;                                                           

 2.Ата-аналармен, ұстаздармен жұмыс жандандырылып, жаңаша талаптарға сай өткізілсе;




Орындаған       Р.Темірханұлы 

                       Ж.Д.Китапбаева 

2021-2022-ou-zhylyna-1-tosan-esep-docx.docx [21,27 Kb] (cкачиваний: 66)
Посмотреть онлайн файл: 2021-2022-ou-zhylyna-1-tosan-esep-docx.docx 2021-2022-ou-zhylyna-1-tosan-esep-docx.docx [21,27 Kb] (cкачиваний: 66)
Посмотреть онлайн файл: 2021-2022-ou-zhylyna-1-tosan-esep-docx.docx