Психолог жұмысының есебі 2021-2022 оқу жылы ІІ тоқсан » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2022

Психолог жұмысының есебі 2021-2022 оқу жылы ІІ тоқсан

«Алматы облысы білім басқармасы Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі«Ш.Уәлиханов  атындағы   орта  мектебі» коммуналдық   мемлекеттік   мекемесінің    педагог-психологтарының

2021-2022  оқу  жылы 2   тоқсан бойынша  қызметі  туралы   есебі


Психологиялық қызметтің мақсаты:

  • Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік  - психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
  • Оқушылар арасында буллинг, кибербуллинг , психикалық денсаулыққа, репродуктивті денсаулыққа   дер кезінде көмек  көрсету;
  • Оқушылардың өзін тануына, айқындауына және дамытуына мүмкіндік беру, бала дамуындағы табиғи механизмдерді сақтау;
  • Педагогтардың, ата - аналардың  қарым-қатынас жасау біліктілігін, психологиялық  – педагогикалық жағымды дағдыларын жетілдіру. 
     

Мектеп педагог-психологтарының 2 тоқсан барысында оқушылардың эмоционалдық жағдайларын бақылау мақсатында таңертентенгілік уақытта бааларды қарсы алып, жағдайлары сырттай бақыланды.

Бастауыш сыныптар бойынша «Отбасы суреті» проективті тест, «Кактус» әдістемесі 3-4 сынып , 2 сыныпта мектепке мотивация  алынды, нәтижесі өңделді. 1 сыныптарда ес, зейінді диагностикалау өткізілді. 3-4 сыныптарда  «Мен қарым-қатынаста қандаймын» тесті, «Жақсы көңіл-күй» жаттығуы, кинезиалогиялық жаттығулар өткізілді. 

9,10,11 сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығы анықтау диагностикасы жүргізіліп, балаларға таныстырылды.  Мамандық таңдау бойынша кеңестер оқылып, «Менің сүйікті мамандағым»   жаттығу өткізілді. 

1,5 сынып оқушыларының мектепке мотивациясын анықтау үшін Лусканованың әдістемесі, өзіндік бағалауын білуде «Ағаштағы 20 адам» тест  қолданылып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде балалардың оқу мотивациясы  және өзіндік бағалауы  қалыпты екені анықталды. 

Мектебіміздің инклюзив оқушысымен онлайн әңгіме өткізіліп, дамыту жаттығулары сілтемелері  ватсап желісі арқылы жіберілді. Сонымен қатар ПМПК –дан өту үшін  инклюзив балаға педагогикалық-психологиялық мінездеме беріліп, баланың  ата-анасына ПМПК бойынша кеңес берілді. Инклюзив оқушының ата-анасымен кездесу болып өтті, кездесу барысында баланың эмоционалдық жағдайы, қарым-қатынас, білім алудағы қиындықтары туралы әңгіме өткізілді. Педагог-дефектологпен байланыс құрылды.

Үйден оқитын оқушыға сабақ беретін ұстаздарға ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыста   қоданылатын әдіс-тәсілдер бойынша ағарту жұмыстары жүріп өтт».  Сондай-ақ   «Менің мерекелік көңіл-күйім» үйден оқитын оқушымен онлайн әңгіме өткізілді.  Әңгіме барысында оқушының көңіл-күйі жақсы, оқуға ынтасы жоғары, отбасымен қарым-қатынасы дұрыс екені анықталды.  Үйден оқитын оқушының ата-анасымен байланыс орнатылып, баланың жағдайы туралы білдік. Қазіргі уақытта жағдайы қалыпты екені анықталды және ұстаздарымен қарым-қатынасы жақсы екенін білдік.

Жалпы ата-аналарға  «Қауіп-қатер жөнінде балалардың естеріне салу ата-ана міндеті»  презентация жіберілді «Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақыт мекені»   ата-аналарға кеңес берілді.

Ата-аналарға да бала тәрбиесіне байланысты  мағлұматтар мен ұсыныстар айтылып  отырылды. Ата-аналар жиналыстарында  «Зорлық- зомбылықсыз балалақ шақ» , «Суйцидтік мінез-құлық» тақырыбында таныстырылым көрсетіліп,  ата-аналарға балаларда қоршаған ортамен қарым-қатынаста   кездесетін буллинг пен психологиялық, физикалық зорлық-зомбылық түрлері мен интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік туралы айтылып, ескертілді. Алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.  «Балаңыздың кәсіби бағыттылығы» кәсіптік бағдар бойынша кеңестер айтылды.

Жасөспірімдер арасында  суйцидтің алдын алу жұмысы негізінде диагностикалық жұмыстар алынды. Оған «Жеке  жағдайға байланысты алаңдаушылық шкаласы» Басса Даркий әдістемесі  6-9 сынып , Королева  әдістемесі  6-11 сынып, Өзіндік бағалауға  баға беру «Ағаштағы 20 адам»  бейнесі, М.Фергюсон мен Д.Расселдің жалғыздықтың сезімінің анықтау әдістемес 9-11 сынып , «Жеке  жағдайға байланысты алаңдаушылық шкаласы» Ц.Д.Спилбергер-Ю.Л.Ханин , «Үй, ағаш, адам» проективті тесті 5-9 сыныптар  қатысты. Нәтижесінде депрессиялық көрсеткіш көрсеткен оқушылармен анықтау мақсатында әңгімелесу атқарылды. 

Оқушыларға  «Жақсы мінез – жан айнасы»  тақырыбында 8-11 сыныптарға   видеослайд  берілді . «Интернетпен жұмыс барысындағы қайіпсіздік», «Діни экстремизм мен терроризм» бойынша әңгіме өткізіді. Жасөспірімдер күнделікті өмірде жаңа жайттарға және мәселелерге тым жиі тап болатын кезең. Өмірлік тәжірибесі болмағандықтан,  тіпті болмашы мәселенің өзі жасөспірімдерде стресске, депрессияға ұласуы және суицидалды мінез-құлыққа апаруы мүмкін. Осы кезең бойында денсаулыққа қауіпті мінез-құлық түрлері өрбуі ықтимал,  олар жасөспірімдік жаста орнығып алып, ересек кездеде жиі сақталып, әрі қарайғы өмірде психикалық денсаулыққа және амандыққа ықпал етеді. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдың алу мақсатында мектеп психологы тарапынан   балалар мен ата-аналарға қашықтықтан оқуға байланысты Whattsap чаты арқылы слайд, видеороликтер мен  You Тube каналының тақырыпқа сай сілтемелері жіберіліп отырылды. Атап айтсақ, мектебіміздің 6-11 сыныптары аралығында «Денсаулықтың құпиясы неде немесе 9 қарапайым ереже»,«Өз көңіл-күйіңді қалай басқаруға болады?»,  «Көңіл-күй күйзелісі деген не және одан қалай шығуға болады?»,    «Мақсат қою және оған жету жолдарын білесіз бе?», «Депрессия», «Депрессияға әкелетін қатерлі факторлар!»,   «Стрессті еңсеру құпиялары»,   «Сенімділікті қалай арттыруға болады?», «Зорлық- зомбылықсыз балалақ шақ»,   «Әлімжеттік»  тақырыбында ссылкалар жіберіліп, балаларға көрсетілді. 

Сондай-ақ «Біз неге ашуланамыз?», «Бәрі өзіне байланысты» видеосы мен «Ашуды және стрессті басуға арналған аутотренинг элементтері» мен «Жақсы мінез –жан жан айнасы» тренинг элементі бар жаттығу түрлерімен 7-9 сынып оқушылары танысып өтті.

Мектепішілік «Тәуекел тобы»   және «Ресурс» «Жанұя»  психологиялық қоғамы жүргізген   тестілеу бойынша анықталған оқушылар саны жаңаланып, балаларды бақыау жұмыстары жүргізілді. . 

Сәтсіз отбасы балаларымен де үнемі әңгіме жүргізіледі, ата-анасымен де кездесу  тоқсан сайын өткізіліп, ата-анамен кеңес, ұсыныс беру  өткізілді.  

Әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып ерекше назардағы балалардың жағдайы бақыланды.  Бірлесе отырып, балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысы қадағаланады. 

9, 10,11  сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді. “Мамандық   таңдау  -  болашақ   өмірге  бастама” тренинг – жатығу 9 -11 сыныптарда өтті.

ҰБТ тапсыратын оқушыларға ватсап желісі арқылы слайд «Мақсаты дұрыс қоя білу» жіберілді. Сонымен қатар мамандық таңдауда табандылық танытып, мамандық таңдауда нақты өздерінің икемділіктеріне қарай таңдау керектігі туралы айтылып, жеке кеңестер берілді. 

Дарынды балалардың қабілеттіліктерін анықтау мақсатында Алматы облысы білім басқармасы «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының «Qabilet» қызметі жобасы аясында 5-6 сынып оқушылары тест тапсырылды. Жобаның мақсаты –  балалардың дарындылығын анықтайтын диагностиканы жүргізуДиагностикалау арқылы баланың дарындылығын дамытуға бағытталған нақты кеңестер айқындалады.        

Осы жобаны  жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы білім басқармасы тарапынан а.ж. 18 қазан күнінен № 42-42/198 хаты жолданды, хатта белгіленген тапсырманы орындау үшін «Жетісу дарыны» орталығы мен мектептер арасында өзара әрекеттестік орната отырып, 10-11 жастағы балаларды диагностикалау арқылы дарындылығын дамытуға кеңестер беру.
 ХХІ ғасырда дарындылықты анықтайтын «4К» деп басты төрт құзыреттілік  белгіленген:   креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік. 

Диагностика сынып жетекшілері, ата-аналар  арқылы  балалармен онлайн  тестілеу арқылы жүргізілді. Қабілеттерді анықтаудың негізгі құралы – тестілеу. Тестілерді психологиялық диагностика саласындағы отандық сарапшылары әзірлеп,   бейімдеген. Мектеп бойынша 29 бала өтіп, кеңестерді алды. 

Мектепішілік семинарларда «Білім алушының оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою жұмыстарында баланың психологиялық ерекшеліктерін ескеру және танымдық қабілеттерін дамыту»,  «Дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін жетілдіру және қолдап-қуаттау үшін  жағдай жасау» тақырыптарында таныстырылым  және жас мамандарға «Мен ұстазбын»   кеңестер беру  , зейінді аудару, бірлесіп жұмыс жасау қабілеттерін жоғарылататын жаттығулар кешені жұмыстары өткізілді. Сынып жетекшілері семинарында                             «Жасөспірімдердегі суицидтік мінез құлықтың белгілері, себептері және оған       әсер етуші      факторлар» атты таныстырылым көрсетіліп, ағарту жұмысы өткізілді. Әр сынып жетекшісімен тығыз байланыс құра отырып, сыныптағы балалардың және ата-аналардың сұранысы бойынша   жұмыстар жүргізіледі.  Аудан психологтары кездесуінде «Жасөспірімдердегі суицидтік мінез құлықтың белгілері, себептері және   оған әсер етуші факторлар.  Алдын алу шаралары» тақырыбында презентация көрсетілді.  

«Зиянды сайт» тексеру жұмыстары өткізіліп, балалардың деструктивті сайттарда тіркелмегені анықталды, 8-18-28 күндері ауданға ақпарат беріліп отырылды.  

«Сенім поштасы» мен сенім тефондары  номерлері барлық ұстаздар,  ата-аналар мен оқушыларға жіберіліп таныстырылды. Онлайн кеңес беру үшін байланыс номерлері көрсетілген ақпарат берілді. 2-тоқсан барысында «Сенім поштасы» мен «Сенім телефонына» хабар келіп түскен жоқ. 


Жобалық ұсыныс:

1.  Оқушыларды психологиялық – педагогикалық зерделеу, шығармашылық әлеуетін дамыту, психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру әрі қарай жүргізілсе;

2.  Психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету жұмыстары жандандырылып, жүргізілсе;


Орындаған:  Ж.Д.Китапбаева  А.К.Нуркасимова