1 сыныпқа қабылдау мәліметі » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2022

1 сыныпқа қабылдау мәліметі

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. 2022- 2023 оқу жылына 1 сыныпқа білім алушыларды құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуір айынан басталды.

1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданатыны, сонымен бірге, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алатыны ата- аналарға ескертіліп айтылды.

Мектете ата – аналарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіліп отыр

Қандай құжаттар қажет екенін азаматтар біледі

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)

Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты біліп олтырады.

Мектептің болжамы бойынша қазақ сыныбына 22 білім алушы, орыс сыныбына 2 білім алушы келеді деп отырмыз.
Қазіргі күнде барлығы 18 ббала қабылданды, оның 16 қазақша, 2 –уі орысша топқа өтініштерін беріп отыр.