Жалпы ата- аналар жиналысының хаттамасы: » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2022

Жалпы ата- аналар жиналысының хаттамасы:

«Алматы облысы білім басқармасыныңЕскелді ауданы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Жалпы ата- аналар жиналысының


                                                        Хаттамасы:

14-қаңтар, 2021-2022 оқу жылы


Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

  1. Қысқы каникулдің аяқталуы,  3 -тоқсанның басталуы туралы 

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова

  1. «Ата-ана мен бала қарым- қатынасы және отбасындағы тәрбиелеу стильдері» таныстырылым

мектеп психолгі Ж.Д.Кітапбаева

  1. «Бала қауіпсіздігі басты назарда» елімізде болып жатқан жағдайға байланысты түсіндіру жұмысы

   Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова

  1. Санитарлық талаптардың сақталуы

       Мектеп медбикесі Құрманғали Жанар

І. Тыңдалды:

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова сөз алып, ІІІ тоқсанның басталуы туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы ҚР Президентінің 2022жылғы  5 -қаңтардағы №725,726,727,732,733,734-740Жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығының негізінде Ескелді ауданы білім бөлімінің басшысы М. Бектуровтың 2022 жылғы 6 қаңтардағы     02-н бұйрығымен таныстырды.

Онда:

  1. Білім беру ұйымдарында қысқы каникул 2022 жылғы16 қаңтарға дейін ұзартылсын, 2022 жылғы 17 қаңтар үшінші тоқсанның бірінші күні болып анықталсын;
  2. Қысқы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданып, сақталсын,- делінген.

Осы бұйрық негізінде балаларды оқу құрал жабдықтарымен толық қамтамасыз етіп және санитарлық талаптарды сақтай отырып , мектепке жібересіздер. Балалардың киімінің, үстінің тазалығына мән берулеріңізді сұраймыз. 

Ата аналар тарапынан сұрақтар болған жоқ.


ШЕШІМ:

  1. Білім алушыларды   2022 жылғы 17- қаңтардан бастап санитарлық талаптарды толық сақтай отырып, оқу құрал -жабдықтарын түгендеп мектепке жіберу ата -аналар тарапынан орындалсын.

2. ТЫҢДАЛДЫ:

«Ата-ана мен бала қарым- қатынасы және отбасындағы тәрбиелеу стильдері» таныстырылым

       Мектеп психолгі Ж.Д.Кітапбаева ата аналарды презентация бойынша Отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде кеңестер берді.

 Психология ғылымында «ата-ана мен бала қарым- қатынасы» түсінігімен отбасындағы тәрбиелеу стильдерінде, ата-аналардың рөлдері мен бағдарларына көрініс беретін балалармен барлық қатынас түрлері анықталады.

Ата-аналар бала өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін адамдар болып табылады.

Психологиялық әдебиеттерде әке мен шешенің балаға эмоционалды қатынасын анықтау үшін «ата-ана позициялары» түсінігі де қолданылады. Ол нақты әке мен шешенің өз баласына қатынасы мен жалпы барлық балаларға деген көзқарастарын білдіреді.

      Психологияда отбасындағы тәрбиелеу стильдері 3 түрге бөлінеді.

1.Авторитарлық

2. Тәрбиедентысөзеркінежіберу. (Попутительски либеральный)

3. Демократиялық

Отбасытәрбиесіндегікемшіліктерді, отбасыкездестіріпотырғанқиыншылықтардыжеңумақсатымен, ата-аналарментығызбайланысорнатуқазіргімектептіңеңбастыміндеті. Отбасытәрбиесіата-аналарықпалыменжүзегеасатынқоғамдықтәрбиеменұштас. Отбасыөміріматериалдықжәнеруханипроцестерменсипатталады.

Әрбір нақты жағдайда мектеп, мұғалім, сыныпжетекші ата – аналарға қателердің зардаптарын көрсете білу тиіс, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде ата- аналармен бірлікті оңды нәтижеге жету үшін күш салу тиіс.

Ұлыпедогог В.А.Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» кітабында былай дейді. Бала жанұяның айнасы; біртамшы суда күнсәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларға сондай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті әр балаға бақыт сыйлау.

Бақыт алуан қырлы. Тек ата-аналармен бірлесіп ортақ күш-жігер жұмсағандағана мұғалімдер балаларға зор адамдық бақы тбере алады.


ШЕШІМ: 

1.Ата ана мен мектеп арасында тығыз байланыс орнатылсын

3.ТЫҢДАЛДЫ

«Бала қауіпсіздігі басты назарда» елімізде болып жатқан жағдайға байланысты түсіндіру жұмыс

 Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова

ата аналарға балаларды кешкі уақытта бей берекет көшеде жүрмеуін қадағалау қатаң тапсырды. Елімізде туындап жатқан төтенше жағдайларға байланысты балаларыңызбен ой бөлісіп, ақылдарыңызды айтып отыру баланы келеңсіз жайттарға ұрынып қалудан сақтайды,-  деп ескертіп өтті Г.Маратқызы Кешкі рейд күнделікті жүргізіледі, сағат   ден кейін балалардың көшеге шықпауын қадағалауды баса айтты.

ШЕШІМ: 

1. Ата аналарбала өмірінің қауіпсіздігіне тиісінше көңіл бөлсін


4.ТЫҢДАЛДЫ :

«Санитарлық талаптардың сақталуы»

      Мектеп медбикесі Құрманғали Жанар сөз алып, мектептегі санитарлық талаптардың орындалуы туралы ата аналарға айтып өтті.

Ертеңгісін мектепке келген әр оқушының дене температурасы өлшенеді , сонымен бірге тазалық тексеріледі. Балалар мектепте міндетті түрде бетпердемен жүруі керек. 

ӘР оқушыда 4-5  бетперде болуы керек. Мектепке кіре берісте және әр кабинетте антисептиктер бар. Балалардың қолдарын жууын және бетперде киюін, ауыстырып отыруын сынып жетекшілер қадағалап отырады.

ШЕШІМ:

  1. Мектепте балалардың санитарлық талаптарды қатаң сақтауына ата аналар  да үлес қоссын.




Хатшы:---------------------------------------------

14.01.2022 жыл