«Құқық бұзушылықтың алдын- алу»
«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын- алу» құқықайлығына арналған іс-шараларға мәлімет 2022 жыл
Аталған мектеп бойынша 01-28 ақпан аралығында «Құқық бұзушылықтың алдын- алу» құқық айлығына арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Айлыққа байланысты арнайы бұйрық шығарылды. «Заңды білу- заман талабы» тақырыбында құқық айлығының апталығының ашылуына арналған видеоролик жасалып сыныптардың чаттарына жіберілді. Мектеп кітапханасында кітапханашы Н.Айнабаева «Құқықтық- әділет пен парасат жолы» атты бұрыш ұйымдастырды. «Құқықтық білімнің маңызы зор» оқушылардың қатысуымен бейнебаян дайындалып сынып жетекшілер арқылы оқушыларға жолданды. 03 ақпан күні директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М. Дарменбекова, мектеп психологі Ж.Д Кітапбаева және әлеуметтік педагог Пәйзолла Жұлдыз мектепішілік тіркеудегі және сәтсіз отбасы,тәуекел топ тіркеуіндегі оқушыларының бос уақытының тиімді ұйымдастырылуын бақылау мақсатында балалармен ашық әңгімелер жүргізді. «Жүрек жылуы» атты жылы лебіздерін білдірді. 04 ақпан күні барлық сыныптарда «Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлу туралы» сынып жиналыстары өткізілді. 07 ақпан күні «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» барлық сыныптарда ашық сынып сағаттары өтті. Барлық сыныптар «Бала құқығы- асыл қазына» қабырға газеттерін шығарды. М.Ж. Байжанова «Құқықтық білімінің маңызы зор» дебат турнирі, пікір алмасу өткізу. Мектеп психологтері психологиялық көмекке мұқтаж кәмелетке толмағандарды ерте анықтау (психодиагностика) девиантты мінез-құлқы жасөспірімдердің психодиагностикасын жүргізді. «Жасөспірім және жыныстық қол соғушылықтың алдын алу қыздармен жұмыс жүргізілді. Видеоролик көрсетіліп,түсіндіру жұмыстары жүргізілді. АӘД пәнінің мұғалімі Е.Н.Жантасов зиянды әдеттер, наркопост жұмысын жүргізді. «Құқықтық сана- қауымға пана» жобасы бойынша директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова мен 10 «А» сыныбының жетекшісі Қ.Ұ.Акмолдаева«Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?» тақырыбында 9-10 сыныптар арасында дөңгелек үстелөткізді. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша жоғарғы сынып оқушыларына жиналыс өткізілді. Аудандық ЮПТ инспекторы С. Т. Мансуров келіп, сынып оқушыларына кіріп тұрып қылмыстың алдын алу бағыты, ұсақ қылмыстар, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың әрекеттер туралы жан- жақты айтып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.16 ақпан күні «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен жауапкершілігі» ата-аналарға арналған семинаржоспарланған, бірақ санитарлық талаптардың сақталу барысын қамтамасыз ету мақсатында онлайн форматында zoom платформасында осы тақырыпта бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізілді. 21 ақпан күні «Тәртіпке бағынған құл болмас» деген тақырыпта ұл балалармен тәлім- тәрбие бағыты бойынша, нақыл сөздерді айтып, мысалдар келтіре отырып ашық әңгіме жүргізілді. 22 ақпан күні А.Т.Бозова «Заңды білу заман талабы» сурет байқауын ұйымдастырды. 23 ақпан күні оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, суидцитті алдын алу жұмысының жағдайын бақылау бойынша мектеп психологі Ж.Д.Кітапбаева жұмыс жүргізді.
Мектеп директоры: Ш.К.Бозов
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Г.М.Дарменбекова