Құқық бұзушылықтар профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары негізінде жүргізілген іс- шаралар туралы мәлімет » "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш орта мектебімен"КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Құқық бұзушылықтар профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары негізінде жүргізілген іс- шаралар туралы мәлімет
12
январь
2022

Құқық бұзушылықтар профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары негізінде жүргізілген іс- шаралар туралы мәлімет

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бойынша құқық бұзушылықтар профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған   кешенді жоспары негізінде жүргізілген іс- шаралар туралы мәлімет


Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтар профилактикасы

 Мектеп бойынша іс- шара жоспарын құрылып, бекітілген. Мектеп бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балалармен құқық бұзушылықтың алдын алау шараларын өткізу мақсатында  түрлі іс- шаралар өткізілді. Кәмелетке  толмағандар   арасында  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыздықтың  және   панасыз  қалудың алдын алу» бойынша 8- 11 сынып оқушыларымен   оқушылар жиыны өткізілді.   Жиналыста  мектеп оқушыларының тәртібі, тазалығы , кәмілеттік жасқа толмағандар арасында  бүгігі күнде қылмыстың көбеюі,  жас балалардың ата- анасынсыз сыртка /қалаға т.б/ шығып жүруі, қадағалаудың жоқтығы жайында айтылды. Сонымен қатар жиналыста алғанЕскелді    АІІБ- ң КТІЖБ- ң инспекторы    полиция лейтенанты  Ж.М.Дюсенбинов пен АІІБ- ң КТІЖБ- ң инспекторы    полиция  капитаны К.К. Рахметов есірткі және басқа зиянды заттардың алдын алу үшін әр түрлі шаралар шасап, оқушы жастар арасында нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекі шегушілікке қарсы, әртүрлі зиянды әдеттерге тәуелділіктің алдын алу үшін білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметті жандандыру қажеттілігін  айтты.  Бүгінгі   күнде  кәмелеттік  жасқа   толмағандар  арасында  қылмыстың   көбею  салдарын  айтып   түсінік  берді. Ата- аналар мен оқушылар үшін тақырыптық стенттер   рәсімделді.  Зорлық- зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсететін мемлекеттердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалары ата- аналар жиналысында   ата- аналарға кітапша ретінде   таратылып берілді. 8-9 сыныптар арасында   9 «А» сыныбының жетекшісі  Қ.Ұ. Ақмолдаеваның ұйымдастыруымен  «Әр бала Қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында презентация көрсетілді. Сонымен қатар мектептің ер мұғалімдерінің қадағалауымен кешкі уақытта рейд ұйымдастырылған. Мектепте сенім телефоны, сенім жәшігі ұйымдастырылған. Мектеп психолгтері  Руслан Темірханұлы  мен Ж.Д.Кітапбаева үнемі қарап, қадағалап тұрады.  9-11 сыныптар арасында «Әлемді зорлық- зомбылықсыз құру жолдары» атты үздік эссе байқауын ұйымдастырып, өткізілді. Байқау жеңімпаздары мектепішілік мақтау қағаздарымен оқушылар жиынында марапатталды. 

«Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ»  республикалық  науқанын ұйымдастыру  және өткізу бойынша іс- шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Қоғамның назарын балаларды қатыгез ұстау мәселелеріне аудару және балаларды қатыгез ұстау, тәрбиелеудің зорлық  әдістеріне жол берілмеу туралы ақпаратты тарату үшін мектеп психологі Руслан Темірханұлы     жоғарғы 9-11 сынып оқушыларынан  зорлық зомбылықтан зардап шеккен балаларды анықтау мақсатында арнайы сауалнама алды. Сауалнама нәтижесінде зорлық зомбылықтан зардап шегіп жүрген балалар жоқ болып шықты. Барлық сыныптардың сынып жетекшілері «Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу, Ата- аналар үшін жадынама» ата- аналарға ақыл кеңес беру үшін кішкентай кітапшалар, жадынамалар таратылып берілді. Мектептің жас ұлан ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Ойнап, күліп жүрейік » тақырыбында үлкен үзіліс кезінде флеш- моб өтті.  Барлық сыныптарда «Әр бала зорлық- зомбылықсыз шаққа құқылы» атты  оқушылар жиынында плакаттар даярлап, оны қорғады.   Сол сияқты «Зорлық зомбылыққа бірге төтеп берейік» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 20 қараша күні Б.Б.Есмуратованың ұйымдастыруымен «Балалық шақ қорғалуда» ашық тәрбие  сабағы өтіп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.       23.11.2020 ж  АІІБ-нің ЮПТ- ның   полиция капитаны Н.Нусипжанов    9-11 сынып оқушыларымен ашық әңгіме жүргізілді. Жиналыс  9-11 сынып оқушыларынан  кәмілетке толмаған жастар арасында әлімжеттілік және құқық бұзушылықтың алдын алуы және ұсақ бұзақылық тақырыбында жүргізілді. Әр сыныпқа кіріп  оқушылармен   «Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерінің  алдын   алу  жолдары», бүгінгі  күндегі   жасөспірімдер арасында жиі орын алатын қылмыс әрекеттеріне тоқталып (ұялы телефон ұрлау, оқушылар арсында ақша жинау, ұрлық, нашақорлық, темекі тарту, насыбай ату), оларға қатысты қандай жаза қолданатындығы туралы айтып әңгіме сұхбат жүргізді. Оқушыларға сабақатан себепсіз қалуға болмайтындығын  ескертті. Ата- аналарынсыз сыртқа, қалаға т.б. жерлерге бармауына ескерту жасады. Себебі бүгінгі күнде мектеп оқушыларының жоғалып кетуі де орын алып турғандығын айтып ескерту жасады. Сонымен қатар сәтсіз отбасылар- Қанабатырова мен Селивановалардың үйіне барып аралап, аналарымен әңгімелесіп қайтты. Бұл отбасылардың үйлерін тексере келе Қанабатырова Камчатты бала тәрбиесімен дұрыс  айналысып, ішімдік ішпейтіндіктен тіркеу есебінен алынады деген пікірлерін айтып кетті.  Мектептің   педагог- ұйымдастырушысы Н.М.Бугенбаева үнемі балалардың сабаққа келуін қадағалап, тексеріп, тіркеп отырады. Сабақтан қалған балалардан анықтама және түсінік талап етіп,  қадағалап отырады. Себепсіз сабақтан қалатын оқушы жоқ.   А.Т.Бозованың  ұйымдастыруымен  «Зиянды әдеттерге қарсы тұру», «Денсаулық- зор байлық» атты плакат, сурет байқауы өтті. Жетістікке жеткен оқушылар мектепішілік мақтау қағаздарымен мараптатталды. 

Мектеп психолгтері А.Нуркасимова мен А.Латаева сәтсіз отбасылар Селиванова мен Қанабатырованың үйіне барып, тұрмыс жағдайын тексеріп, аналарымен ашық әңгіме жүргізді. Сол сияқты психологиялық тенинг өткізді.    А.А.Рахимова «Отбасында  зорлық- зомбылық жоқ» шебер сынып өткізді.   Г.А.Искакова мен А.К.   Қайранбекова  оқушыларға отбасылық құндылықтарды насихаттайтын  жағымды бейнетаспалар арқылы видеолар көрсетіп, балалардың алған әсерлерімен бөлісті.  «Түнгі қаладағы балалар»  кешкілік рейдке  кезекші мұғалімдер шығып, қадағалау, бақылау жұмыстарын жүргізді. Кешкілік уақытта көшеде жүріп ұсталған балалар болмады. Елді мекендерде тұратын , яғни Ақешкі, Ақтұмадан қатынап оқитын оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымал ұйымдастырылған. Балалардың  келуі, мектептен қайтуы кезекші мұғалімдермен және мектеп әкімшілігімен қадағаланып тұрады. Мектепке жаңа автобус берілген.  Өткізілген шаралардың құжаттары, анықтама, мәліметтері жинақталды. 

Сонымен қатар оқушы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы кезінде өткізілетін іс- шаралар жоспары  құрылып, бекітілдіЖоспар бойынша:«Жүрек жылуы» өмірдің қиын жағдайына тап болған сәтсіз, жетім, мүгедек балалардың қатысуымен тақырыптық кеш өткізілді. Бұл кеште мектеп психолгтері А.Латаева мен А.Нуркасимова  психологиялық тренинг өткізді. «Адамгершілік пен мейірімділік» тақырыбында видеоролик көрсетілді.  Дефектолог  Г.Утемисова   мүгедек балалармен саусақ моторикасына арналған жаттығу. «Тілек открыткасын» жасатты.  Бұл шара кезінде қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен бұл шараға ауыл әкімшілігі, ауыл мешіті, жалпы ауыл тұрғындары да қатысып, өз үлестерін көрсетті.Түскен қаражатқа  40 оқушыға киім- кешек алынып берілді. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен   шағын концерттік бағдарлама қойылды.   

      Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде оқушылардың сана сезімдерін қалыптастырудың жолдары тақырыбында 7-11 сынып оқушыларының ата- аналарымен бірлескен жиналыс өткізілді. Жиналыста оқушыларға масүнемділік, нашақорлық, әлімжеттілік жайлы видеолар көрсетіліп, балалармен ашық әңгіме жүргізілді. Аудандық  АІІБ-нің ЮПТ- ның    полиция лейтенанты Ж.М.Дюсенбинов және ауыл молдасы Қ.Т. Тұрысбаев   қатысты. Балаларға ақыл- кеңес беріп, әр түрлі тақырыпта әңгіме айтты. «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмысын нығайтып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,  жоғарғы моральдық- этикалық нормалар мен құндылықтарды арттыру мақсатында «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» марафонына байланысты тақырыптық іс- шаралар жоспарлы түрде өткізілді. Барлық сыныптарда  «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» тақырыбында ашық сынып сағаттары өтті. Мектеп   психолгтері «Тұлғаны жан- жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының  бірі- құқықтық тәрбие» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар- ұждан бостандығына, адалдық пен мейірімдікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Бұл тренингке 6-7 сынып оқушылары қатыстырылды. 9 «Б» сыныбының жетекшісі К.А.Айдарованың ұйымдастыруымен «Заңды білу- құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі» атты шебер сынып өткізілді. Балаларға слайт көрсетілді. Тақырып бойынша оқушылар өз ойларын айтып, көріністер қойды. Кәмелетке толмағандармен жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық, жыныстық жүгенсіздік, зорлық зомбылықтың етек алуымен күресу мақсатында жас ерекшеліктеріне байланысты видеороликтер көрсетіліп, ашық әңгіме жүргізілді. Мысалы: 3-4 сыныптарға ұсақ қылмыстар, оның алдын алу жолдары туралы. 5-7,8-11  сыныптарға насыбайдың  жасалу жолдары, зияны, темекі мен ішімдіктің адам ағзасына кері әсері, балалар арасындағы  зорлық зомбылық пен әлімжеттіліктің алдын алу тақырыбында балаларға ақыл- кеңес берілді. 8-9   сыныптар арасында 19 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.А.Теңселбаеваның ұйымдастыруымен «Мен өз құқымды білемін» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті. Байқау қорытындысы шығарылып,жүлдегер атанған оқушылар  мектепішілік мақтау қағазымен марапатталды.  Атап айтатын болсақ:  Ерғалиева Мадина, Дарюбаева Ақбота, Жігер Ақбота 1 орын, Мырзағали Ақпейіл, Елтай Елдос, Манат Айдана, Шинболатова Алиша 2 орын, Жұмабай Алуа, Томпай Майса 3 орын иеленді.

Сәтсіз отбасынан шыққан Селивановтардың  отбасына рейд жұмыстарын жүргізіп, балалардың тұрмыс жағдайы, үй- ішіндегі қарым- қатынас жағдайы тексерілді.  «Заң және мен» тақырыбында плакаттар байқауы өтті. 5-11 сыныптар арасында өткен бұл байқауда әр сынып өз плакаттарын қорғады.  Мектеп оқушылары арасында қылмысқа қарсы күрес шараларын жиі тексеріп, қалыптастыру үшін ер мұғалімдер арасында кешкілік уақытқа кезекшілік ұйымдастырылған болатын, өз міндеттерін орындап ер мұғалімдер кезекшілікке шығып тұрды. Кешкі уақытта көшеде жүріп, тәртіп бұзып, тізімге алынған  оқушы болмады.  8-11 сынып оқушыларынан  мектеп психолгтері  «Мен өмір сүретін орта» жасырын сауалнама алынды.  Айлық бойынша жоспарланған іс- шаралар өз деңгейінде өтті. 



Мектеп директоры:                                                      Ш.К.Бозов

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары:          Г.М.Дарменбекова