«Құқықтық сана –қауымға пана» жобасы бойынша жүргізілген іс- шаралар туралы мәлімет
«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Құқықтық сана –қауымға пана» жобасы бойынша жүргізілген іс- шаралар туралы мәлімет
Аталған мектеп бойынша «Құқықтық сана- қауымға пана» жобасының жоспары құрылып бекітілген.
Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылының 8 қыркүйек күні жоба бойынша жұмыс «Құқықтық сана – қауымға пана». Оқушының мінез – құлық ережелері» «Жол жүру ережелерін еске түсіреміз!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілер оқушылардың жолда жүру ережелерін қатаң сақтау үшін презентациялар көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 10 қаңтар күні жоба аясында тарих және құқық пәнінің мұғалімі Д.Т.Кыдырманованың ұйымдастыруымен «Құқықтық сана-қауымға пана» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. «Құқықтық сана- қауымға пана» жобасы бойынша директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова мен 10 «А» сыныбының жетекшісі Қ.Ұ.Акмолдаева «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?» тақырыбында 9-10 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізді. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша жоғарғы сынып оқушыларына жиналыс өткізілді. Аудандық ЮПТ инспекторы С. Т. Мансуров келіп, сынып оқушыларына кіріп тұрып қылмыстың алдын алу бағыты, ұсақ қылмыстар, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың әрекеттер туралы жан- жақты айтып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.16 ақпан күні «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен жауапкершілігі» ата-аналарға арналған семинаржоспарланған, бірақ санитарлық талаптардың сақталу барысын қамтамасыз ету мақсатында онлайн форматында zoom платформасында осы тақырыпта бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізілді. 21 ақпан күні «Тәртіпке бағынған құл болмас» деген тақырыпта ұл балалармен тәлім- тәрбие бағыты бойынша, нақыл сөздерді айтып, мысалдар келтіре отырып ашық әңгіме жүргізілді. Жоба бойынша жұмыстар жалғастырылады.


Мектеп директоры : Ш.К.Бозов
Орындаған ДТЖО Дарменбекова Г.М.