21.01.2022 жылғы № 53 хатқа МӘЛІМЕТ » "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш орта мектебімен"КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2022

21.01.2022 жылғы № 53 хатқа МӘЛІМЕТ

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 21.01.2022 жылғы  № 53 хатқа МӘЛІМЕТ


  1. Аталған мектеп бойынша 
  2. Дәстүрлі емес діни ағымдардың бала тәрбиесіне кері әсер беретін  үгіт насихат жұмыстары  мектебімізде  орын алған жоқ. . 22 қараша күні Республикалық АТТ мүшесі дінтанушы, психолог Ұанат Маратұлы мен ауыл имамаы Тұрысбаев Куатбек қажы  мектеп оқушыларына «Діни экстремизм дегеніміз не?» тақырыбында және Ұялы телефондардың зияны туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Оқушылар арасында қазіргі таңда әлемнің түкпір –түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға байланысты  сұрақтар қаралып талқыланды. Балаларға имандылық, ұлттық тәрбиенің құндылықтарын сіңіру мақсатында тәрбиелік мәні зор ақыл- кеңестер берілді. 

 


  • Мектеп бойынша 2019 жылға дейін міндетті мектеп формасын енгізіп, ата- аналар жиналысына осы мәселені қойып, ата- аналардың келісімімен  біріңғай м ектеп формасын енгізген болатынбыз. 2019-2020 оқу жылынан бастап елімізде орын алған карантиндік шараларға байланысты  мектеп формасын талап етпедік. Оқушылар классикалық үлгіде оқушылық келбеттерін сақтап киінуге мүмкіншілік  берілді. 
  • Жалпы мектепте  басқа діни ағымды уағыздаушы мектеп ұстаздары немесе қызметкерлері жоқ. 
  • Басқа діни ағымға түскен, хиджаб киетін мұғалімдер мен қызметкерлер жоқ. 
  •    Экстремизм – әр уақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Мектеп оқушылары арасында теріс ағымдарға түсіретін сайттарға тіркелген, сондай сайттарға кіретін оқушы жоқ. Үнемі балаларға жағымсыз интернет сайттарының психологияларына қалай әсер ететіндігі жайында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырылады. Мектеп психологі Ж.Д.Кітапбаева сауалнамалар алып, теріс пиғылдағы сайттардың зияны туралы ашық әңгіме жүргізу барысында балаларға кеңінен ашық айтып түсіндірді.  
  • мектеп бойынша бойынша діни экстремизм мен террортизмге  қарсы бағытталған  2021-2022 оқу жылына арналған іс- шаралар жоспары құрылып бекітілген.  Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, діни көзқарастарын қалыптастыру, «экстремизм», «терроризм» ұғымдарын қалыптастыру.   Осы мақсатқа сүйене отырып,  діни-экстремизмнің алдын-алуға байланысты  жоспарлы  жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Жоғарғы  8-11 сыныптар аралығында  «Құқықбұзушылықтар мен қоса діни экстремизмнің алдын алу бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  "Терроризм мен эстремизмнің алдын алу және ескерту шаралары" тақырыбында ашық әңгіме жүргізді.  Ескелді АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы полиция капитаны С.Т.Мансуров пен Бауыржанұлы Ернұр  жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуы бойыншпа ашық әңгімелер жүргізіп,  барлық сыныптарды аралап, тәртіп, тәрбие, өздерін ұстау, ұсақ қылмыстар туралы да айтып түсіндіріп кетті.

  24 ақпан күні директордың  тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бойынша 9-10 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізді.  Жалпы мектеп бойынша ұстаздар қауымына, жалпы ата-аналар жиналыстарында «Эксремизмнің қаупі»,«Жасөспірімдер арасындағы экстремизмнің алдын-алу жұмыстары» тақырыбында баяндама, сауалнамалар алынып оқушы ата-ана , мұғалім болып ынтымақтастық негізінде жұмыс жасалуы көзделді .Әр тоқсан сайын «Діни танымдық белгілер туралы» түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырылады. 



  •   Мектеп қызметкерлері мен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында да жан- жақты жұмыстар жүргізілуде. Мектепте 2 вахтер, 3 күзетші бар. Мектеп бойынша  5 сыртқы,   9 коридорда, 2 асханада, 17 сынып кабинеттерінде  бейне бақылаулар  орналасқан.   Мектептің бірінші қабаты, кіре берісте 1 дабыл тетігі орналасқан. Барлығы жұмыс жасап тұр.

  • Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті  ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жасөспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Жат ағымдардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде дінтану сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізу қажет.  Ол үшін барлық мектептерде дінтану  сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық  секталарды қалай білуге болатынын түсіндіп отырылады.




 Мектеп директоры:                    Ш.К.Бозов

Орындаған директордың тәрбие 

жөніндегі орынбасары                                              Г.М.Дарменбекова