Жасөспірімдер арасында аутодиструктивті (суицидтік) мінез-құлықтың , зорлық – зомбылықтың алдын алу және балалардың зиянды сайттарға тіркелуі бойынша жүргізген жұмыстарына есебі
«Алматы облысы білім бөлімі «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жасөспірімдер арасында аутодиструктивті (суицидтік) мінез-құлықтың , зорлық – зомбылықтың алдын алу және балалардың зиянды сайттарға тіркелуі бойынша жүргізген жұмыстарына есебі
Жасөспірімдеркүнделіктіөмірдежаңажайттарғажәнемәселелергетымжиітап болатынкезең. Өмірлік тәжірибесі болмағандықтан, тіпті болмашы мәселенің өзі жас өспірімдерде стресске, депрессияға ұласуы және суицид алды мінез-құлыққа апаруы мүмкін.
Осы кезең бойында денсаулыққа қауіпті мінез-құлық түрлері өрбуі ықтимал, олар жасөспірімдік жаста орнығып алып, ересек кездеде жиі сақталып, әріқарайғы өмірде де психикалық денсаулыққа және амандыққа ықпал етеді.
Осындай келеңсіз жағдайлардың алдың алу мақсатында мектеп психологы тарапынан балалар мен ата-аналарға қашықтықтан оқуға байланысты Whattsap чаты арқылы слайд, видеороликтер мен You Тube каналының тақырыпқа сай сілтемелері жіберіліп отырылды. Атап айтсақ, мектебіміздің 6-11 сыныптары аралығында «Денсаулықтың құпиясы неде немесе 9 қарапайым ереже»,«Өз көңіл-күйіңді қалай басқаруға болады?», «Көңіл-күй күйзелісі деген не және одан қалай шығуға болады?», «Мақсат қою және оған жету жолдарын білесіз бе?», «Депрессия», «Депрессияға әкелетін қатерлі факторлар!», «Стрессті еңсеру құпиялары», «Сенімділікті қалай арттыруға болады?»,«Зорлық- зомбылықсыз балалақ шақ», «Әлімжеттік» тақырыбында ссылкалар жіберіліп, балаларға көрсетілді.
Сондай-ақ өзіне сенімділікті арттыратын және жақсы көңіл-күй сыйлайтын аффирмациялар мен видеороликтер жіберілді. Сондай-ақ «Біз неге ашуланамыз?», «Бәрі өзіне байланысты» видеосы мен «Ашуды және стрессті басуға арналған аутотренинг элементтері» мен «Жақсы мінез –жан жан айнасы» тренинг элементі бар жаттығу түрлерімен 7-9 сынып оқушылары танысып өтті.
Ата-аналарға да бала тәрбиесіне байланысты мағлұматтар мен ұсыныстар қашықтықтан жіберіліп отырылды. «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» , «Қауіп қатер жөнінде балалардың есіне салу - ата—ананың міндеті» видеороликтерінде ата- аналарға баламен қарым-қатынас барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолдары мен қажетті кеңестер айтылды. Соңымен қатар онлайн өткізілген жалпы ата-аналар жиналысында суйцидтің алдың алу, балаға қолдау көрсету, баланың психологиялық денсаулығы тақырыптары бойынша мағлұмат берілді.
«Зорлық- зомбылықсыз балалақ шақ» видеоролигі арқылы ұстаздар мен ата-аналарға, балаларға қоршаған ортамен қарым-қатынаста кездесетін буллинг пен психологиялық, физикалық зорлық-зомбылық түрлері туралы айтылып, ескертілді. Алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.«Суицидтің алдын алу шаралары» мұғалімдерге видеоролик жіберілді.
М.Фергюсон мен Д. Расседің «Жалғыздық сезімін анықтау» сауалнамасы алынды. Өзіндік бағалауға баға беру «20 адам» әдістемесі арқылы 6-7 сыныптардан диагностика жұмыстары жүргізілді. Сенімділікті нығайту ұсынымдары жіберілді.
«Өмірге деген құлшыныс» тренинг жатығу көрсетілген видеоролик жіберілді.
Ата-аналармен үнемі байланыстамыз. «Балаларымызды қорғайық» бейнеролигі және басқа ұсынымдар мен кеңестер ватсап желісі арқылы жіберіліп отырылды.
Мектепішілік «Тәуекел тобы» және «Ресурс» «Жанұя» психологиялық қоғамы жүргізген тестілеу бойынша анықталған оқушылар саны мен тізімі жаңаланып, балалардың үйлеріне олардың эмоционалдық жағдайларын бақылау мақсатында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып барып кездесіп қайттық. Оқушылардың ата-аналары мен балалармен әңгімелесіп, кеңестер мен ұсыныстар айтылып өтілді. Сәтсіз отбасы балаларымен де, ата-анасымен де кездесу өткізілді.
Мектепте «Сенім жәшігі» орналастырылған, қашықтықтан оқуға байланысты электронды «Сенім жәшігі» де ұйымдастырылған, ватсап номерлері мен телефон номерлері, 111 номері мен мақсаты көрсетілген парақша мектеп сайтында және инстаграмм , фейсбук парақшаларына жарияланып, ұстаздар мен ата-аналар және оқушыларға ватсап желісі арқылы таратылды. Қазіргі таңда келіп түскен хаттар тіркелмеді.Мектепте 111 телефон номері көрсетілген стенд орналастырылған
Сонымен қатар оқушыларға телефонға тәуелділік, «Буллинг», «Кибербуллинг» туралы видеороликтер таратылып, балаларға буллинг пен зиянды сайттардың қандай кері әсері бар және одан қалай сақтануға болатындығы жөнінде нұсқаулықтар мен кеңестер берілді. Сабаққа қызығушылығы төмендеген бала тіркелген жағдайда мектеп психологы мен әлеуметтік педагог барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алушының психоэмоционалдық және әлеуметтік жағдайларын анықтай отырып, ата-аналары мен оқушыларға кеңестер мен ұсыныстар айтылды. Сайттарды қодану бойынша онлайн сауалнама алынды. Онда балалар ешқандай топта тіркелмегенін көрсеткен.
Мектепіщілік сәтсіз отбасы есебінде тұрған балалармен кездесу ұйымдастырылып, «Менің болашақ мамандығым» 8,10 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізілді. Балаларға «Құқықбұзушылық», қылмыстың алдың алу бойынша да сұхбат жүргізілді. Балалар өздерін жақсы сезінуде, барлық жауапкершілік туралы біледі.
Қамқорлыққа алынған оқушылардың да психологиялық жағдайлары үнемі назарда. Балалардың қамқоршысымен онлайн байланыс орнатып, балалардың жағдайымен танысып отырдық.
Сондай –ақ мектебімізде деструктивті сайттарға онлайн - мониторинг жүргізу қолға алынған. Есебі әр айдың 8-18-28 күндері тапсырылып отырылды.
Құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектептің ер мұғалімдері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған. Күнделікті жүргізіліп отырылады. Кешкі рейд жұмыстары да жүргізілуде.
2021-2022 оқу жылының штаттық режимінде жүргізілгендіктен, әр бір баланың эмоционалдық жай-күйін бақылау, бойындағы психологиялық өзгерістердің болуын анықтау үшін балаларды қадағалап, қазіргі таңда қыркүйек айында «Суйцидке бейімділікті зерттеу» сауалнамасы мен «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» жасырын сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижелері өңделіп, түзету жұмыстары жоспарланып, жүргізілуде. Ата-аналар мен білім алушылармен жеке кеңес жұмыстары да атқарылуда.