Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы №1 » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2021

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы №1

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қамқоршылық кеңесі отырысының 

ZOOM конференциясы арқылы онлайнформатында

Хаттамасы № 1

30.09.2021 ж                                                                       Ақын Сара ауылы

Қатысқандар 75 адам: 1-11 сыныптардың Ата-аналар комитетінің мүшелері, сынып жетекшілер, мектеп директоры Ш.К.Бозов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова , Мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымыГ.Немеребаева 


Күн тәртібі:


  1. Қамқоршылық Кеңесінің мүшелерін таңдау

Мектеп директоры Ш.К.Бозов 

                                                  Мектепішілік ата-аналар комитетінің 

төрайымыГ.Немеребаева

Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы мен хатшысын таңдау

Мектеп директоры Ш.К.Бозов

Мектепшілік ата-аналар комитетінің 

төрайымы Г.Немеребаева

  1. Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің міндеттері бөлінуі туралы
  2. Қамқоршылық Кеңестің 2021-2022 оқу жылындағы жұмыс жоспарымен танысу



Бірінші кезекте,Мектеп директорыШ.К.Бозовосы кеңесте  Қамқоршылық кеңесі жайлы ата-аналарға осы уақытқа  дейін Қамқоршылық кеңес туралы, оның мақсаты мен міндеті, жұмыс бағыты туралы айтылғандығы, жаз бойы осы тақырап төңірегінде ойланып, өз ұсыныстарын айтуды сұрады. Осы күнге дейін қамқоршылар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Бейсенбай Қайырбек басқа жаққа қоныс аударғандығын айта кетіп, орнына басқа адам сайлауды ұсынды. 

Келесі сөзді мектепшілік ата-аналар комитетініңГ.Немеребаева- жалғапҚамқоршылық кеңесіне төмендегі мүшелерді енгізуге ұсыныс тастады: 

Керикбаев Дархан

Аблезова Сандуғаш. 

Тұрысбаев Қуатбек

Кузубаева Сабира Сейтовна

Исембаева Аида Имаммадиевна

Құлахметова Жұлдыз

Әбділ Кенжегүл

Қайранбекова Салтанат

Қамқоршылық кеңесіне ұсынылатын кандидатуралардың әрқайсысына қысқаша сипаттама беріп өтті.

Келесі сөздіИсембаева Аида Имаммадиевнаалып,  қамқоршылық кеңесінің төрайымы ретінде Керикбаев Дархан Нұрланұлын ұсынды.Дархан Нұрланұлын жоғары білімді, жұмысына адал, жауапкершілігі мол адам. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы осы кісінің арқасында жақсы жүреді деп ойлаймын . Сондықтан осы 2021-2022 оқу жылдары қамқоршылық кеңесінің төрағасы Керикбаев Дархан Нұрланұлын ретінде ұсынды. 

Келесі сөзді Аблезова Сандуғаш алып,  Керикбаев Дархан жақсы ұйымдастырушы, жан-жақты, ата-аналармен жұмысты жақсы ұйымдастырып, мектептің мәселелерін шешуде үнемі белсенді екенін айтып өтті. 

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы айтылған пікірлерге қосылды.

Шешім:

Ашық дауыс беру нәтижесінде Қамқоршылық Кеңес құрамына 7 адам сайланды.

Екінші кезекте,Ата-аналар Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретінде-Керикбаев Дархан Нұрланұлын, Қамқоршылық кеңесінің хатшысы ретінде Аблезова Сандуғаш ұсынылды.

Дауыс берген - 75адам,қарсы болған- 0.

Шешім: 

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы  ретінде- Керикбаев Дархан Нұрланұлын, Қамқоршылық кеңесінің хатшысы ретінде Аблезова Сандуғаш  қабылданды. 

Үшінші кезекте,Керикбаев Дархан Нұрланұлы Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөліп беруді ұсынды. 

Тұрысбаев Қуатбек– Оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету

Кузубаева Сабира Сейтовна–Оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету

Қайранбекова Салтанат– Оқушылардың тамақтануын қадағалау  

Құлахметова Жұлдыз– Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру

Әбділ Кенжегүл– Мектептің тазалығын қадағалауды  ұйымдастыру. 

Төртінші кезекте Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Керикбаев Дархан Нұрланұлы сөз кезегі берілді, 2021-2022 жылдағы қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстырды.

Шешім:

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретінде Керикбаев Дархан Нұрланұлы, Қамқоршылық кеңесінің хатшы ретінде Аблезова Сандуғаш тағайындады.

Қамқоршылық кеңесінің 2021-2022 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлдансын.



Қамқоршылық кеңесінің төрағасыД.Н.Керикбаев 

Хатшы                                                                           С.Аблезова