«Наурыз-жыл басы» атты кітап көрмесі » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
март
2022

«Наурыз-жыл басы» атты кітап көрмесі

Алматы облысы білім басқармасының  Ескелді   ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ш.Уәлиханов  атындагы   орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

 ұйымдастырылған «Наурыз-жыл басы» атты кітап көрмесі. 

                                                      Мәлімет.
 
 
Өткізілген күні: 16-19 наурыз 2022 жыл. 

Өткізілген орны: Кітапханада, 

Қатысушылар саны: 35. 

Мақсаты: 

Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен таныстыру, өлкетануға деген құрметін ұлғайту. 

Пайдаланушылардың халықтық мейрамның барысы, маңызы туралы мағлұмат беретін кітапхана қорындағы бар кітаптарды өз қажетттіліктеріне жарату.

 «Наурыз –жыл басы» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. «Наурыз» қазақша жыл басы. Наурыз мейрамын атап өту соңғы елу жыл ішінде аяқсыз қалып келген еді

 2001 жылдан бері Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланған Наурызды “Ұлыстың Ұлы күні” деп те атайды. Бұл мейрамды берекелі етіп тойласа үйге ырыс пен бақ келеді деп сенген. Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Кітап көрмесінде ұсынылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына» т.б кітаптарында табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңаруы туралы және адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жаратыны туралы айтылған. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. Осындай салт-дәстүр – халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі. Көрмеге қойылған кітаптар мен газет-журнал бетіндегі мол мағлұматтар қатысушылардың өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ. Көрмеге 15 кітап  қойылды.