«Алтын жүрек анамыз» көрме » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
февраль
2022

«Алтын жүрек анамыз» көрме

«Алматы облысыбілімбасқармасыныңЕскелдіауданыбойыншабілімбөлімі» мемлекеттікмекемесінің «Ш.Уәлихановатындағы орта мектебі» коммуналдықмемлекеттікмекемесі

«Алтын жүрек анамыз»

                                   Кітап көрмесі туралы мәлімет.


Мақсаты:

1 «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпамысқызы Назарбаевтың өмір жолы шығармашылығын насихаттайтын кітаптар мен  салт-дәстүр отбасы тәрбиесі туралы  кітаптарды насихаттау. 

Сара Алпамысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге деген ата-анасына ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік  қасиеттерге тәрбиелеу.

 Кітап көрмесімен таныстыру барысында кітапханашы Н.Ж.Айнабаевакөрмеге келушілерді қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі –қоғамға пайдалы үлкен құрмет көрсетіп, кішіге қамқор біле   білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпамысқызы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім жобасы республикамыздың  білім беру мекемелерінде, білім беру бақшаларында эксперементтік пән ретінде жүргізіліп келеді. 

Адам бойына кеңпейілділік спайылық, мейірімділік, рахымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді сыйлай қадірлей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу кешірімді болуға үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесіне тимек. Ендеше бүінгі кітап көрмесінде беріліп отырған кітаптар Сара Алпамысқызының өмірі шығармашылығы жайлы сыр шертетін кітаптар болмақ. Көрмеге қойылган әрбір кітаптарға  қысқаша тоқталып,  таныстырылып отырды. Кез келген адам ғұмыры баға жетпес, қайталанбас құбылыс, өкінішке орай, мұны біз жас ұлғайған кезде, адам атына лайықты жарқын құнды қасиеттерді іздеп, жадымызды жаңғыртып отырған мезгілде ғана түсінеміз. Әлбетте, қалай ғұмыр кешу әркімнің өз еркінде, әйткенмен өмір жолынан игілік пен қайырымдылық сәулесі тарап жататын жан ғана өзінің рухани және имандылық парызын өтеген адам ретінде танылмақ екендігін айтып өтті.    Сара Алпамысқызы ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Мінекей осындай тақырыптарда қамтылған кітап көрмесі көптің көңілінен шығып, оқырмандардың қызығушылығын танытты. Көрмеге 15 ке жуық кітап қойылды. Көрмеге қойылған кітаптардан оқырмандардың аса қызығушылығын оятқан кітаптардың қатарында Сара Алпамысқызының 2018 жылы жарық көрген «Өзін-өзі тану маржандары»  атты кітабы, «Во имя жизни» Алматы: «Ректор коммьюникейшнз» 1997-191 беттен тұратын кітап болса, « 20 лет бөбек раскрывая сердца для любви...» электронды кітап, «Дорога к счастью», атты кітаптар мен қатар, өзіңді –өзің тәрбиелеуде этнопедагогика негізінде құрылған ертегі жаңылтпаш отбасындағы әрбір ата-ана балаларына оқып беріп олардың дәстүрлі дүниетанымын қалыптастыратын кітаптар да қойылған. Айта кететін болсақ, «Әлдиден эпосқа дейін» Отбасы хрестоматиясы. –Алматы: «Орхон»,-2015-392 беттен тұратын кітап пен «Салт-дәстүрлер сөйлейді» отбасы хрестоматиясы /авторлары. Б.Бапайұлы т.б. –Алматы: «Орхон»,-2014-288 беттен тұратын т.б кітаптарды айта кетсек болады. Нәтижесінде оқушылар көрмеге қойылған 15 кітаптан 5 кітапты өздеріне жаздырып алды.

Шолудан кейін соңында мектеп психологы Ж.Д.Китапбаева өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ж.Пәйзолла мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова мектеп кітапханасында ұйымдастырылатын кітап көрмесінің  маңызына тоқтала отырып, осындай көрмелерінің кітапханада жиі ұйымдастырыла  беру керек екендігін айтып, ұйымдастыру алқасы мен оқушылар қауымына алғыс білдірді.         



Кітапханашы:            Н.Ж.Айнабаева