1- ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫННЫҢ ӨТКІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1- ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫННЫҢ ӨТКІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
01
сентябрь
2023

1- ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫННЫҢ ӨТКІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

«Жетісу  облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

1- ҚЫРКҮЙЕК –  БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫННЫҢ ӨТКІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ

МӘЛІМЕТ

Аталған мектеп бойынша 1-қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында   салтанатты жиынның өту бағдарламасы құрылып, бекітілді.

Мақсаты: Балаларға Білім күні мерекесінің қоғамда алатын орнын көрсету. Мерекелік көңіл-күй орнату, балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту; 

 Салтанатты жиын сағат 9:00-де басталып, 9:45-те аяқталды. Мемлекттік Ту кірігізіліп, шығарылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер – 1 сынып оқушылары музыка әуенімен ортаға шақырылды. Қазақстан Республикасының Туы жоғары көтеріліп, Мемлекттік Гимн орындалды. 

Жаңа оқу жылының басталуымен мектеп директорының міндетін атқарушы А.Е.Байбосынова құттықтау сөз сөйлеп биылғы оқу жылының басталуымен ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады. Сонымен қатар салтанатты жиынға Ақын Сара ауылдық округінің әкімі Ш.Қ.Бозов шақырылып, өзінің ізгі тілектерін білдірді. 

Салтананатты жиын барысында Темірхан Аруна «Отаным Қазақстаным» әнін орындап, «Мөлдір» бишілер тобы «Сыңғырла, қоңырау» биін биледі. 

2023-2024 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру үшін сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Жантасова Динара Латайқызына берілді. 

Мектебіміздің  1-сынып оқушыларының жыр шумақтары тыңдалып,  1-сынып оқушылары мен 11 сынып оқушылары мектеп вальсін биледі.      

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып оқушысы Оразбай Мұхамеджан мен 11-сынып оқушысы Игілікова Айгерімге берілді. 

Жиын соңында сынып сағаттарының тақырыптары хабарлап айтылып, 1-4 –сыныптарда «Мектебім – мейірім мекені», 5-7 сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және Отаншылдық», 8-11 сыныптарда «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

https://www.instagram.com/p/Cwo33J5q3FP/



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                      Н.М.Бугенбаева