«Дебат» қозғалысы «Ұшқыр ой алаңы» бойынша білім алушылармен қаңтар айындағы жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дебат» қозғалысы «Ұшқыр ой алаңы» бойынша білім алушылармен қаңтар айындағы жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама
02
февраль
2023

«Дебат» қозғалысы «Ұшқыр ой алаңы» бойынша білім алушылармен қаңтар айындағы жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

«Дебат» қозғалысы «Ұшқыр ой алаңы» бойынша білім алушылармен қаңтар айындағы жұмыстардың жүргізілуі туралы

анықтама


Аталған мектепте «Дебат» қозғалысы бойынша қаңтар айында “Ризашылық - мейірімділік бұлағы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында мектепішілік турнир болып өтті. Мектепішілік турнир барысында «Жалын» дебат клубының жетекшісі Уясбаева А.А. ұйымдастыруымен 13қаңтар күні «Жемқорлық-індет, оны жою - міндет» қарарында пікірсайыс өтті. Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу; саяси сауаттылыққа баулу. 

18.01.2023ж күні дебат клубының жетекшісі Уясбаева А.А. «Біріңғай мектеп формасының болғаны дұрыс па?» қарарында пікірсайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп формасы керек пе, жоқ па деген сауалға жауап іздеу, мектеп формасының маңыздылығын айқындау, өзінің ұстанып отырған бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу. 

26.01.2023ж күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Іскерлік ойынды өткізудегі мақсат – оқушыларды мемлекеттік қызметті алудың электронды технологиясымен таныстыру болып табылды. Бұл іс-шараны өткізу оқушылардың азаматтық құқығын қалыптастыруға зор ықпал етті.Аталған іс–шарада оқушылар бір-бірімен ақпарат алмасып, ақпаратты технологияны пайдалана отырыпеgov.kzсайты туралы толық мағұлматтар айта білді. Өздерінің ой пікірлері мен көзқарастарын жеткізді. Өзара ақпарат алмасу арқылы туындаған мәскелелерге тоқталды. Әрқайсысы өз шешімдерін айтты. Соңында қорытынды жасап бүгінгі жасаған жұмыстарына баға берді.