«Жалын» дебат клуб мүшелерінің атақарылған жұмыстарының есебі » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жалын» дебат клуб мүшелерінің атақарылған жұмыстарының есебі
28
январь
2022

«Жалын» дебат клуб мүшелерінің атақарылған жұмыстарының есебі

Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесі бойынша  «Жалын» дебат клуб мүшелерінің атақарылған жұмыстарының есебі

Аталған мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылында 9-10 сынып оқушылардың арасында «Жалын» дебат клубы құрылып, жетекшісі  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байжанова Меруерт Жұмалиевна  тағайындалып,жылдық жоспары бекітілді.

Мақсаты:Заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. 

Міндеттері:

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру.
  • Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау;
  • Талантты жастарды ынталандыру;
  • Мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру;
  • Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
  • Өз Отаны Қазақстан, оның басты құндылықтарын құрмет тұтып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру
  • Оқушылардың жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу
  • Оқушыларды коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулу
  • Оқушының өзін – өзі тәрбиелеуіне, өзін және өзгені бағалай білуге үйрету

       Жоспар бойынша клуб мүшелерімен қазан айында «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?» тақырыбында пікірталас өткізілсе, қараша айында «Үш тұғырлы тіл саясатының тиімділігі» тақырыбында үш тілділікті насихаттау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байжанова М.Ж, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қанабатырова А.М, ағылшын тілі пәні мұғалімі Игілікова А.Т ұйымдастырумен өткізіліп, оқушылар үш тілде пікірсайысқа түсті.

9-қараша күні «Елбасы- ел тірегі» мектепішілік турнирдің ережесі құрылып,

«Жалын» дебат клуб мүшелеріне турнирдің мақсаты түсіндірілді. 

Турнирдіңқарарлары:

vБолашақ мамандық туралы мектеп табалдырығынан бастап ойлау керек.

vБалаларға ерте табыс табуды үйрету, олардың болашағы үшін маңызды. Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталып,Наурызова Айгерім,Құрманғазы Баршын, Ержанқызы Шұғыла аудандық дебат турниріне қатысуға ұсынылды.

       25-қараша күні «Елбасы – ел тірегі» тақырыбында аудандық дебат турнирі өтті. І кезең 1- айналым бойынша ZOOM арқылы онлайн форматта өткізіліп, «Жалын» дебат клуб мүшелері  турнирдің  ІІ-кезеңіне жолдама алып, 26 – қараша күні Шестаков атындағы орта мектебінде ІІ кезең офллайн өтіп, жүлделі 2 орынға ие болып, арнайы аудандық мақтау қағазымен марапатталды.

       Қаңтар айының 5 күні қысқы каникул жоспарына сәйкес «Жалын» дебат клуб мүшелерімен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында пікірталас өткізілді 

Қаңтар айының 25-ші күні дебат жетекшісі Байжанова М.Ж ұйымдастырыуымен «Жалын» клубы мүшелері арасында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.Дебат Америкалық форматта жақтаушы және даттаушы топтарда 2спикерден болды. Пікірсайыста қаралған қарар: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі деп есептейді» тақырыбында  болды.

Мақсаты: оқушылардың дұрыс тамқтануға деген көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту,тыңдау, тапқыр ойлау, жүйелі сөйлеу қабілеттерін шыңдау. Тақырып қызу талқыланып, оппозиция тарапынан дәлел ретінде аргументтер көп  келтірілді және жақтаушы топтың сөйлеу мәнері ерекше болды және ой еркіндігі байқалды. Екі жақта өз позициясын сақтап қалды. Алғырылығымен, сөз шешендігімен көзге түскен 9а сынып оқушысы Наурызова Айгерім мен 9 б сынып оқушысы Ержанқызы Шұғыла іріктеуден өтіп, аудандық турнирге жолдама алды.

      1-ші ақпан күні «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың  аудандық дебаттық турнирі өткізіліп, 25 мектеп клубтары сайысқа түсті.

     Дебат турнирінің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; облыстық пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

Дебат турнирінің қарары:

1. «БП зиянды тағамдарға салық салады»

2. «БП ата-аналардың өз   балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді» тақырыбында онлайн түрінде америкалық парламенттік форматта ұйымдастырылды.Осы аудандық турнирге «Жалын» дебат клуб  мүшелері қатысып, белсенділік танытты.

2-ақпан күні «Құқықтық білімнің маңызы зор деп есептейді» тақырыбымен дебат өткізіліп,мақсаты «Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Дебатта үкімет палатасы «Тұмар» тобы, оппазиция «Қыран» тобы болып екіге бөлінді.Екі топта өз позициясын ұстанды.

«Жалын» дебат клуб мүшелерімен жылдық жоспар бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Ұйым мүшелерімен өткізілген әрбір іс-шара әлеуметтік желілерге салынды.