"Дулығалы батыр, дуалы ауыз би" мектепішілік Ескелді байқауы өтті. » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дулығалы батыр, дуалы ауыз би" мектепішілік Ескелді байқауы өтті.
09
декабрь
2022

"Дулығалы батыр, дуалы ауыз би" мектепішілік Ескелді байқауы өтті.

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебіАқешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ескелді Жылкелдіұлының 330 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бойынша  өткізілген «Дулығалы батыр, дуалы ауыз би» мектепішілік Ескелді би оқулары туралы 

МӘЛІМЕТ

  • «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ескелді Жылкелдіұлының 330 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарында ұйымдастырылған 5-10 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базылбекова Мақпал Сабырқызының ұйымдастыруымен   «Дулығалы батыр, дуалы ауыз би» мектепішілік Ескелді би оқуларының байқауы  өтті. Ескелді би оқуының мақсаты мен міндеті: 
  • мектеп оқушылары арасында Ескелді бидің қайраткерлігін, батырлығын, ел қорғаны және билігін, жоңғар мен қалмақтарға қарсы күрестегі ерен ерлігін насихаттау;
  • мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын  анықтау;
  • оқушылардың  ұлы бидің кемеңгерлік өмірі мен шешендік сөздеріне деген құштарлығын арттыру;

Ескелді би  оқуларын өткізу 2 бөлімнен  тұрды:

1-бөлім .Ескелді  би   айтқан    шешендік    сөздер

 (Жазушылар  Сәбит Биболовтың  «Ескелді би-даналық дариясы»,Ұзақбай Доспамбеттің              «Қызыл жолбарыс», Ораз Исмаиловтың   «Ел есіндегі Ескелді»шығармаларынан  алынған үзінділерді жатқа оқу)

2-бөлім.Ескелді би  есімі ақындар жырында (Ескелді би  туралы жазылған  ақындар өлеңдерінен (Бақтыбай Жолбарысұлы, Сара Тастанбекқызының, ұлы Абай төңірегіндегі бір топ ақындардың, Қаблиса жыраудың, Ғаббас Өкеевтің, Айтмұхамбет Есімжановтың, Әшімхан Байыс-бидің, Гүлжаукен Мұқаеваның, Сайлаубай Тойлыбаевтың, т.б.)   өз қалауынша 1 өлең  жатқа оқу. Мектепішілк оқу өте жоғарғы деңгейде өтті.Оқулардың жеңімпаздары үшін:   бас жүлде -1, бір -бірінші, бір - екінші, бір - үшінші  орындар және номинациялар белгіленді. Атап айтсақ, Жүлделі үшінші орынды 8 сынып оқушысы - Әділхан гүлденай, жүлделі екінші орынды 10 сынып оқушысы – Сержанқызы Айбота, жүлделі бірінші орынды 10 сынып оқушысы –Ердаулетұлы Ерасыл және  7 сынып оқушысы Ризабекқызы Нұрсабиля бас жүлдені жеңіп, аты аталған қатысушылар грамотамен марапатталды. Нәтижесі әлеуметтік желіге салынды. 

Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: М.С.Базылбекова