21
декабрь
2022
Математика пәні бойынша лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Математика пәні бойынша лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
"Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі " КММ Орналасқан Мекен жайы: Ескелдіауданы, Ақын Сара ауылы, Абая көшесі 1,
Жұмыс тел: 8 (72836) 5-10-06.
Мектеп директорының телефоны 8 7714709909 Бозов Шынарбек Касымович
Эл пошта мекенжайы: mektep_akynsara@mail.ru
2. Бос лауазымның атауы: Математика.3. Функционалдық міндеттері:
- Оқушыларды олардың жеке ерекшеліктері мен жасын ескере отырып оқытуды, тәрбиелеуді жүзеге асыру.
- Қосымша білім алуға, зерттеу дағдыларын алуға бағытталған сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруға жәрдемдесу.
- Жұртшылықпен байланысты жүзеге асыру, ата-аналармен жұмысты үйлестіру
- Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгеру.
- Білім алушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олар өз кезегінде мәлімделген стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
- Оқу сабақтары мен сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде гигиеналық және санитарлық нормаларды қамтамасыз ету. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылау.
- Оқушыларды даярлаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету. Нәтиже мемлекеттік деңгейде бекітілген Білім беру стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
- Оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру жоспарларын құру және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Білім беру стандарттары мен оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, әр сабаққа тақырыптық жоспарлар құру.
- Оқушылардың дайындығын, жеке ерекшеліктерін, шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып, әртүрлі білім беру және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
- Оқу сабақтарын қатаң түрде жалпы қабылданған стандарттарда, бірақ материалды ұсынудың және оқушылардың білімін бақылаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып өткізу.
- Білімалушылардың дәптерлерінің жүргізілуін бақылау, белгіленген орфографиялық режимді жүргізу.
- Білім беру сабақтарын, көшпелі және жергілікті іс-шараларды өткізу кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.
- Білім алушылардың ықтимал жеке проблемалары мен қиындықтарын, оқу бағдарламасын игерудегі қиындықтарды анықтау және оларды жеңуге көмек көрсету.
- Оқу материалын игеру туралы есеп беру туралы білім беру бағдарламасының талаптары шеңберінде бақылау жұмыстарын жүргізу.
- Орыналған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді оқу орнының кезекшісіне уақтылы беру және қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету.
- Оқу жылында оқу кабинетінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін дәптерлерді сақтау.
- Барлық педагогикалық кеңестер мен жиналыстарға, конференцияларға және сыныптан тыс шараларға қатысу.
- Медициналық тексеруден жүйелі түрде (жыл сайын) өту.
- Білімалушылардың түрлі конкурстық іс-шаралар мен фестивальдерге қатысуын ұйымдастыру.
- Белгіленген тәртіпте сынып құжаттарын жүргізу, білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, тиісті балл қою.
- Жарғыны және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
- Мектеп қабырғасында, қоғамдық орындарда, тұрмыста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау.
5. Құжаттар тізімі:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш. (Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы (нақты тұрғылықты жері мен байланыс телефондары көрсетіледі;
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № КЖД – 175/2020 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. (Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.