Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға МӘЛІМЕТ » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға МӘЛІМЕТ

Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға 

МӘЛІМЕТ


2020-2021 оқу жылы бойынша

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді.   Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Оны ең алдымен  өскелең жас ұрпақтың санасына сыбайластықтың не екенін айтып құйып, жан- жақты тәрбие берден бастау  қажет. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттыру, “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, Өз өзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде  сыбайлас   жемқорлыққа қарсы іс- шаралар жоспары құрылып бекітілген. Ең алдымен оқу жылының басында 9 қыркүйек күні «Білім ұйымдарында қаражат жинауға тиым салу туралы» бұйрық шығарылып,  мектеп директоры Ш.К.Бозов мектеп ұжымына ZOOM арқылы жиналыс өткізіп танстырды. Жаңа оқу жылы «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбындағы адалдық сағатынан басталды. Мақсаты- Өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық туралы мағлұмат беру.   «Сыбайлас жемқорлық- ғасыр дерті» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.  Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты парасаттылық пен адалдыққа  баулу- тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Осыған байланысты «Адал ұрпақ » ерікті мектеп клуб мүшелері  ауыл әкімі Қайырбеков Бауыржан Рахымжанұлы мен ұялы телефон арқылы байланысып, ашық әңігіме жүргізді. Ауыл әкімі оқушыларды Отансүйгіштікке баулып, сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша түсіндірді.  Мектепте құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері биылғы жылға байланысты қашықтықтан білім алу жағдайында да жоспарлы жұмыстар атқаруда. « Біз біргеміз» атты челендж эстафетасын WhatsApp арқылы жүзеге асырды. 29 қыркүйек күні Ренат Бектұровпен «Адалдық сағаты»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс- қимыл агенттігі жаңа форматта өткізді. Бұл инстаграм, фейсбук парақшалары арқылы ата- аналарға, ұстаздар мен оқушыларға сәлтеме арқылы таратылды.  8 қазан күні  директордың   тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова мен Ескелді АІІБ-нің ЖПҚ КТІЖ инспекторы аға лейтенант Н.Т.Нусипжановпен бірге сынып жетекшілер мен ата- аналарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына байланысты түсіндіру жұмысын жүргізді.  2 қараша күні Ардақ Назаровпен «Адалдық сағаты» инстаграм, фейсбук сілтемелерін тарату арқылы өткізілді. Бұнда отбасы құндылығы, бірлік пен өзара құрмет жайында айтылған. 25 қараша күні «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының онлайн форматындағы формум сілтемесі де инстаграм, фейсбук арқылы ұстаздарға, ата- аналарға, оқушылаға жіберіліп, онда айтылған мағлұматтармен хабардар болды.Ақпан айында «Адал ұрпақ» клубының жоспарына сәйкес «Адал болайық!» атты тақырыпта видеоролик 8-9 сыныптың оқушыларына жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс- қимыл агенттігі онлайн- дәрістер арқылы жастар арасындағы парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда, соның кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетіне елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сариннің тағлымы мол әңгімесі мен өмірбаяны мектеп оқушыларына инстаграм мен фейсбук желісі арқылы жолданды.Сонымен қатар «Шәкірім өсиеті- адалдық айнасы» атты кезекті онлайн адалдық сағаты  өтті. Онлайн- дәріс барысында жастар ақынның  адами  құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты. «Сәкеннің жолы- өнеге» атты   рухани- адамгершілік мұрасына арналған онлайн адалдық сағатында Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі- жас ұрпақтың білім- ғылымына деген адалдығы. Жас ұрпақты патриоттыққа, Отан сүюге, халық тілегін іс- жүзіне асыруда   қандай  қауіп- қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше. «Ахмет Байтұрсынұлы- адамдық пен білім диқаншысы» атты онлайн  конференциясы бойынша білім алушыларға ақпарат таратылды. Саналы ұрпақ- ұлт болашағы. Ал бұл саналы ұрпақтың қалыптасуының негізі тәрбие мен білім. Республикамыздың тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлықты ұлт қауіпсіздігінің негізгі қатері ретінде атап өтіп, бүкіл Қазақстандық қоғамды онымен күресте барлық күш- жігерді біріктіруге шақырады.   «Туралықты тұғыр еткен Төле би» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел билігін нығайтуға қосқан ойшыл дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне , даналығы мен қасиеттеріне арналған «адалдық сағаты» онлайн форматында өтті. 

Жалпы осындай қоғам қайраткерлері мен белгілі тұлғалардың өсиеттері, олардың ой- пәкірлері мен қызмет жолдары заңды ұстанатын және адал азаматты тәрбиелеуде өскелең ұрпақтың құқықтық санасының , парасаттылығының белсенді азаматтық ұстанымының қажетті деңгейін қалыптастыруға, құқық нормалары мен заңдарды құрметтеуге, мемлекеттік құрылым және қоғам тіршілігін ұйымдастыру қағидаттарын түсінуге мүмкіндік береді.  

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар бойынша іс- шаралар жалғастырылуда. 



Өкізілген   іс-шаралардың фейсбук, инстаграм желісіне салынғандығы 



Салынған іс-шара атауы

күні

Сілтеме

Инстаграм

Сілтеме

Фейсбук

1

7-10 сыныптар арасында     сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» слеты болды.

13.09.2019


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=548198949354207&id=100024923197241


2

ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ

13.02.2021

https://www.instagram.com/p/CKVeDNrH7b6/?igshid=1v39ti9o8plts


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=853624502144982&id=100024923197241


3

«Туралықты тұғыр еткен Төле би» Адалдық сағаты 

15.03.2021

https://www.instagram.com/p/CMbnmnjHGNw/?igshid=vznx4i7jg2r9

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=878628976311201&id=100024923197241


4

«ШӘКӘРІМ ӨСИЕТІ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

22.01.2021


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=846761016164664&id=100024923197241


5

ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ

30.12.2021

https://www.instagram.com/p/CJbGdH2nFp8/?igshid=a01qqhci22ha


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=832560004251432&id=100024923197241


6

«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында адалдық сағаты 

18.12.2020

https://www.instagram.com/p/CI7oGbAneKo/?igshid=1it5ckp7iwsat



7

Ардақ Назаровпен «Адалдық сағаты»

02.11.2020

https://www.instagram.com/p/CHErc6bnotY/?igshid=1adxb0ipd92gs



8

«Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» Адалдық сағаты 

01.09.2020

https://www.instagram.com/p/CEmCBBsnHXT/?igshid=16xljno9l3zgh



9

«Жемқорлыққа жол жоқ» 7 «Б» сыныбы, тәрбие сағаты 

19.05.2020

https://www.instagram.com/tv/CAXfHSOAOZ1/?igshid=1pdwqb9r7qo16


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=664756027698498&id=100024923197241&sfnsn=mo


10

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

«АДАЛ ҰРПАҚ» ЖӘНЕ «САНАЛЫ ҰРПАҚ» 

КЛУБТАРЫНЫҢ ОНЛАЙН-ФОРУМ

25.11.2020

https://www.instagram.com/p/CKxzsj1HPAA/?igshid=n3hjzu9ln1ef



11

Ренат Бектұровпен «Адалдық сағаты»

29.09.2020


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=762459291261504&id=100024923197241


12

«Адалдық сағаты» «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен кездесу

17.01.2020


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=579283552912413&id=100024923197241


13

«Жемқорлыққа қарсымыз» видеоролик

10.12.2019


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=545269756313793&id=100024923197241


14

«Сыбайлас жемқорлық –ғасыр дерті»

09.12.2019


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=544616466379122&id=100024923197241


15

«Сыбайлас жемқорлық –ғасыр дерті» 8-9 сыныптар арасында эссе байқауы

09.12.2019


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=544223653085070&id=100024923197241


16

«Адалдық сағаты» 8 «А» сыныбының жетекшісі Қ.Ұ.Ақмолдаевамен өтті

06.11.2019


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=517161232457979&id=100024923197241


17

«Адалдық сағаты»  11 сынып оқушыларымен мектеп директоры Ш.К.Бозов 

«Балалардың арасында әділ бол!» 

06.11.2019


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=517156729125096&id=100024923197241


18

«Жемқорлық індет-жою міндет» Лагерь іс-шара

26.07.2019


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=446765369497566&id=100024923197241


19

«Жемқорлық індет жоб міндет» 8 «Б» сыныбы тәрбие сағаты 

28.01.2019


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=343567399817364&id=100024923197241


20

«Сыбайлас жемқорлық қарсы заңнаманың қалыптасуының жиырма жылдығы»

14.03.2018


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=106350420205731&id=100024923197241




Дайындаған директордың тәрбие жөніндегі орынбасары      Г. Дарменбекова