«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға МӘЛІМЕТ » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға МӘЛІМЕТ
12
февраль
2021

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға МӘЛІМЕТ

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға 

МӘЛІМЕТ




Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді.   Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Оны ең алдымен  өскелең жас ұрпақтың санасына сыбайластықтың не екенін айтып құйып, жан- жақты тәрбие берден бастау  қажет. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттыру, “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру,Өз өзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту, Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде  сыбайлас   жемқорлыққа қарсы іс- шаралар жоспары құрылып бекітілген. Ең алдымен оқу жылының басында 9 қыркүйек күні «Білім ұйымдарында қаражат жинауға тиым салу туралы» бұйрық шығарылып,  мектеп директоры Ш.К.Бозов мектеп ұжымына ZOOM арқылы жиналыс өткізіп танстырды. Жаңа оқу жылы «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» тақырыбындағы адалдық сағатынан басталды. Мақсаты- Өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық туралы мағлұмат беру.   «Сыбайлас жемқорлық- ғасыр дерті» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.  Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты парасаттылық пен адалдыққа  баулу- тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Осыған байланысты «Адал ұрпақ » ерікті мектеп клуб мүшелері  ауыл әкімі Қайырбеков Бауыржан Рахымжанұлы мен ұялы телефон арқылы байланысып, ашық әңігіме жүргізді. Ауыл әкімі оқушыларды Отансүйгіштікке баулып, сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша түсіндірді.  Мектепте құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері биылғы жылға байланысты қашықтықтан білім алу жағдайында да жоспарлы жұмыстар атқаруда. « Біз біргеміз» атты челендж эстафетасын WhatsApp арқылы жүзеге асырды. 29 қыркүйек күні Ренат Бектұровпен «Адалдық сағаты»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс- қимыл агенттігі жаңа форматта өткізді. Бұл инстаграм, фейсбук парақшалары арқылы ата- аналарға, ұстаздар мен оқушыларға сәлтеме арқылы таратылды.  8 қазан күні  директордың   тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова мен Ескелді АІІБ-нің ЖПҚ КТІЖ инспекторы аға лейтенант Н.Т.Нусипжановпен бірге сынып жетекшілер мен ата- аналарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына байланысты түсіндіру жұмысын жүргізді.  2 қараша күні Ардақ Назаровпен «Адалдық сағаты» инстаграм, фейсбук сілтемелерін тарату арқылы өткізілді. Бұнда отбасы құндылығы, бірлік пен өзара құрмет жайында айтылған. 25 қараша күні «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының онлайн форматындағы формум сілтемесі де инстаграм, фейсбук арқылы ұстаздарға, ата- аналарға, оқушылаға жіберіліп, онда айтылған мағлұматтармен хабардар болды.Ақпан айында «Адал ұрпақ» клубының жоспарына сәйкес «Адал болайық!» атты тақырыпта видеоролик 8-9 сыныптың оқушыларына жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс- қимыл агенттігі онлайн- дәрістер арқылы жастар арасындағы парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда, соның кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетіне елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сариннің тағлымы мол әңгімесі мен өмірбаяны мектеп оқушыларына инстаграм мен фейсбук желісі арқылы жолданды.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар бойынша іс- шаралар жалғастырылуда. 



Мектеп директоры:                          Ш.К.Бозов