Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ
«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Ақын Сара ауылы 09.01.2021 ж
Қатысқандар: 9,11сыныптардың жетекшілері, 9,11 сынып білім алушылардың ата- аналары
Күн тәртібінде:
9,11 сыныптардың штаттық режимде білім алуы бойынша
Тыңдалды:
9 қаңтар күні мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы жиын өтті.Жиынға 9,11 сыныптардың сынып жетекшілері мен ата- аналары қатысты. Жиын барысында 3- тоқсандағы оқу үрдісін ұйымдастыру,28.12.2020ж №548 бұйрық, Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін әске асыру жөніндегі әдістемелік ұстанымдармен, 9,11 сыныптар бойынша білім алушыларының штаттық режимде білім алуына байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мектеп директоры Ш.К. Бозов бұйрықтармен таныстырса, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Л. Жантасова сабақ кестесі және үзіліс кестелерімен таныстырды. Білім беруші ұстаздардың санитарлық талаптарды қатаң сақтауына да ескерту берді.
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова 3- тоқсаннан бастап штаттық режимде білім алатын 9,11 сыныптарының білім алушыларының санитарлықталаптарды сақтауы туралы кеңінен түсінік берді. Балалардың ата-анасы немесе заңды өкілі оқушыны санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етуіне,оның ішінде бетперде, қолды өңдеуге арналған жеке құтыдағы антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл салфеткалардың болуы, сонымен қатар балаларға әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндірді. Ал мектеп тарапынан болса, уақтылы кесте бойынша дезинфекциялық құралдармен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде тепловизор, санитайзер, кіреберістегі қорғаныс кілемдері мен бактерицтік шамдар бар бәрі жүйелі түрде пайдаланылады. Бір мезетте адамдардың көп шоғырлануын болдырмау шаралары сақталып, үзіліс кестесі сыныптар үшін әр уақытқа қойылды. Мектеп әкімшілігі үнемі қадағалап, бақылап отыратын болады. Мектеп директоры Ш.К.Бозов Ақешкі, Ақтұмадан қатынап білім алушыларға мектеп автобусының болатындығын айта кетіп, автобустың аялдамаларын, мектепке келу, кету кестесімен таныстырды.
Шешім:
- 9,11 сыныптардың білім алушылары 28.12.2020ж №548 бұйрық, Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін әске асыру жөніндегі әдістемелік ұстанымдарға сәйкес штаттық режимде оқытылсын
- Пән кабинеттері: № 10,12,16,18,24,25 кабинеттерде санитарлық талаптар сақталып, үзіліс кезінде тазалық, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсін.
- Ата- аналар тарапынан балалардың өмір қауіпсіздігі және сақтық шараларын сақтап, 2 сағатта ауыстыру үшін күніне 3 бетпердемен балаларды қамтамасыз етсін.
Жиналыс төрағасы: Бозов Ш.К.
Хатшысы: Қырықбаева А.М.