«Бір-бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасына сәйкес сынып жетекшілердің ата – аналармен жұмысы туралы анықтама
«Бір-бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасына сәйкес сынып жетекшілердің ата – аналармен жұмысы туралы анықтама
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады. Сынып жетекшілер өз сыныптары бойынша ZOOM платформасы арқылы ата- аналармен өткізген бейнебайланыс арқылы жиналыстар өткізді. Жоғарғы 8-11 сыныптардың сынып жетекшілері кейбіреулері жиналыстарда темекі шегудің зияны, нашақорлық пен маскүнемдіктің зардаптары туралы да айтқандықтары бақыланды. Сынып жетекшілер 2020-2021 оқу жылына құрған тәрбие жоспарларының бір бағыты дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі бойынша зиянды әдеттердің алдын алуына арналған тақырыптар кіріктірген. Тәрбие жоспарларын тексеру барысында анықталды.
«Бір- бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасына сәйкес жүргізілген жұмыстардың есебі, 2020-2021 жыл
Мектеп бойынша биылғы 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан білім алу кезінде де онлайн форматында, қашықтықтан өткізілетін зиянды заттардың алдын алуы үшін арнайы жоспар құрылды. Негізгі мақсат: оқушыларға темекі, ішімдік, есірткінің зиянын, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. Қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу.Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру. Осы мақсатқа жету үшін қыркүйек айынан бері 2 рет Ескелді АІІБ- нің ЖПҚ ҚТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Т.Нусипжановпен бірге сынып жетекшілер мен ата- аналармен zoom платформасы арқылы арнайы байланыс орнатып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 26 қыркүйекте ең алғашқы жиында негізгі айтылған мәселелер оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасында қылмыстық оқиғалардың , құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мәселелер қозғалып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтатын болсақ бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Екінші 9 қазан күні өткен жиында негізгі айтылған мәселелер әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы алдын алу жұмыстарын жүргізді. Ата- аналарға кешкілік уақытта балаларын көшеге шығармауға, санитарлық талаптарды үнемі орындап жүру керектіктерін, сауда орындарына ішімдік заттарға кәмелетке толмаған балаларын жұмсауға тыйым салынатындығы,денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылатындығы жөнінде кеңінен түсіндірді. Сыныптар бойынша: «Салауатты өмір салтын сақтау – болашақты жақтау» 1-4 сынып, «Ішімдік ішу - өзіңді-өзің құрту» (5-11 сыныптар), «Никотин және спорт» (5-8 сыныптар), «ЖҚТБ ауруынан қорғанудың жолы – салауатты өмір салтын қолдау» (9-11 сыныптар) тақырыпта сынып сағаттары WhatsApp желісі арқылы өткізілді.
Мектеп оқушыыларына 8-11 сыныптың ұл балаларына «Аулақ бол жаман әдеттен» насыбай,темекінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарыWhatsApp желісі арқылы 8-11 сынныптың ұл балаларына жадынама таратылды.
Қысқы демалыс уақытын ұйымдастыру шырша мерекесі
АНЫҚТАМА
2020-2021 оқу жылының қысқы демалысқа арналған іс- шаралар онлайн форматында жүргізілді. Мақсаты: қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, балалардың денсаулығын іс-қимыл күштерін нығайту. Онлайн форматында жүргізілетін қысы каникул кезіндегі іс- шаралар жоспары құрылды. Жоспар бойынша барлық шаралардың уақытылы өткізіліп, әлеуметтік желілерге салынып отырылды. «Ең әдемі шырша» бастауыш сыныптар арасында сурет салу байқауы өтті. Жауапты А.Т.Бозова. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Уясбаева А.А.Байжанова М.Ж.«Қыс қызықтары» 5-7 сыныптар арасында эссе жазғызды. А,ылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастаруымен «Менің айналамдағы әлем» ағылшын тілін білу 8-10 сыныптар арасында презентация жолданды. «Шынықсаң- шымыр боласың» қысқы ойындардан челлендж дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті. Мектептің ер мұғалімдерінен құрылған кезекшілер кешкі уақытта кезекшілік міндеттерін атқарып рейд жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылы жаңа жыл мерекесіне арналған шаралар білім алушыларды онлайн форматында құттықтаулар, видеороликтер жолдаумен өтті. Аудандық білім бөлімі қорынан жетім жіне ата- анасының қамқорынсыз қалған сонымен өатар мұмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды әлеуметтік педагог Пәйзолла Жұлдыз бен мектеп директоры арнайы апарып тапсырды. Жоспар бойынша өткізілген іс- шаралар бақылау мен басшылыққа алынып, қадағаланып отырылды.



