тәрбие жұмысының жоспары
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Жалын» дебат клубын жүргізудің бойынша атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Аталған мектеп бойынша «Жалын» дебат клубының жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Дебат клубына мүше оқушылардың нақты саны анықталды, жетекшісі болып қазақ тілі мен әдебиті пәнінің мұғалімі Илиясқызы Мадина тағайындалды. «Жалын» дебат клубының мүшелеріне арналған WhatsApp желісінде чат құрылып, ақпараттар жіберіліп отырылуда.
Педагог-ұйымдастырушы А.С.Базарбаева мен «Жалын» дебат клубының жетекшісі Илиясқызы Мадинаның ұйымдастыруымен 2023 жыл 14 қыркүйек күні «Жалын» дебат клуб мүшелерінің қатысуымен кезекті жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында жоспар бойынша қазанда күні өтетін дебат алды түсіндірме жұмысы жүргізілді. Клуб жетекшісі «Дебат және оның негізгі ережелері» тақырыбында семинар өткізіп түсінік берді.
Қазан айында «Дебаттың негізгі форматтары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Ұшқыр ой алаңы» аудандық пікірталас ойынына дайындық жұмыстары үнемі жүргізіліп отырды.
Қазан айының 13-і күні «Жалын» дебат клубының жетекшісі Илиясқызы Мадина мен педагог-ұйымдастырушы А.С.Базарбаеваның жетекшілігімен клуб мүшелері арасында «Мемлекет барлық азаматтарға денсаулық сақтауды қамтамасыз ету керек пе?» қарарында піккірсайыс өткізілді. Пікірсайысқа 8 оқушы қатысты. Пікірсайыс барысында нақты дәлелдер айтылып, топтар арасында сұрақ-жауап қызу жүрді.
Жоспарға сай «Жалын» дебат клубының жетекшісі Илиясқызы Мадина мен педагог-ұйымдастырушы А.С.Базарбаеваның жетекшілігімен клуб мүшелері арасында «Мектепте барлық бала тегін тамақтану керек па?» қарарында піккірсайыс өткізілді.
Қазан айының 19-ы күні 25 қазан – Республика күніне орай «Болашақ» мектеп парламентінің президенті Ербосын Еркежан мен «Дебат» қозғалысы фракциясының жетекшісі Қабіләшәмқызы Амина ұйымдастыруымен «Жалын» клуб мүшелері арасында «БП Қазақстанның тәуелсіздік жылдарынан бергі жетістігін атайды» қарарында піккірсайыс өткізілді. Пікірсайыс Америкалық парламенттік форматта өтті.
Қараша айында «Болашақ» мектеп парламентінің президенті Ербосын Еркежан мен дебат фракциясының жетекшісі Қабіләшімқызы Аминаның ұйымдастыруымен 7-9 сынып білім алушыларының арасында «Мектептерде ұялы телефонға рұқсат берген дұрыс па?» қарары бойынша пікірталас өтті. Пікірсайыс соңында үздік деп танылған оқушылар номинациялармен марапатталды.Мақсат: білім алушыларды белсенді іс-әрекетке тартып, үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екенін түсіндіре отырып, тіл меңгеруде білім алушылардың қиындықтарын анықтау. Аудандық дебат жарысына қатысатын білім алушыларды анықтау. Дебатқа «Арыстан» мен «Қыран» топтары қатысты. Екі жақ та жақсы дайындалып келген, мықты фактілер келтіре білді. Дебаттан кейін ұйымдастырушылар «Дебаттың негізгі форматтары» тақырыбында түсініктеме жүргізді, дебат барысында жіберген қателіктерін айтып, оны жою мақсатында дебат жайында толық ақпараттар беріп, қатысушылармен пікір алмасты.
"Болашақ" мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 15 қараша күні «Фаст-фуд мейрамханаларының пайдасынан гөрі зияны көп пе?» қарарында 7-9 сынып білім алушылары арасында дебат ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру.Аудандық «Ұшқыр ой алаң» пікірсайысына сөз жарыстырып, пікірсайыс барысында нақты дәлелдер айтылып, топтар арасында сұрақ-жауап қызу дайындық жасап жүрді.
Аудандық «Ұшқыр ой алаң»пікірсайысына қатысуға өтінім беріліп, желтоқсан айының 5-і күні «Жалын» дебат клубының мүшелері Қабіләшімқызы Амина мен Ризабекқызы Нұрсәбила жүлделі 1 орынды иеленіп қайтты.
Жоспарға сай «Жалын» дебат клубының жетекшісі Илиясқызы Мадина мен педагог-ұйымдастырушы А.С.Базарбаеваның жетекшілігімен клуб мүшелері арасында «Мектептердегі әріптік бағалардың пайдасынан гөрі зияны көп» қарарында пікірсайыс өткізілді.
Педагог ұйымдастырушы: Базарбаева Асылай Сериковна