«Балалардың болашағына инвестиция салу – тұрақты дамудың жолы» » "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш орта мектебімен"КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалардың болашағына инвестиция салу – тұрақты дамудың жолы»
05
ноябрь
2022

«Балалардың болашағына инвестиция салу – тұрақты дамудың жолы»

Тақырыбы: «Балалардың болашағына инвестиция салу – тұрақты дамудың жолы»

Мақсаты:

Білімділік: Білім алушылар арасында инвестиция туралы көзқарастарын анықтау.

Дамытушылық: Білім алушыларды инвестициия туралы жинақтаған білімдерін тиімді бағыттау.

Тәрбиелік: Білім алушылардың өзін-өзі ұстауға, ойларын ашық жеткізуге, қарсылықтарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Пікірсайыс сабағының әдісі: сұрақ-жауап,/ситуация туғызу,, шешу жолдарына бағыттау, нақты дәлелдер келтіру.

Қазан айының 5-і күні «Жалын» дебат клубының жетекшісі М.Байжанова мен педагог-ұйымдастырушы А.Сембайдың жетекшілігімен клуб мүшелері арасында «Балалардың болашағына инвестиция салу – тұрақты дамудың жолы»тақырыбында піккірсайыс өткізілді. Пікірсайысқа 10 оқушы қатысты.

Үкімет палатасы мен Оппозиция жеребе тарту арқылы анықталды. 

Америкалық дебат форматында өткен турнирде 5 топ қатысты. Олар «Болашақ», «Бірлік», «Алғыр», «Жас Ұрпақ», «Жалын» топтары қатысты. Дебат барысында топтар бағалау парағы арқылы бағаланды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған «Болашақ» тобы жүлделі І орынды иеленді, спикерлері Ризабекқызы Нұрсабила, Алтынбек Мінсіз. ІІ орынды «Жалын», «Жас Ұрпақ» топтары, ІІІ орынды «Алғыр», «Бірлік» топтары иеленді.