«Ауғанның асуында от кешкендер!»
«Ауғанның асуында от кешкендер!»
Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысының болу себептерін түсіндіру;
Отанын құрметтеуге, еркіндікті бағалай білуге,ұлтжанды,елжанды болуға үйрету;
Бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға,үлгі ете білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар,
Біз соғысты,
Жеңгеніміз үшін еске алмаймыз,
Жамандықты ешуақытта жақтамаймыз.
Бұндай жағдай ешуақытта болмасын деп.
Қайталаймыз ұрпаққа қайталаймыз.
2-жүргізуші:
Бүгінгі «Ауғанның ардалерлері» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
-Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.Десе де ұмытылмайтын,ескірмейтін тарихи оқиғалар болды.Соның бірі-әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы.
Ауғанстан жеріне қатерлі күн туғанда елін, жерін қорғау үшін көптеген ер азаматтар соғысқа аттанды. 1979 жылы басталған соғыс 10 жылға созылды.1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды. Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21жауынгар хабарсыз кетті. Содан бері 33 жыл өтті.
1 жүргізуші:
Еліміздің елдігін танытатын,
Ерлерімнің ерлігін жаңғыртатын.
Қазақстан Гимні шырқалады,
Қыран құсын қияға самғататын.
Назар аударыңыздар! Тәуелсіз еліміз, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады
2 жүргізуші:
Тұғыры биік заманда,
Тамыры терең адамға.
Кенде емес мынау ұрпағым,
Сіз тұрсыз мәңгі жанымда.
1 жүргізуші:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!
Осындай ержүрек, қайтпас,қайсар жауынгерлердің арқасында жат жердің болашағы үшін, бейбіт өмірі үшін ,соғыста қаза тапқан батыр ағаларымызбен есіл боздақтарымыздың рухына тағзым етіп.
1 минуттық үнсіздікпен еске алайық.
2 жүргізуші:
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың ауған соғысы туралы сөзінде : «Ауған соғысында мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар .
Жыл сайын ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер,ардақты ағалар, аяулы әкелер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен бүгінгі кездесуді өткізіп отырмыз.
1-жүргізуші:
ӘН: сіздердің құрметтеріңізге орындауындағы «» әнін қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші:
Ауған соғысының Қазақ еліне әкелген адам шығыны мен зардабы аз емес. 1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Абзал ана жалғыз боздағынан айырылды, әйел жесір, бала әкесіз, отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз Ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып, қаны төгіліп мүгедек болғандар қаншама!
1- жүргізуші:
Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер...
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.
1-жүргізуші:
Бейбіт ел қанат жайып өсер өрлеп,
Адамзат адал ойлы бізге сенбек.
Жақтаған бейбіт күн мен әділетті,
Жолымен ұлы мақсат іздей бермек.
2-жүргізуші:
Соғыс бітті, жауынгер келді әскерден,
Еске алады сол бір күнді өртте өткен.
Сол соғыста қайтпай қалған қайсардың
Жаны бірге тірі келген, ерлермен.
2- жүргізуші:
Тілегені бейбітшілік әр елдің,
Тыныштыққа орансын байтақ жерің
Аттандырды соғысқа асыл ерін
Сонау жаққа,қорғауға Ауған жерін
Назарларыңызға Ауған соғысы туралы бейне фильмді ұсынамыз.
1- жүргізуші:
Ардагерлер,
Айтса ертек көргендері,
Табандары таймаған өрден кері.
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері.
Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болғандай.
1 жүргізші:
Кір жуып,кіндік кескен жері үшін,аялап,әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп,от кешкен ер азаматтарымыз ешқашан ұмытылмайды. Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, елге аман оралған, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға мың тағзым!
Сөз кезегі мектеп директоры Бозов Шынарбек Қасымұлы беріледі..
2 жүргізуші:
Өткеніміз ұмытылмайды. Бүгініміз бейбіт күн, Ертеңіміз жарқын болсын, бейбіт өмірдің ақ таңында көріскенше күн нұрлы болсын ! Қош сау болыңыздар!