«Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» квест ойын » "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш орта мектебімен"КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2021

«Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» квест ойын

Тақырыбы:«Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»  квест ойын 

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында білім алушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, 

жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер,  еліміздің рәміздері, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кітап көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд. 
 Қолданылған құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта,  компьютер, презентация, сандықша,  бағалау парағы,  марапаттау қағаздары;  


 Квест ойының барысы:

 Жүргізуші: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты квест  ойынымызға қош келдіңіздер! 
 Мен қазақпын қаныммен сүйегіммен, 

Сән –салтанат, салтымды сүйемін мен!

Бақ орнатам, осынау кең далаға, 

Мұрагермін оған да иемін мен! 

       Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен, өз мектебінен басталады. Олай болса сөз кезегін оқушыларға берейік.  (Оқушылар тақпақтарын айтады)

Жүргізуші: Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Құрметті оқушылар Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Олай болса өткенге шолу жасайық.... (Оқушылар слаидпен сөйлейді) 

Олай болса ойынға қатысушы топтарды шақырайық. (музыка)

1 – топ: «Тәуелсіздік ұландары»  

2- топ: «Алаштың асылдары»

(Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған)


Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сендерге үлкен сәттілік тілейміз! 
 Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
 Қатты білім, терең ой саналады.
 Баға берер әділқазы ортамызда
 Сізге құрметпен қол соғылады.
 Әділқазы алқасының мүшелері:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Ойын 4 кезеңнен тұрады:
 І кезең
 «Лездеме»    сұрақтарға жылдам әрі  дұрыс жауап беру. 

ІІ кезең «Құпия сандықша» 
 ІІІ кезең «Кім жүйрік кім ұшқыр» 

ІҮ кезең   «Пазл»


      Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт! 
 
 


     І кезең: « Лездеме» Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сендерге 20 сұрақ қойылады, ал сендер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. Алғашқы 10 сұрақ «Тәуелсіздік ұландарына» қойылады, келесі 10 сұрақ   «Алаштың асылдарына» қойылады. 

ІІ кезең: «Құпия сандықша»  

Бұл кезеңде жасырылған құпия сандықшаны тауып, ішіндегі заттар туралы әңгімелеп ойымызды ашық әрі нақты жеткіземіз.  Әр дұрыс жауапқа  1 ұпайдан беріледі. 

ІІІ кезең:   «Кім жүйрік кім ұшқыр»  Сыныптың ішінде жасырылған тапсырманы тауып, орындау қажет. Әр дұрыс жауапқа  1 ұпайдан беріледі.

ІҮ кезең   «Пазл»   Берілген қима қағаздарды мұқият қарап, пазлды құрып желіммен жабыстырып қорғау қажет.  Әр дұрыс жауапқа  1 ұпайдан беріледі.


Жүргізуші: Жарайсыңдар құрметті оқушылар!  Енді бүгінгі ойынның қорытындысын шығару үшін әділқазы алқасына уақыт берейік.  

Хор: «Тәуелсіз ел ұраны»


Жүргізуші:Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
 Болашаққа бар білімін берерін.
 Барыс текті жастар, сендер, білемін,
 Жалындатып биік шыңда жүрерін,- дей отырып, бүгінгі додадан кім озып шыққанын білу үшін  сөз кезегін әділқазы алқасына берелік. (Әділқазылар ұпай сандарын айтып, жеңімпаз топты атайды)


Қорытынды:  Осымен бүгінгі  іс- шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты болсын! Атамекеніміз – Қазақстан жасасын!   Тәуелсіздіктің

30 жылдығы құтты болсын!