27
ноябрь
2024
«Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері» бойынша аудандық семинар
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері»
бойынша аудандық семинар
Тақырыбы: «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері» семинар-практикум
Мақсаты: Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету
Күтілетін нәтиже:
Психологиялық қиыншылықтармен оқушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асырады;
Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда білім алушылар, ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді
Модератор:
Н.А.Жумагельдина – Ескелді ауданы білім бөлімінің әдіскері
А.Е. Сагалбаева - Психологиялық қолдау орталығының әдіскері
Қатысушылар: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолгтар
Күні: 2024 жылы 27-қараша, сағ 10.00 – 12.00
1.«Шапалақ» Психологиялық тренинг педагог- психолог Китапбаева Жадыра Дүйсеновна
2.Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Сагалбаева Алтынай Ермековна
3.Өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жағдайының моделі Шебер класс, Психологиялық қызмет тобы
4.«Бала өмірі –басты құндылық» ата –анамен жұмыс Коучинг, Темірханұлы Р, Қайранбекова А.Қ
5.«Психикалық денсаулықты сақтау» Психологтың тәуекел тобындағы балалармен жұмысы ,Психологиялық жаттығу Педагог-психолог Китапбаева Ж.Д
6.«Достық қымбат өмірде!» тәрбие сағаты Илиясқызы М, Мурат Ж
7. «Мектеп оқушыларының шығармашылық өнері» Ән шашу Латаева Д.Т
8. Семинар-практикумды қорытындылау.

Кері байланыс. Семинарға қатысушылар.
Мектеп директоры Байбосынова Ақмарал Ермекбаевна алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бугенбаева Назерке Молдахановна семинар практикумының бағдарламасымен таныстырып өтті.
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларымен Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Сагалбаева Алтынай Ермековна таныстырып, презентация көрсетті.
«Өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жағдайының моделі» тақырыюбыныда психологиялық қызмет тобы шебер класс ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету
Өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың отбасымен жұмыс істеу
Ата-ана мен бала арасындағы жағымды қарым –қатынасты орнатудың тиімді әдіс-тәсілдерін жаңа жолдарын іздестіру
Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға, отбасына қамқорлық жасау, өмірге деген көзқарасын ояту
Ата –аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеті мен құқығын, бала құқығын, орындауда құқықтық көмек беру;
Топтарға тапсырма беру
1-Топ –Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлыры
2-Топ – Педагог-психологтар
3-Топ-Әлеуметтік педагогтар
4-Топ –Сынып жетекшілер
Берілген тапсырма бойынша әр топ мүшелері ортаға шығып өз жұмыстарын таныстырды. Психологиялық қызмет тобы әр топ мүшелерін тыңдай келе өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс моделі көрстіп,.Қиын жағдайдағы балаларды қолдау - бұл олардың өмірін жақсартуға, оларға қоғамға бейімделуге және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды міндет. Олардың жағдайын түсіну, қолдау көрсету және білім беру олардың болашақта қоғамның толыққанды мүшесі болуына жол ашады. Біз бірге қолдау көрсету арқылы балаларға бақытты және сәтті өмір сүруге мүмкіндік бере аламыз деп тақырыпты қорытындылады.
Қайранбекова Арайлым Қайратқызы мен педагог-психолог Темірханұлы Руслан «Бала өмірі – басты құндылық» тақырыбында ата-аналармен коучинг ұйымдастырды.Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әр отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру. «Көңіл күй биі» әдісі арқылы ата-аналармен психологиялық ахуал өткізіп, «Wordwall» платформасы арқылы сұрақтар қойылды. Топпен жұмыс жүргізіліп: -топ «Бала өмірінде ата-ананың рөлі қандай?», 2- топ «Қазіргі қоғамның бала өміріне әсері», 3- Жағдаятты шешу
Әр топ мүшелері берілген таспысрма бойынша постер қорғады. «Сенде кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» ұжыммен жұмыс жүргізіліп, әр кірпіш арқылы үйдің іргетасы қаланып, сұрақтарға жауап берді. Арайлым Қайратқызы өмірлік маңызы бар тренинг өткізді.
Педагог – психолог Китапбаева Жадыра Дүйсенбековна «Психикалық денсаулықты сақтау» тәуекел тобындағы оқушылармен психологиялық жаттығулар жүргізді. Ынтымақтастық атмосферасын құру үшін «Күлімдеу » жаттығуын жүргізді. Келесі жаттығу «Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы . Ақ парақтың оң жағына өз пробемаларын шатысқан жіп күйінде сурет етіп салып, кескіннің төменгі жағына өздерінің суреті мен есімдерін жазады.
Келесі жаттығу «Керемет!»
Мақсаты: Педагогтардың өзіндік бағасын оңтайландыру, эмоциялық қысымды түсіру.
Келесі жаттығу «Бақыт галошы», «Соку – бачи-вира», «Монолог», «Тайпалар» сынды 9 сынып оқушыларымен жаттығу түрлерін жүргізді. Жаттығу соңы Арт-терапия- сурет бойынша әр оқушының ойын білді.
«Алтын сандық» арқылы оқушылардан рефлекция сұралды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Илясқызы Мадина «Достық қымбат өмірде» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту
Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушылармен психологиялық ахуал «Ашық микрофон» әдісі арқылы өткізіліп,оқушылар шаттық шеңберге тұрып, 1- топ «Сыйластық», 2- топ «Татулық», 3- топ «Адалдық» топтарына бөлінді. Оқушыларға бейне материал көрсетілді.
1 –топ Берілген шығарма бойынша көрініс қойып, қорытынды ой айтады.
2-топ «Достық» тақырыбында «Гүл келтелері» әдісі арқылы постер дайындады.
3-топ Ойын «Ренжістік. Достастық» ойыны ойнатылды.
«Көңіл –күй эмоция парағы» арқылы оқушылардан кері байланыс алынды. Тәрбие сағаты соңы «Менің досым» әнімен аяқталып, мұғалім сабақты қорытындылады.
Педагог – ұйымдастырушы Латаева Дамира Туңғатқызы, музыка пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Айнұр Сериковна , мектеп оқушыларының шығармашылық концерттік бағадараламасын ұсынды. Айтқожа Нұрасылдың рухты көтеретін әндерімен жалғасып,дарынды оқушыларымыз Айзере мен Аяна өз өнерлерін көрсетті.
Мектеп педагог-психологы Китапбаева Ж.Д семинар-практикумды қорытындылауда бағдарлама артқы жағындағы PADLET тақтасы арқылы өткен семинар туралы өздерінің пікір, тілектерін беруді сұрады.
Ескелді ауданы білім бөлімінің әдіскері Жумагельдина Назгул Амиргалиевна жалпы семинардың бергені көп, ұйымдастырылуы талапқа сай, бағыттық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқын, ашық, креативті форматта жоғары деңгейде өткенін айтып,мектеп ұжымына алғыс білдірді.