Жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Тенселбаева Жазира Алмахунқызының ұйымдастыруымен жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Жас педагогтердің кәсіби қиыншылықтары және одан шығу жолдары» тақырыбында мектепішілік семинарөтті. Төмендегі тақырыптар бойынша жоспар құрылып, тәлімгер ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп психологы Китапбаева Жадыра Дүйсенбекқызы «Менің сүйікті мамандығым» жас мамандарға психологиялық ахуал қалыптастырып, психологиялық қолдау көрсетті. «Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» туралы таныстырылым жасады.«Психологиялық ахуалды қалыптастыру әдістері» шебер сынып – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор Каипова Алмара Ахметқалиқызы, «Жас келсе, іске» тренинг – бастауыш сынып мұғалімі , педагог-зерттеуші Есмуратова Батес Бижарасқызы, «Инновациялық педагогикалық технологиялардың түрлері» шебер сынып – география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ибрагимова Ғалия Ермекбайқызы, «Оқу мақсатына жету үшін тапсырмаларға дескриптор мен критерий құрастыру» шебер сынып –математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ескендирова Қарлыга Бақанбайқызы, «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілетін әдіс-тәсілдер» шебер сынып – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Қайранбекова Арайлым Қайратқызы, «Конструктор уроков нового формата» таныстырылым – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Канабатырова Акмарал Мананқызы, «Сандық білім беру ресурстарын оқу үрдісінде қолдану» шебер сынып – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бекбулатова Салтанат Сабитқызы, «Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» шебер сынып –математика пәнінің мұғалімі Ақмолдаева Құндыз Ұзақбайқызы , семинардың соңында директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Тенселбаева Жазира Алмахунқызы «Padlet» платформасы арқылы жас мамандармен кері байланыс жасады.






