Әліппе әлемі – әріппен әдемі!»атты ертеңгілігі өткізілді
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Ағымдағы жылдың22– желтоқсанында 1 «Б» сынып оқушыларымен «Әліппе әлемі – әріппен әдемі!»атты ертеңгілігі өткізілді. Сынып жетекшісі: Кузубаева Сабира Сейітқызы.
Мақсаты: Білім алушылардың алған білімдерін тиянақтап, ана тілі оқулығымен таныстыру. Өз өнерлерін ата-аналарына көрсетіп, эстетикалық талғамдары тереңдете түсу және өзін-өзі басқаруға баулу.
Ертеңгілікте оқушылар Әліппе мен Ана тілінің берген тапсырмаларын:«Адасқан буындарды тап», «Шыбын ұру» әдісі арқылы математикалық есептерді орындап, санамақтар айтып білімдерін көрсете білді. Оқушылар би билеп, ән айтып өз өнерлерін ортаға салды.
Ертеңгілікке мектеп ұстаздары және сынып ата-аналары қатысты. Ертеңгілік өте жоғарғы деңгейде өтті, ата-аналар белсенділік танытып, атсалысты.
Ертеңгілік соңында білім алушыларға Білім ғылымға жол салып берер «Әліппені» сәтті меңгергені үшін сертификатпен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бугенбаева Назерке Молдаханқызы марапаттады.


