Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ
20
февраль
2021

Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының 

ХАТТАМАСЫ


Ақын Сара ауылы                                                                  15.02.2021 ж




Қатысқандар: 1,2,3,4,5,9,11 сыныптардың жетекшілері және ата- аналары 



Күн тәртібінде:


1,2,3,4,5,9,11 кезекші сыныптардың білім алушылардың денсаулығының сақталуы, санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң орындауын талап ету туралы.



Тыңдалды:

2021 жылдың 15 ақпан күні 1,2,3,4,5,9,11 сыныптардың жетекшілері және ата- аналарының қатысуымен мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова бейнебайланыс арқылы жиыналыс  өткізді. Жиынға 1,2,3,4,5 және 9,11 сыныптардың сынып жетекшілері мен ата- аналары қатысты. Жиын барысында кезекші сыныптарда оқу үрдісін ұйымдастыру, 28.12.2020ж №548 бұйрық,  Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты  шектеу шаралары кезінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін әске асыру жөніндегі әдістемелік ұстанымдармен, 1,2,3,4,5 және 9,11 сыныптар бойынша  білім алушыларының штаттық режимде білім алуына байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова 16 ақпаннан   бастап штаттық режимде білім алатын 1-5 және 9,11 сыныптарының  білім алушыларының санитарлық эпидемиологиялық талаптардың сақтауы туралы  түсінік берді. Балалардың ата-анасы немесе заңды өкілі оқушыны санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етуіне,оның ішінде бетперде, қолды өңдеуге арналған жеке құтыдағы антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл салфеткалардың болуы, сонымен қатар балаларға әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндірді. Ал мектеп тарапынан болса штаттық режимде оқыту қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, іске асырылатындағын, ондағы сабақтың басталу, аяқталу уақыты көрсетіле отырып кесте құрылатындығы, әлеуметтік алшақтық үшін физикалық байланыстарды азайту мақсатында сыныптарды екі аусымда білім алуды ұйымдастыру, әр түрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасында үзілістерді ұйымдастыру /әр сынып бойынша сабықтар әр түрлі уақытта басталады/, мектепке кіру кезінде және қайту кезінде мектеп медбикесі білім алушылар мен ұстаздар қауымының күнделікті температурасын өлшеп тексеріп, қадағаланатынын,   уақтылы кесте бойынша  дезинфекциялық құралдармен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілетінін айта кетті. Оның ішінде тепловизор, санитайзер, кіреберістегі қорғаныс кілемдері мен бактерицтік шамдар бар бәрі жүйелі түрде пайдаланылады. Бір мезетте адамдардың көп шоғырлануын болдырмау шаралары сақталып, сынып бөлмелерін ылғалды тазалау жүргізіліп тұратындығы да айтылды. Мектеп әкімшілігі үнемі қадағалап, бақылап отыратын болады. Мектептің кіре беріс табалдырығында аяқ киімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелер, барлық қабаттар мен кабинеттерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылғандығын айтты. Сонымен қатарАқешкі, Ақтұмадан қатынап білім алушыларға мектеп автобусының болатындығын  айта кетіп, автобустың аялдамаларын, мектепке келу, кету кестесімен таныстырды. 


Шешім:

  1. 1,2,3,4,5 және 9,11  сыныптардың білім алушылары 28.12.2020ж №548 бұйрық,   Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты  шектеу шаралары кезінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін әске асыру жөніндегі әдістемелік ұстанымдарға  сәйкес  штаттық режимде оқытылсын
  2. Білім алушылар оқитын кабинеттерде санитарлық талаптар сақталып, үзіліс кезінде тазалық, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсін.
  3. Ата- аналар тарапынан балалардың өмір қауіпсіздігі және сақтық шараларын сақтап, 2 сағатта ауыстыру  үшін күніне 4,5  бетпердемен балаларды қамтамасыз етсін.


                                                    Жиналыс төрағасы:             Бозов Ш.К.

                                                      Хатшысы:                              Қырықбаева  А.М.