Жас маманға көмек - заман талабы » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2019

Жас маманға көмек - заман талабы

Жас маманға көмек - заман талабы


      Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы ең өзекті мәселенің бірі- бәсекелестікке қабілетті, сұранысқа ие бола алатындай кәсіби маман, білікті педагог болу. Заманауи прогрессте әрбір білім ордасымақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай білімі жоғары,мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын жас мамандарды тәрбиелеуде.

Осы орайда Ақын Сара ауылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабаққа қойылатын талаптар» атты тақырыбында жас ұстаздарға арналған аудандық семинар өткізілді. Семинардың ұйымдастырылуына Ескелді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Жексенбеков Р.А. және Алимгазина Б.К.ұйытқы болды.Аталмыш семинарға ауданымыздың орта білім беру мектептерінен 22 маман қатысты. Семинардың негізгі мақсаты жас маманның теориялық білімін, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету, іс-тәжірибедегі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануда кәсіби әдістемелік қолдау көрсету.

      Семинардың ашылуында аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Жексенбеков Р.А. және Алимгазина Б.К. және мектеп директоры Ш.К.Бозов сөз кезегін алып, жас мамандарға сәттілік тілеп, бүгінгі семинардан ұстаздық жолдарына үлкен тәжірибе алатындарын тілге тиек етті.

Келесі кезектемектеп психологтары Нуркасимова А.К, Латаева А.Т. «Татулық – достық кілті» атты психологиялық тренингтері ақылы жас мамандар бір-бірімен танысып, жақсы көңіл – күй қалыптастырды. Семинар барысында жас ұстаздар оқыту тілі бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы ашық сабақтарғ, интеллектуалдық ойындарға қатысты. Сабақ өткізген жас мамандар: Бекежанова А.Қ, Мұхамеджанова Д.Т, Айдарова К.А, Бақытұлы Е, Қайранбекова А.Қ, Баймолда А.Т. сабақ соңында жас мамандар сабақтарына өзіндік талдау жасады. Директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Сулейменова А.М. және жас маман дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақытұлы Е. өзара кәсіби әңгіме жүргізді. Сондай – ақ семинар кезінде жас ұстаздар өз іс-тәжірибесімен бөліскен 1 деңгейлік курстан өткен ұстаздар Клеева С.П, Сулейменова А.М. «Какой современный урок» тақырыбында коучинг,3 деңгейлімұғалім Теңселбаева Ж.А «Қазіргі заманғы сабақтарға қойылатын талаптар» атты шебер-сыныбына қатысты. Аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Алимгазина Б.К. жас мамандарға «Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы» тақырыбында таныстырылым жасап, оқыту мен оқудағы кедергілер және оларды жою жолдары, сабақта нақты SMART мақсат қоюды, оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдауда, бағалаудың түрлерін дұрыс ұйымдастыружолында әдістемелік көмек берді.

Жас мамандар семинардан үйренгендерін келешекте өздерінің жаңадан бастаған кәсіби еңбек жолында тиімді пайдаланатындықтарын айтып, алғыс білдірді.

        Өткізілген сабақтардың жас ұстаздарға әдістемелік жағынан тигізер пайдасы мол болды.


 

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі

Жас мамандар клубының жетекшісі

Мысырбекова Ж.М.

 

 

Жас маманға көмек - заман талабы

 

Жас маманға көмек - заман талабы

 

Жас маманға көмек - заман талабы