8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақын Сара ауылдық округінің қыздары арасында өткізілетін волейбол » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақын Сара ауылдық округінің қыздары арасында өткізілетін волейбол
08
март
2022

8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақын Сара ауылдық округінің қыздары арасында өткізілетін волейбол

8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақын Сара ауылдық округінің қыздары арасында өткізілетін волейбол біріншілігінің

                                                                     ЕРЕЖЕСІ:


  1. Мақсаты мен міндеттері:


Салауатты өмір салтын насихаттау.

Ауылда бұқаралық дене шынықтыру қозғалысын дамыту.

Ауыл спортшыларының спорттық шеберлігін жетілдіру, волейбол ойынын дамыту.


  1. Мерзімі, өткізу орны:


Жарыс 2022 жылы наурыздың 05 күні Ақын Сара мектебінің спорт залында

сағат 12.00-де өтеді.

                                               3. Ойынды өткізудің басқаруы.


Ойынды өткізу, жалпы басқаруды ауылдың әкімі, білім, спорт бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Ойынды тікелей өткізу спорт бөлімі бекіткен бас төреші Бақытұлы Е, Керикбаев Д.Н  және командалар өкілдеріне жүктеледі.


  4. Жарысқа қатысушылар және ойын шарты:

Жарысқа Ескелді және Ақсу аудандарының оқушыларымен мұғалімдерінен құралған командалар қатысады. Команда құрамы 3 мұғалім, 3 оқушы  қыз (әйел).

Жарыс халықаралық ережелері бойынша өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары спорт түрлері бойынша алқа мәжілісі отырысында анықталады. Ойындар 3 партиядан өткізіледі,               3-ші партия 15 ұпайға дейін. Жарысқа қатысушылардың, ойыншылар жасы міндетті емес.


  5. Марапаттау:


Командалық 1-2-3 орындарға ие болған командалар, дипломмен және сыйлықтармен марапатталады.