Алғашқы әскери дайындықты оқыту мен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жүргізу Ж О С П А Р Ы » Ш.Уәлиханов (Ақын Сара) атындағы орта мектеп. Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
""Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алғашқы әскери дайындықты оқыту мен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жүргізу Ж О С П А Р Ы
03
январь
2022

Алғашқы әскери дайындықты оқыту мен жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жүргізу Ж О С П А Р Ы

2021-2022 оқу жылына арналған  Алғашқы әскери дайындықты оқыту  мен  жасөспірімдерге  әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жүргізу

Ж О С П А Р Ы

1. Алғашқы әскери дайындықты  оқыту  мен   жасөспірімдерге 

әскери-патриоттық  тәрбие   жұмысының міндеттері

       «Бастапқы  әскери дайындықты ұйымдастыру және жүргізу,сондай-ақ пәнінің оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан   Республикасының  Қорғаныс министрлігінің  2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығын орындау мақсатында,Қазақстан Республикасының білім және  ғылым министрінің «Жалпы білім беру ұйымдарына  арналған жалпы білім беретін пәндердің,таңдау курстарының  және факультативтік үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен   "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №207 қосымша №352 бұйрығын орындау   мақсатында, ағымдағы 2021-2022 оқу жылында "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәні бойынша бағдарламаның барлық бөлімі орындалуын  негізге ала отырып ұйымдастырылып жүргізіледі. 

  Азаматтарды ҚР ҚК қатарына және де басқадай әскериленген құрамаларда қызмет етуге даярлау, Отанды қорғаудағы конституциялық құқықтарын ұғыну, әскери білімдерін жетілдіруге ұмтылу, Отан алдындағы жеке басының  жауапкершілігі мен қасиетті борышы екенін терең ұғынуларына тәрбиелеу.

    Алдағы өмірде бейбіт өмір сүру міндеттілігінің талаптары әрқайсысының жеке атқаратын міндеті, ҚР азаматтарының жауынгерлік ынтымақтастығы, халықтар достығы, ата-бабалар ерлігін мақтан етіп дәріптеу, өнеге тұту, салт-дәстүрлерді құрметтеу, өз Отаны Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімдерін ояту.

    Сондай-ақ, негізгі талаптармен танысып, ату құралдарының құрамын оқып үйреніп, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру, нысанаға дөп тигізуге үйрету.

    Өз тұрған жерін анықтау, картадан таба білу, азимут бойынша қозғалыс жасау, топографиялық картамен жұмыс жасай білу. ТЖ табиғи және тұрмыстық әртүрлі апаттардан өзін және өзгелерді құтқару, жарақаттанғандар мен жараланғандарға   алғашқы мед. көмек көрсете білулері. Дер кезінде дабылға дайын болу. 




ІІ. Атқарылатын   негізгі  шаралар.

Рет

Жоспарланатын іс-шаралар атаулары

Орындалу мерізімі

Жауапты адам және 

қайда  қаралады


1.

Оқыту – ұйымдаст. жұмыс  жоспар. танысу.

Үнемі 

Директор, директор жанындағы отырыс

2.

  Оқытушы-ұйымдастырушының қала деңгейіндегі жиындарға, семинарларға т.б. шараларға қатынасуына жағдай жасау.

Айдың 3-ші сәрсенбісі,  қажет.ке қарай

Мектеп әкімшілігі

3.

  Оқытушы – ұйымдаст. АӘД бойынша және әскери-патриот. тәрбие жоспар.қарап, бекіту. 

10.09 -дейін

Директор

4.

  Бағдарлама бойынша тәжірибе жинақтау мақсатында мектепішілік және қала (аудан) көлемінде әріптестер сабақтарына қатынасу.

Жыл бойы

Оқытушы-ұйымдастырушы

5.

  АӘД сабағына қатынасу және әдістемелік көмек көрсету.

Жыл бойы

Директор

6.

  Жоғарғы сынып (9-11 сын.) ер балаларының дене бітімдерін, спорттық даярлық деңгейін тексеріп отыру.

  Оқу жылы басында, соңын және тоқс.сайын 

Директор, АӘД оқытушы-ұйымдастыр.

7.

  Пән аралық байланыс пен отансүйгітік тәрбие деңгейін қадағалау мақсатында құқық, тарих сабақтарына қатынасу.

Сабақ кестесіне байланысты

Директор, дир. орынбасарлары

8.

  Даталарға сәйкес: «Ұлы Жеңіс күні», «Қазақстан Ұланы күні», «Республика күні», «Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған  күні», «Шегарашылар күні», «Байланысшылар күні» және т.б. шаралар ұйымдастыру

Даталарға сай

  Директордың тәр-бие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

9.

  Мектепішілік саптық және ән айту байқауларын ұйымдастыру. 

Сәуір- мамыр

  Оқыт.-ұйым. дирек. тәр. ісі жөніндегі орынб., сын. жет.

10.

Сабақтан тыс үйірмелер жұмысын ұйым-дастыру.«Жас құтқарушылар», «Смарт сарбаз», «Мергендер», «Өрт сөндірушілер», «Жас ұлан» т.б.

Қазан-мамыр

Оқыт.-ұйым.,  дир. тәр-бие ісі жөніндегі орынбасары,

ІІІ. Әскери-патриоттық тәрбиені басшылыққа алу, ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Жалпы  мектепішілік іс-шаралар

Рет

Жоспарланатын іс-шаралар атаулары

Орындалу мерізімі

Жауапты адам және 

қайда  қаралады

1.

   АӘД     оқытудың негізгі     міндеттерін  түсіндіру, жасөспірімдерді ұлттық патриотизмге, Елін сүюге, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға, Отанды қорғауға дайын болуға, өз Отаны Қазақстан  Республикасына деген мақтаныштық сезімде болуға, бойларына ұялатуға тәрбиелеу.

Жыл бойы

 АӘД       оқытушы -ұйымдастырушы, директордың     тәр-бие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

2.

  Оқушылардың     біздің еліміздің, ҚР ішкі және сыртқы саясаты бейбітшілікті жақтайтыны, соғысты қолдамайтыны, басып алам деушілерге аяусыз соққы бере алатындығын жан-жақты түсіндіру. Қазақ     халқының, онда тұратын басқада ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлеріне, тіліне, дініне құрметпен қарауға және де қазақи ұлттық тұрғыда тәрбие беру, көп ғасырлық тарихын құрметтеуге насихаттау.

Жыл бойы, әр сабақтың тәрбиелік бөлімінде, тәрбие сағаттарында, сабақтан тыс шаралар өткізуде  

АӘД оқытушы -ұйымдастырушы,     директордың  тәр-бие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

3.

  Ауған соғысына  қатынасушы жауынгер-интернационалисттермен кездесу ұйым-дастыру, ашық сынып сабақтарына шақыру.

Ақпан 

    сынып

 кураторлары

4.

  Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру.

Сәуір-мамыр

Дир. тәр-бие ісі жөніндегі орынб. сынып жетекшілері

5.

  «Азаматтық қорғаныс» апталығын ұйымдастыру.

Ақпан 

   АҚ Штабы Бастығы, АӘД оқытушы -ұйымдастырушы

3.2. Әскери-патриоттық тәрбиені бақылау және басшылық жасау.

Рет

Жоспарланатын іс-шаралар атаулары

Орындалу мерізімі

Жауапты адам және 

қайда  қаралады

1.

  Жалпы мектептік ата-аналар комитеті жиналысын өткізу, онда, «Бала тәрбиесінде әскери-патриоттық тәрбиенің  алатын орны мен атқаратын ролі» тақырыбында баяндама жасау. Мектепте патриоттық тәрбие беру жөнінде кеңес құру, құрамын бекіту, олардың мектепішілік іс-шаралар өткізгенде көмек көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатынастыру. Әр сынып жетекшілері тәрбие жоспарларына патриоттық тәрбие туралы бөлім енгізуді қадағалау. Кеңес жұмысына бағдар беру.

Қырқүйек, қазан айындағы бірінші отырыс

     Директор, АӘД оқыт. –ұйымд.

    Дирек. тәр-бие ісі жөніндегі орынб., сынып жетекшілері

2.

    Даталарға сәйкес: «Ұлы Жеңіс күні», «Қазақстан Ұланы күні», «Республика күні», «Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған     күні» т.б. шаралардың  дұрыс өтуін,  жоспарлануын қадағалау.  

Даталарға сай

  Директордың тәр-бие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

3.

   Қала деңгейінде өтілетін әскери-спорттық жарысқа қатынасу, оған дайындық жүргізу.

Жыл бойы, сәуір-мамыр

    АӘД     оқытушы -ұйымдастырушы, сынып     жетекшілері

4.

  Оқу жылының аяқталуына байланысты қорытынды мектепішілік әскери-спорттық жарыс ұйымдастыру.

Сәуір, мамыр

АӘД  оқытушы -ұйымдастырушы

3.3.   Жас ерекшеліктеріне қарай сыныптар арасындағы тәрбие жұмысы.

3.3.1.   5-9 сыныптар арасында атқарылатын жұмыстар.

Рет

Жоспарланатын іс-шаралар атаулары

Орындалу мерізімі

Жауапты адам және 

қайда  қаралады

1.

 Танымдық, патриоттық мақсатта мұражайларға саяхат.

Қыркүйек-сәуір

Сынып жетекшілері

2.

  «Жас ұлан - әскери-спорттық жарысына қатынасу біз үшін  мақтаныш!» тұрғысында даярлық үйірмелерін ұйымдастыру.

Жыл бойы 

АӘД     оқытушы -ұйымдастырушы, сынып жетекшілері

3.

  Үйірмелер ұйымдастыру.

Жыл бойы

АӘД    оқытушы -ұйымдастырушы


3.3.2     10-11 сыныптар арасында атқарылатын жұмыстар.

Рет

Жоспарланатын іс-шаралар атаулары

Орындалу мерізімі

Жауапты адам және 

қайда  қаралады

1.

   «Жас сарбаздар» клубын құрып, жетекшілік (шефтік) әскери бөлімшемен бірлесе істелетін жұмыстар жоспарын  құру, ұйымдастыру. Тығыз байланыс орнату, әскери бөлімге саяхат жасау, әскери     қызметшілер өмірімен, тұрмысымен танысу.  

Мүмкіндіктерге қарай

АӘД    оқытушы -ұйымдастырушы, директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

2.

  «Жалпымектептік Азаматтық қорғаныс айлығын» өткізу.

Ақпан-наурыз

АӘД    оқыт. –ұйымдас. АҚ және ТЖ Штаб бастығы

3,

   - ҚР қорғау, ҚР Конституциясы  мен заңдары; ҚР ҚК әскери доктриналары; ҚР ҚК әскери дәстүрлері; Ұлы Жеңіс (1941-45), «Қазақстандық батыр аталарымыз бен ағаларымы»з; «Әскери болу-арманым»     т.б. тақырыптар бойынша кездесулер, ашық сабақтар, тәрбие сағатттарын ұйымдастыру.  

Жыл бойы

Сынып жетекшілері,  директордың  тәр-бие ісі жөніндегі орынбасары,




АӘТД пәні  оқытушы –ұйымдастырушысы:                          лейтенант Жантасов Е.Н.