тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие бағыты бойынша 2022-2023 оқу жылында жүргізілген жұмыстарға есеп
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерін құру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспар бойынша тәрбиенің басым бағыттары:
1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
2. Рухани-танымдық тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасылық тәрбие
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру
Тәрбие жұмысының тақырыбы: Тәрбие жүйесінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған,патриот тұлға дайындау
Тәрбие жұмысының мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу
- оқу жылында білім беру ұйымында іске асырылатын жобалар
"Оқуға құштар мектеп",
«Қоғамға қызмет»,
«Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру»,
"Дебат" қозғалысы,
"Мектептің өзін-өзі басқаруы",
"Қуыршақ театр" жобасы
2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымында іске асырылатын атаулы даталар:
1.Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы
2.Роза Бағланованың 100 жылдығы
3.Қазыбек бидің 355 жылдығы
4.Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы
5.Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы
6. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы.
2022-2023 оқу жылының 01 тамыз бен 31 қыркүйек аралығында «Шекарасыз жақсылық - Мектепке жол!» ұранымен республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты: Аз қамтылған, көпбалалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы оқушыларының әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке келмеуінің алдын алып, оқушыларға материалдық көмек көрсету.
Әлеуметтік статусы бойынша 19 оқушы туыстарымен тұрады.
19 оқушының 3-еуі қамқоршысымен тұрады,
Олар ата –анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар: Нұрғали Диас, Нұрғали Аруна,Нурлан Балауса
- 12 оқушы нағашы апасымен
- 2 оқушы туған апасымен
- 1 оқушы анасының әпкесімен
- 1 оқушы туған әпкесімен тұратыны анықталды
Осы жоғарыда анықталған 19 оқушының бесеуінде ғана ата-анасының сенім хаты бар.
Олар Сафарова Аделина 1 «Б» сынып,
Батырбек Абдуррахман 2 «Б» сынып
Білім күніне орай 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің ойларым,армандарым,үміттерім», «Менің жарқын жазғы оқиғаларым!», «Менің саяхатым» тақырыптарында видео-роликтер жасалып, әлеуметтік желілірге салынды.
1-қыркүйек білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм» тақырыбында салтанатты жиынның өту бағдарламасы құрылып, бекітілді.
Салтанатты жиынның соңы «Білім күні» мерекесі 2022-2023 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасты және 1- қыркүйек «Білім күні» - жалпы құқықтық білім беру бойынша Ескелді АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны С.Т.Мансуров келіп, 10-11 сынып оқушыларына «Қылмыстық жауаптылықтың жасы», «Есірткі қылымысының алдын алу», «Зорлық – зомбылықтың құрбаны болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болады?» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, слайд көрсетіліп, жадынамалар таратты.
«Тіл айлығы» жоспары бойынша қыркүйек айының 5-і күні 5 – 11 сыныптар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мектепішілік іс-шаралар өткізілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 19 қыркүйек күні мектеп кітапханашысы Айнабаева. Н ұйымдастыруымен 3-сыныппен «Ұлттың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында мектеп кітапханасында портреттік кеш өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерн оқып, алған әсерлерімен бөлісті.
5-қыркүйек күні 1-11 сынып оқушыларна арналған «Адалдық сағаттары» өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдер арсында жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар жасамауға жол бермеу.
2022 жыл «Балалар жылы» аясында Бекбулатова С.С жетекшілігімен 6 –сынып оқушыларымен «Спорт – денсаулық кепілі» эстафеталық ойындар, 5 – сынып оқушыларымен Зияткерлік интеллектуалды сайыстар, жетекшісі Бекежанова А.Қ, «Абайлаңыз бағдаршам!» білімділер сайысы, «Бақытты балалық шақ!» сурет байқауы өткізілді.
«Отбасы күнін» мерекелеу аясында «Отбасы-бақыт мекені» апталық өткізілді.Отбасылық құндылықтарды насихаттау, озық отбасылық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталыққа жоспар құрылып,
26 қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.М.Бугенбаева 8-11 сынып қыздары арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысын өткізді.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Teachers күнін мерекелеу шеңберінде іс-шараларды сапалы дайындауды ұйымдастыру үшін жұмыс жоспарын құрылып, бекітілді.
30 қыркүйекте «Дублер күні» ұйымдастырылды.
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты қарттар күнін өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, өткізілді.
Зиянды әдеттердің алдын алу және жеңу бойынша оқушыларға білім Ұйым мүшелері өздеріне жүктелген міндеттері бойынша мектеп оқушыларының мектеп формасын, тазалықтарын, оқулықтарының тазалықтарын қадағалап, тіркеу журналына алып, әрдайым ескертулерін айтып отырады. 13-қазан күні «Болашақ» мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – игілік нұры» тақырыбында 4-10 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке ұйымдастырудағы мақсат білім алушыларды еңбекке, ұйымшылдыққа, бастамашылыққа, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу болды. Жәрмеңкеде әр сыныптан 2-3 сатушы алжапқыш пен орамал тағып, қайырымдылық туралы қанатты сөздер қойылды Сонымен қатар күн сайын білім алушылардың сабаққа қатысуы бойынша сынып жетекшілер тарапынан анықталып, аптаның әр жұма күні педагог ұйымдастырушы А.Н.Сембай аудандық білім бөліміне есеп береді.Білім алушылардың денсаулығына байланысты анықтамалары мен сұранған күндеріне өтініштері жинақталды.
Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында үйірме жұмыстары мен спортық секция жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы оқушы саны | Жалпы үйірме саны | Ақылы үйірме бойынша | Ақысыз үйірме бойынша | ||
Ақылы үйірме саны | Оқушы саны | Ақысыз үйірме саны | Оқушы саны | ||
Мектеп бойынша жалпы оқушы саны-333 | 22 | 8 | 116 | 14 | 205 |
Ұлттық базалық деректер қорына енгізілген.
Қазан айында аудандық «Best ата-ана комитеті» байқауына қатысып, мектебіміз ІІІ-орынды иеленді. Жауапты Қыдырманова Д.Т. Осы байқауға ат салысқан мұғалімдер: Кузубаева С.С, Байжанова М.Ж, Упинова А.Б, Кайпова А.А, Баймолда А.Т, Қайранбекова А.Қ
19- қазан күні «Болашақ» мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында «Күз кереметтері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың талантын шыңдайтын,табиғатқа, күз мезгіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
21-қазан күні 5-7 сыныптар арасында 5 «А» сыныбы және жетекшісі Қыдырманова Д.Т ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз!» тақырыбында байқау өткізілді.Байқау қорытындысы бойынша І- орын 7 «Б» сыныбы, ІІ-орын 5 «Б» сыныбы, ІІІ-орын 7 «А» сыныбы иеленді, 6 «А» сыныбы «Күзгі сый», 6 «Б» сыныбы «Best костюм» номинацияларымен марапатталып, қатысқан сынып оқушыларының ата-аналарына алғыс хаттар берілді.
26- қазан күні 8-10 сынып оқушылары арасында Мухамеджанова Д.Т ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз- 2022!» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпазадар мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
І- орын 10 «Б», ІІ-орын 9 «А», ІІІ-орын 8 «Б», «Өнерлі- өрендер» номинацисы 8 «А» . Қатыспаған 9 «Б» сынып оқушыларымен жеке жұмыстар жүргізіліп, себептері анықталып сынып жетекшісі Мысырбекова Ж.М ауызша ескерту берілді.
25 қазан Республика күніне орай мерекелік іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. 19- қазан күні 5-11 сынып оқушыларымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында жалпы республикалық эссе байқауы өткізілсе, ал 1-4 сыныптармен “Атамекен” тақырыбында жалпы республикалық диктант жаздырылды. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялата отырып, сауатты жазуға баулу.
арасында «Әкем, анам және мен – біз спорттық отбасы!» отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Салауатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру. Жарысқа әр сыныптан 6 топ қатысып, әр топтың атауы, ұраны, эмблемасы болды. Жарыстың әділ өтуін әділ қазылар бақылады. 7 кезеңнен өткен сайыс нәтижесі бойынша «Бас жүлде» 3«А» сынып «Жалын» тобы, І орын 4«А» сынып «Болашақ» тобы, ІІ орын 3«Б» сынып «Қыран» тобы, ІІІ орын 2«Б» сынып «Тәуелсіздік» тобы иеленді, ал 2«А» сынып «Айжұлдыз» тобы «Ең жылдам топ» номинациясымен, 4 «Б» сынып «Отан» тобы «Ең көңілді топ» номинациясымен марапатталды.
Қазан айының 21-і күні 1-11 сынып оқушылары арасында 25 қазан Республика күніне орай «Патриотизм дауысы» мемлекеттік гимннің жаппай орындалуы өтті. Қазан айының 22-і күні «25 қазан Республика күні» атты мерекелік салтанатты жиын өтті. Жиын барысында Мемлекеттік Ту салттанатты түрде енгізіліп, Гимн орындалды. Мектеп директоры Бозов Ш.Қ құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараларға белсене қатысқан білім алушыларды марапаттады. Мерекеге орай ұйымдастырылған жиында білім алушылар Отан туралы өлең жолдарын айтып, патриоттық рухты көтеретін ән шырқап, би биледі.
Құқық бұзушылық бойынша бірнеше балалармен мектеп психолгы Китапбаева Ж.Д бірлесе отырып алдын алу жұмыстарын жүргіздік. Атап айтсақ 11 «Б» сынып оқушысы Бекмұхамбет Мөлдір , 9 «Б» сынып оқушысы Сайлаухан Аружан пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері арасында түсініспеушілік туындауына байланысты,10 «А» сынып оқушысы Серікхан Ұлпан мен ата-анасының арасында түсінсіспеушілік туындауы, 9 «Б» сынып Мишакиров Ниет, 8 «А» сынып оқушылары Абдуалит Амир, Сатыбалдиев Мерей, Диас, Рахат Ғани, Құмарбеков Нұрхан есімді балалармен тәртіп бұзғаны үшін, түсініктемелер алынып, ескертулер берілді. Тәртіп бұзушылықтар қайталанатын болса бақылауға алынатындықтары ескертілді. Бекмұхамбет Мөлдір 21 қазан 2021 жылы мектепішілік есепке алынса, биылғы оқу жылында Серікхан Ұлпан есепке алынды. Екеуінің есепке алыну себебі: отбасындағы ата-анасымен қарым-қатынасы дұрыс емес, мінезінен ауытқушылықтардың байқалуы.
Қараша айының басында Халықаралық балаларды қоғау күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» онкүндік іс – шараларының жоспары құрылып, бекітілді. Мақсаты:мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың біріңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың бизнес топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.
10- 14 қараша күні 5-10 сынып оқушылары арасында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып, «Болашақ» мектеп парламентінің ұйымдастыруымен оқушылар жиынында әр сыныптан оқушылар өз ойларын ортаға салып, қорғап шықты.
А.М.Абдиева мен А.А.Тұрсынғалидың жетекшілігімен «Құқығым бар!» эссе байқауы 7 «А», 8 «А» сыныптарымен өткізіліп, Ердаулетқызы Аяна 1-орын, Қайырқан Інжу 2-орын, Мырзағали Айша ІІІ-орынды иеленіп, мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды. «Өмір ағашы. Менің шежіремнің тарихы» 5 «А» сыныбымен Д.Т.Қыдырманова жетекшілігімен тәрбие сағаты өткізіліп, оқушылар өздерінің шежірелерімен танысытырып, оқушыларға презентация арқылы көрсетілді. 6 «А», 6 «Б», орыс сыныптарымен «Әр баланың құқығы бар - Каждый ребенок имеет право!» сурет байқауы өткізілді. Жетекшісі К.А.Айдарова. «Балалық шақты бірге қорғайық!» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында челлендж өткізіліп,әлеуметтік желіге орналастырылды.Жетекшілері бастауыш пәні мұғалімдері. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында балалар аса қызығушылықпен сурет салды. 16- қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.М.Бугенбаева, педагог ұйымдастырушы А.Н.Сембай, мектеп психолгы Китапбаева Ж.Д бірлесе отырып, «Бақытты ана- бақытты бала- бақытты ел!» тақырыбында ата-аналармен семинар өткізілді. Мақсаты: Ата - аналардың мектеппен байланысын нығайта отырып, ата - анадан бала тәрбиесіне қатысты мәселелерден пікірлерін сұрау, еркін әңгіме тарату.
Сұрақ - жауап, тренинг, талқылау, пікірлесу, шығармашылық тапсырма
беру арқылы кездесу сағаты/ коучинг өткізіліп, «Айгөлек» бишілерінің орындауында би, Оразбай Алмастың «Әке-ана» әнімен жалғасты. Мектеп кітапханасында «Өз құқығыңды біліп,өзіңді қорға» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды.Онкүндік аясында түнгі рейд жұмыстары да өз жалғасын тауып, кешкі, түнгі уақытта оқушылар арасында құқық бұзушылық орын алған жоқ.
8-20 қараша аралығында жоспар бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың тұрмыстық зорлық –зомбылық және қатігездік көрсетудің алдын алу профилактикасы «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты апталық жоспары құрылып,іс-шаралар өткізілді.Мақсаты: балаларға,ата-аналарға қатігездік пен елемеушілік таныту мәселесіне қоғамның назарын аудару,балалрға қатысты қатігездікке мүлдем төзбеушілік және адам өмірі мен саулығы,жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан ең бағалы дүние деген пікірді қалыптастыру,түрлі зорлық-зомбылық көрсетуден қорғану және қауіпсіз іс-әрекет туралы ойлануға мүмкіндік бермеу
Ескелді АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция капитаны С.Т.Мансуров,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.М.Бугенбаева, мектеп психолгы Ж.Д.Китапбаева бірлесе 8-10 сынып оқушыларына кәмелетке толмаған жастар арасында әлімжеттік, бопсалау, қорқытып алу және «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында жасырын сауалнама алып, кәмелетке толмаған жастар арасында әлімжеттілік және құқық бұзушылықтың алдын алуы, сондай –ақ зиянды заттардың алдын алу тақырыптарына талқылау жасалып, мектеп оқушыларына түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп,жасөспірімдердің қылмыстық іс- әрекеттерінің алдын алу жолдары, «Қатігездіксіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыптарында, бүгінгі күндегі жасөспірімдер арасында жиі орын алатын қылмыс әрекеттеріне тоқталып, (оқушылар арасында ақша жинау, ұрлық жасау,әлімжеттілік) оларға қатысты қандай жаза қолдантындығы туралы айтып өтті.
Балалардың жолда жүру қауіпсіздігіне бағытталған"Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты іс – шаралар жоспары құрылып, бекітілді.Жоспар бойынша 1-4 сыныптар арасында «Жолда жүру ережесін білейік, аман –есен жүрейік!» видеоролик көрсетіліп, «Жолда жүру ережесін сақтайық!» жадынамаларымен таныстырды.Жоғарғы сыныптар арасында «Мектепке барар қауіпсіз жол!», « Жол таңбалары!», «Жаяу жүргінші – назар аудар!» тақырыптарында дәріс сабақтар мен сынып сағаттары өткізіліп, эссе жазылды.
«Дәуірдің дара тұлғасы - М.Әуезовтың » 125 жылдығына орай Уясбаева Ә.А мен Әбдиева А.М және оқушылардың қатысуымен челлендж ұйымдастырылды
16-қараша күні «Аңыз бен абыз» Шерхан Мұртазаның 90 жасқа толуына орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша 8 «Б» сынып оқушыларымен «Қазақстанның табиғаты» тақырыбында Жұмабек Қалима сынып сағатын өткізді.Ұлттық тәрбие бағыты бойынша «Ата-бабамыздан қалған асыл мұра», «Туған өлкемнің киелі жерлері» 6 «А», 4 «Б», 2 «Б» сыныптарымен онлайн экскурсия жүргізіліп көрсетілді. Жетекшілері: Айдарова К.А, Иманбекова Н.Қ
10-11 қараша күндері «Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Жылы жүрек – жоMarch қол» атты қайрымдылық акциясы өтті. Акцияға мектеп ұжымы, қамқоршылық кеңес және оқушылар ерікті түрде қатысты. Қараша айының 25-29 аралығында «Мейірім» атты сурет байқауы 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.Жетекшісі : Бекбулатова С.С
Қараша айында аудандық «Мен және менің сыныбым» атты бейне визиткасы акциясына біздің мектеп ұстазадры да өз үлестерін қосты.
4 «Б» сынып жетекшісі Қайранбекова А.Қ жүлделі ІІ- орынға ие болды.
Аудандық жас суретші байқауына қатысқан 9 «А» сынып оқушысы Әбдісаламұлы Елнұр қатысып, жүлделі ІІІ- орынға ие болды. Жетекшісі Бозова А.Т
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған аудан әкімінің атынан «Ертігілер еліне саяхат» тақырыбында Жаңа жылдық шырша мерекесіне Нурғали Аруна, Нурлан Балауса барып қатысты.
«Қош келдің- 2023 жаңа жыл!» мерекесіне орай мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді.
2023 жылдың 01 ақпанмен 28 ақпан аралығында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығының жоспары құрылып, бекітілді.
1-11сыныптар арасында сынып жетекшілер ақпанның 6-сы күні «Құқықтық сауаттылық – заман талабы», 13-ші ақпан күні «Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау» , 20-шы ақпан күні «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу» бойынша сынып сағаттарын өткізді. 9- ақпан күні «Тәртіпке бағынған құл болмас» 8-11 сынып ұлдарына, «Ұл тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» 5-7 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді.
Ескелді АПБ-нің ЖПҚБ-нің КТІЖ-гі УИ полиция Mayоры Акимбеков Бақыт Саламатович, Ескелді АПБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ-ның УПИ полиция лейтенанты Жаксылыков Саят Жумаканұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.М.Бугенбаева,мектеп психологы Ж.Д.Китапбаева бірлескен жұмыс барысында кәмелетке толмаған жастар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстық жағдайларын алдын алу және есірткі мен психотроптық заттарды тұтыну қауіпі мен салдары бағытында оқушылармен жиналыс өткізді. Schoolchildren есірткі және басқа зиянды заттардың алдын алу бойынша оқушы жастар арасында нашақорлық, ішімдік, темекі тартуға қарсы, электоронды есірткі қолдануға болMayтыны айтылып ескертілді. Сондай-ақ білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттар тізбесімен таныстырды.Негізгі мақсат: оқушыларға темекі, ішімдік, есірткінің зиянын, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу, қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу. Кешкі рейдтік жұмыстар бойынша түнгі уақытта көшеде жүруге болMayтыныдығы туралы да ескертілді.
Психологиялық қызмет бағыты бойынша біріккен жұмыс жоспары аясында психологиялық қызмет мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.М.Бугенбаева, мектеп психологы Ж.Д.Китапбаева, әлеуметтік педагог Ж.Пәйзолла білім алушылармен және ата-аналармен,білім алушылармен мектептегі буллинг және кибербуллинг, зорлық –зомбылықтың алдын алу бойынша семинар-жиналыстар өткізіп, бағыт-бағдар берілді. «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы!» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларымен ата-аналарының қатысуымен спорттық іс-шаралар дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізіліп, қатысқан отбасыларға мақтау қағаздарымен сыйлықтар берілді. Құқық әліппесі» викториналық сайыс сабақ 6 «А» сынып оқушыларымен Айдарова К.А жетекшілігімен ұйымдастырылып, оқушылар белсене қатысты. 28 –ші ақпан күні құқық айлығының қорытынды есебі жазылды.
Психологиылық қызмет тобы мүшелері 27 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасын бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асырудың ерекшеліктері тақырыбында облыстық семинарда, 28 –ақпан күні «Тәрбие -2023» облыстық семинарда «Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытын ұйымдастырудың инновациялық әдістері» тақырыбында өз іс-тәжірбиелерімен бөлісті./ ДТІЖО Н.М.Бугенбаева, психолог Ж.Д.Китапбаева,әлеуметтік педагог Ж.Пәйзолла,педагог –ұймдастырушы А.Н.Сембай, сынып жетекші А.Қ.Қайранбекова/
17 ақпан күні «Қуыршақ театры» жобасы аясында «Болашақ» мектеп парламенті бастауыш сынып оқушыларына «Аңдардың қыстауы» ертегісінің қойылымын қойды. Мақсаты: ертегі жайлы түсініктерін тереңдету, сөздік қорларын, тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.
1-наурыз – Алғыс айту күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді.
Ақпан айының 21-і күні «Құқықтық сана-қауымға пана» жобасының аясында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сауалнама алынды. Мақсаты: Schoolchildren адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Сауалнама алу барысында күдік келтіретін жағдайлар байқалған жоқ.
https://www.instagram.com/p/Co6UrwSDno3/
8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
«Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз» күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
Көктемгі каникулға байланысты барлық сыныптар техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, ата-аналардан кері байланыстары алынды.
Тәрбие саласы бойынша өткізілген байқаулар бойынша аудандық «Абай, Шәкәрім, Яссауи» оқулары өткізілді. Бұл байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қырықбаева Айдана Маратқызы, Түстебаев Жасұлан Кәденович, Уясбаева Әсел Айтқұрмановна Өкінішке орай осы байқаулардан орын болмады.
Биылғы оқу жылы бойынша аудандық «Best сынып жетекшісі-2023» байқауына Бозова А.Т құжаттары жіберілді.Тәрбие саласы бойынша әрбір өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерге және мектеп сайтына салынуда.
Наурыз айының 30-ы күні аудандық семинар «Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы» тақырыбында өтті. Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Жоба бойынша жұмыс бастауыш сыныптар арасында «Қуыршақ театры» Мақсаты:
- оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
5-10 сынып оқушылары арасында «Қоғамға қызмет» жобасы
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылды.
7-9 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай жоспарланған іс-шаралар.
19-мамыр күні «Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында мектеп оқушылары флешмоб орындады. Мақсаты: мектебімізде зорлық-зомбылықтың алдын-алу.
19 мамыр күні жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Жиналыста .2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;Жазғы демалыс кезіндегі білім алушылардың техника қауіпсіздік ережелері;Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру;
Жазғы сыртқы лагерь ; «Бала бойында жақсы мінез қалыптастырудағы ата-ана рөлі» ата-аналарға кеңес беру; 2022-2023 мектеп оқушыларының жетестіктері мәселелері бойынша есептер беріліп, талқыланды. Жалпы бір жылда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалынды. Судағы қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме.Жол қозғалысы ережелері, ҚТ «Жазғы демалыста өзін қалай ұстау керек» тақырыптарында сынып жетекшілер өз сыныптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 22-мамыр күні мектепішілік оқушылар жиыны болды. Жиында Жазғы демалыс кезіндегі білім алушылардың техника қауіпсіздік ережелері және «ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
.
Облыстық «Яссауи оқуларына» 9 «Б» сынып оқушысы Маман Дарын қатысып жүлделі 1 орын иеленіп, республикалық «Яссауи оқуларына» барып қатысып, арнайы алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Мысырбекова Ж.М. Ескелді оқуларынан 7 «Б» сынып оқушысы Ризабекқызы Нурсабиля «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» мерекесін өткізу туралы жоспар құрылып, бағдарламасы бекітіліп, бұйрық шығарылды. Соңғы қоңырау мерекесі 2023 жылдың 1 -маусым мектеп алаңында сағат 900 де басталды.
2022-2023 оқу жылында мектебімізде жалпы 51 бала қала сыртындағы жазғы демалыс лагерьіне барады. Олар әлеуметтік жағдайы бойынша аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, үздік, дарынды оқушылар.
Тәрбие саласы бойынша әрбір өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерге орналастырылды.
Тәрбие бағыты бойынша 2022-2023 оқу жылында жүргізілген жұмыстарға SWOT-талдау,
Күшті жақтар(басқалар алдында басымдық беретін ұжымның қасиеттері) * Тәрбие бағыты бойынша жоспарланған әр бағытқа арналған мектепішілік тақырыптық іс- шаралар жоспарлы түрде жүргізілді. *Білім алушылардың сабаққа қатысуы қадағаланып, аудандық білім бөліміне мәлімет жіберіліп отырылды. *Патриоттық бағыттағы тәрбие жұмысы жоғарғы деңгейде жүргізілді. *Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытына арналған іс- шаралардың ұйымдастырылуы. * Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша спорттық шаралардың өз деңгейінде өтілуі. Спорттық іс- шаралардың, аудандық көлемдегі сайыстардың өз деңгейінде жүргізіліп, жетістікке жетуі. * Әлеуметтік тұрмысы төмен көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және жетім, ата- анасының қамқорынсыз қалған балаларға көңіл бөлініп, көмек көрсетілуі. | Әлсіз жақтар (оқу орынының жұмысын әлсірететін қасиеттер) * Кейбір сынып жетекшілер тарапынан ата- аналармен және оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың жүйелі болмауы. *Кейбір сынып жетекшілер: тәрбие саласы бойынша ұйымдастырылып жатқан байқауларға немқұрайлы қарауы. * Кейбір сынып жетекшілер өткізілген шараларын әлеуметтік желілерге жарияламау. *ұйымдастырылған кешкілік кезекшілік бойынша кейбір кезекші мұғалімдердің ескертусіз шықпауы. * Аудандық оқулардан жүлделі орындардың аз болуы |
Мүмкіндіктер (мақсатқа жетуге қосымша мүмкіндік беретін сыртқы ықтимал факторлар) *Жоспарланған кейбір іс- шараларды уақтылы жүргізу * Сынып жетекшілер тарапынан жаңаша әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, сынып сағаттарын өткізу * тәрбие бағыты бойынша жоспарланатын іс- шараларды жеңілдетіп /аз көлемде/ өткізу *Білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында сынып жетекшілер тарапынан сыныптары бойынша жаңа оқу жылында іс- шаралар ұйымдастыру, қадағалау. * Сынып жетекшілер әр тоқсан сайын өз жұмыстарына рефлекциялық есеп беріп отыру. * «Дебат», «Адал Ұрпақ» клубы, «Өзін- өзі басқару», «Жас сарбаз» ұйымдарының жүмыстарын жандандыру. * «Оқуға құшар мектеп» , «Қуыршақ театры» , «Қоғамға қызмет»жобалары аясындағы жұмыстарды жандандыру. | Қауіптер (мақсатқа жетуді қиындататын сыртқы ықтимал факторлар) |
Дайындаған директордың тәрбие
жөніндегі орынбасары: Н.М.Бугенбаева