Тәрбие жұмысының жоспары 2021-2022 оқу жылы
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Ш.К.Бозов
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерін құруаясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Тәрбие жұмысының тақырыбы:
«Рухани адамгершілік құндылықтары арқылы білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру»
2021-2022 оқу жылы
ТӘЖІРИБЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі№145 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады.
Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрдегі бірлескен жұмыс
Тәрбие жұмысының мақсаты:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асыруды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жұмыс жүргізу;
- Мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының The presidentі Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында,
- Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау,
- Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
- Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында жастар патриотизм тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса мән береді.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
- Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
- Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
- Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
- Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
- Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ эволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басшылыққа алуына ықпал ету.
- Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
- Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
- Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
- Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру.
- Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, ұлт ететін мәдени-генетикалық кодтың негізі.
Күтілетін нәтижелер:
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:
- Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықты аясын; Білім алушы жастарда қазақстандық патриотизмды, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың артып отырған деңгейін;
- Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениеткеқұрметі;
- Рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
- Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруді;
- Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуын;
- Тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға саналы қарым-қатынасын қалыптастыруды;
- Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін;
- Табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін-өзі жүзеге асыруды, отбасы институтының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
- Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.
Іске асыру тетіктері
- Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымында іске асырылатын жобалар
"Оқуға құштар мектеп"
"Құқықтық сана - қауымға пана"
"Дебат" қозғалысы
"Мектептің өзін-өзі басқаруы"
"Театр сабақтары" жобасы
Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
- «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
- «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169VI Заңы;
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Scienceнің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:
Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) құрайды.
1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
2. Рухани-танымдық тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4.Отбасылық тәрбие
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру
1.Бағыты: Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие Мақсаты:білім алушылардың бойында патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезім; тұлғалық еркіндік құндылығын; адамаралық және топаралық төзімділік құндылығын; зорлық зомбылық пен агрессияға жол бермеу; меншік пен материалдық молшылық құндылығын; еңбекті құрметтеу; өмірге деген құрмет сезімін; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдікқұқығыидеясыныңпринципінқалыптастыру. | ||||
№ | Іс шаралар атауы | Аяқтаунысаны | Жауаптылар | Орындаумерзімі |
1 | Алғашқы қоңырау 1 сыныпты «Кел, балалар, оқылық!» 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты | Салтанатты жиын Information Әлеуметтік желңге орналастыру | ДарменбековаГ.М. Сынып жетекшілер | 01 қыркүйек |
2 | Жоба бойынша жұмыс «Құқықтық сана – қауымға пана». Оқушының мінез – құлық ережелері» «Жол жүру ережелерін еске түсіреміз!» | Жоспар жиналыс | Дарменбекова Г.М Сынып жетекшілер | 08 қыркүйек |
3 | Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың тұрмыстық зорлық –зомбылық және қатігездік көрсетудің алдын алу профилактикасы/ апталық өткізу/ «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» | Жоспар, анықтама | Дарменбекова Г.М Сынып жетекшілер | 08-18 қараша |
4 | 1-7 сыныптар- Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық (эмоционалдық) және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша сұхбаты -талқылау «Мектеп-қатыгездік пен зорлық – зомбылықтан азат аумақ» 8-11 сыныптар- «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады!» толғау-сұхбаты | анықтама | Педагог-психолог | 15 қараша |
5 | «Алдын алу кеңесінің отырысы» | Жиналыс, хаттама | Кеңес мүшелері | Тоқсанына 1 рет |
6 | The president күніне арналған іс-шаралар: тәрбие сағаттары шығарма, мәнерлеп оқу байқауы, кинофильм көру. | Жоспар, сынып сағаттары, бейнебаян, слайд | Дарменбекова Г.М Бугенбаева Н.М. Сыныпжетекшілер | 22 қараша мен 01 желтоқсан аралығында |
7 | Оқушыларды Жас Ұлан және Жас Қыран қатарына қабылдау | Жоспар видеоролик | Бугенбаева Н.М. | 01 желтоқсан |
8 | Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына апталық шаралар ұйымдастыру." | Жоспар, сынып сағаттары, бейнебаян, слайд | Дарменбекова Г.М Бугенбаева Н.М. Сыныпжетекшілер | 06-16 желтоқсан |
9 | 1-11 сыныптар- Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтауға арналған сынып сағаттары. | сынып сағаттары, бейнебаян, слайд | Сыныпжетекшілер | 27 желтоқсан |
10 | Жоба аясында «Құқықтық сана-қауымға пана» дөңгелек үстел 5-10 сыныптар | жоспар, анықтама | Қыдырманова Д.Т | 10 қаңтар |
11 | Адал ұрпақ «Шынайы және сатылMayтын еңбек» тақырыбында оқушылар арасында әңгіме | анықтама | Бугенбаева Н.М. | 14ақпан |
12 | 9-11 сыныптар- «Терроризм – қоғамға қауіпті» | дөңгелек үстелі | Дарменбекова Г. | 18 наурыз |
13 | 1-11 сыныптар-Көктем демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтауға арналған сынып сағаттары. | сынып сағаттары, бейнебаян, слайд | Сыныпжетекшілер | 14 наурыз |
14 | Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке шақыратын пікір-сайыс, акциялар оқушылар арасында ұйымдастыру | Анықтама, презентация | Дарменбекова Г.М Бугенбаева Н.М. Сыныпжетекшілер | 30 наурыз |
15 | «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР заңдарын оқушылар арасында таныстыру. | Анықтама презентация | Кітапбаева Ж.Д. | 11 сәуір |
16 | «Мен-сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» суреттер байқауы | Байқау, видеоролик | Бозова А.Т. | 18 сәуір |
17 | Жоба бойынша жұмыс «Құқықтық сана – қауымға пана». «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік» профилактикалық әңгіме | Презентация Видеоролик слайд | Ақмолдаева Қ.Ұ Мысырбекова Ж. Асылбаева Г.Б. | 29 сәуір |
18 | Судағы қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме. Жол қозғалысы ережелері, ҚТ «Жазғы демалыста өзін қалай ұстау керек» | Түсіндңру жұмыстары, суреттер презентация | Дарменбекова Г.М Сынып жетекшілер | 20-25 мамыр аралығы және маусым айы |
2.Бағыты: Рухани-танымдық тәрбиеМақсаты: Адамгершілік бейне, адамгершілік сана-сезім; құндылықты сезімдер мен ізгілік қасиеттер, ар-ұят, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, табандылық, қайырымдылық, ынтымақтастық, ұлттық келісім құндылығы, өзге халықтардың мәдениеттін, салт-дәстүрін және тілін құрметтеу және дәріптеу құндылығы; өмірге деген этикалық жауапкершілік көзқарас қалыптастыру. | ||||
1 | Мектепте «Қоғамға қызмет» волонтерлық әлеуметтік жобасын – «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларын ұйымдастыру | Жоспар, Анықтама | Соцпедагог Пәйзолла Жұлдыз | Тамыз, қыркүйек |
2 | Оқушылар арасында «Мейірбандық – адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз» тақырыбында түрлі мамандық иесі болған еңбек ардагерлерімен «Қарттар күніне» орай әдеби-музыкалық кеш. | Анықтама, видеоролик | Бугенбаева Н.М. «Жас ұлан» мүшелері | 01 қазан |
3 | «Адамзаттың ұлы ұстаздары» ұстаздар күніне мерекелік шараөткізу | Сценарий, видеоролик | Бугенбаева Н.М. Ескендирова К.Б Бекежанова А.К. | 02 қазан |
4 | Көрнекті қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл | челлендж | Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұалімдері | 08-15 қараша |
5 | 1-4 сыныптар - «Біздің номериміз 101: өрт досың, өрт жауың» аузша журнал 5-8 сыныптар «Сіріңке – бір өмірдің бағасы» 9-11 сыныптар – «Өрт – тілсіз жау» | Сынып сағаттары | Сынып жетекшілер | 20 желтоқсан |
6 | Қазақ халық поэзиясының көрнекті қайраткері, поэтикалық сөз шебері, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған онлайн форматында жас ақындар мүшайрасы | Бейнеролик, суреттер, жоспар | Байжанова М.Ж. Уясбаева А.А. | 24 қаңтар |
7 | Жоба аясында: Оқушылар арасында «Кітап оқу сәні» деген айдарымен «Оқымысты сынып» конкурстары, «Жазғы оқылым», «Кітап бәйгесі», «Отбасымен қосылып оқу», буккросингтер, кітап көрмелері, кездесулер, кітап оқу сағаттары, т.б. ұйымдастыру | Жоспар, Анықтама | Кітапханашы | 21 ақпан мен 28 ақпан аралығында |
8 | «Аналар күні-ең қайырлы күн!» Іс- шаралар | Жоспар, видеоролик | Бугенбаева Н.М. Сынып жетекшілер | 01-08 наурыз |
9 | 1-7 сыныптар- «Бала еңбегі: жақтаушылар мен қарсылар. Сұрақ- жауап» пікірсайыс 8-11 сыныптары - «Адам сату «Бұл менімен болMayды» | Тәрбие сағаты | Есмұратова Б.Б Аханова Б.К. Қыдырманова Д.Т. Мысырбекова Ж.М | 25 сәуір |
10 | «Сүйікті мектебімнің түлегі» | презентация | Ақмолдаева Қ.Ұ Бәйтікбай Береке Клеева С.П. | 23 мамыр |
3. Бағыты: ұлттық тәрбие Мақсаты: жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсету | ||||
1 | «Туған тілім тірлігімнің айғағы» тілдер мерекесіне апталық жоспарын жасау, шаралар өткізу | Анықтама | Бугенбаева Н.М. | 02-06 қыркүйек арарығында |
2 | «Теңге-Қазақстанның үміті мен өмірінің символы» | видеоролик | Қайранбекова А.К | 15 қараша |
3 | «Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз» экскурсия | бейнебаян | Асылбаева Г.Б. Бекбулатова С.С. | 19 қараша |
4 | «Қош бол құтты әліппем» әліппемен қоштасу кеші | Сценарий ақпарат | Есмұратова Б.Б. Иманбекова Н.Қ. | 24 желтоқсан |
5 | «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»«Туған өлкенің тарихы | Видеоролик презентация | Мысырбекова Ж.М Қыдырманова Д.Т | 11 ақпан |
6 | 1 және 8 наурыз мерекелері қарсаңына жоспар құру | Жоспар видеороликтер | Бугенбаева Н.М. Сынып жетекшілер | 21 ақпан мен 08 наурыз аралығы |
7 | «Табиғатты аяла | Анықтама слайд | Аханова Б.К. | 20 сәуір |
8 | «Шеберлер ауылы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз» экскурсия сәндік-қолданбалы өнерлер шығармашылығы | Анықтама видеоролик | Бозова А.Т. Жылқыбаев А.А. | 16-19 амыр |
4. Бағыты: Отбасылық тәрбие Мақсаты: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы. | ||||
1 | «Отбасы күнін» мерекелеу аясында «Отбасы-бақыт мекені» апталық өткізу. Арнайы жоспарлар әзірлеу Бала тәрбиесіндегі отбасы ролін көтеру. | Жоспар, анықтама | Дарменбекова Г.М. Сынып жетекшілер | 06-10 қыркүйек |
2 | Ата- аналар жиналысы жылына 2 рет /қажет болған жағдайда кезектен тыс/ | хаттама | Дарменбекова Г.М. | Жоспарға сәйкес |
3 | «Ұлттың дәстүрі отбасынан бастау алады» оқушылар арасындасұхбат алу | Анықтама | Айдарова К.А. | 27 қазан |
4 | «Балаңыз күзгі демалыста» ата- аналарға түсіндіру жұмыстары, ата-аналар жиналысын өткізу | хаттама | Сынып жетекшілер | Күзгі каникул кезінде |
5 | Құндылықтарға негізделген білім беру жобасы аясында «Баламен қалай сенімді қарым-қатынас орнатуға болады» ата-аналарға арналған психологиялық тренинг ұйымдастыру | Анықтама | Психолог Кітапбаева Ж.Д. | 25 қараша |
6 | « Parents «Отбасылық өмір этикасы» әңгімелер жүргізу. | Форум | Пәйзолла Жұлдыз Қырықбаева А.М. | 14 қаңтар |
7 | «Менің отбасымдағы орным» сауалнама жүргізу. | Сауалнама анықтама | Психолог Темірханұлы Руслан Сыныпжетекшілер | 17 ақпан |
8 | Мектептегі оқу мен тәрбие деңгейіне ата-аналардың қанағаттанушылығын | Тесті талдау | Психологтар Кітапбаева Ж.Д Темірханұлы Руслан | 16-25 мамыр аралығы |
5.Бағыты: Еңбек, экономикалықжәнеэкологиялықтәрбие Мақсаты: еңбекеңжоғарықұндылықретінде; шығармашылықеңбек; еңбекмәдениеті; экономикалықсана-сезім; мамандық; мансап; функционалдықсауаттылық; компьютерліксауаттылық; жаһандықэкологиялықсана-сезім; экомәдениетқұндылығы, экологиялықмәдениет; табиғатқаерекшеқұндылықретіндегісүйіспеншіліксезімі; туғанжергежәнекішіОтанғадегенсүйіспеншіліксезімітәріздіқұндылықтардықалыптастыру | ||||
1 | «Алтын күз» кеші «Табиғатты аялайық» сурет байқауын | видеоролик | Иманбекова Н.К | 28 қазан |
2 | «Бақша ғажайыптары» жемістер мен көкөністерден қолөнер көрмесі | Презентация | Кузубаева С.С. | 10 қараша |
3 | «Табиғат анаң, оны қорға балам» тақырыбында слайд | Анықтама слайд | Мухаметжанова Д.Т | 08 желтоқсан |
4 | «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» | анықтама | Бекбулатова С.С | 02ақпан |
5 | «Экологияны күту әр нақты адамнан басталады»экочелендждер ұйымдастыру | видеоролик | Бугенбаева Н.М. Сынып жетекшілер | 14-18 наурыз |
6 | Кәсіптік бағдар беру жұмысы, колледждер мен ЖОО өкілдерімен онлайн кездесулер | Анықтама, сурет | Кітапбаева Ж.Д. 9 сынып жетекшілері | 10-13 мамыр |
6. Бағыты: көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие Мақсаты: жалпы мәденимінез-құлықдағдыларынқалыптастыру, жекетұлғаныңөнерменшынайылыққаэстетикалықобъектілердіқабылдауға, меңгеруге, бағалауғадайындығындамыту, білімберуұйымдарындакөпмәдениортақұру. | ||||
1 | Үйірмелер мен секцияларды ұйымдастыру | кесте | Дарменбекова Г.М | 01 қыркүйек |
2 | Мәдени орындарға, мұражайларға онлайн экскурсия жасау | видеоролик | Қыдырманова Д.Т. | 24 қараша |
3 | Этнограф, өнертанушы, журналист Ақселеу Сейдімбекке 80 жыл. Онлайн кеші | бейнебаян | Базылбекова М.С | 20 желтоқсан |
4 | «Мамандығым – мақтанышым» ашық тәрбие сағаты 11 сынып. | Фото, анықтама | Сынып жетекшілер | 14ақпан |
5 | Алғыс айту күніне арналған «Ақ жүрекпен» көркем жұмыстар көрмесі. | видеоролик | Бугенбаева Н.М. Сынып жетекшңлер | 01 наурыз |
6 | «Кешірім қалай сұрау керек?» оқушылар арасында сауалнама жүргізу. | Сауалнама, анықтама | Сынып жетекшілер Психолог социолог | 27сәуір |
7 | Театрларға, мұражайларға бару | Саяхат, сурет | Байжанова М.Ж. | мамыр |
8 | 1 мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлік мерекесіне арналған іс- шаралар | Жоспар, презентация видеороликтер | Бугенбаева Н.М. Сынып жетекшілер | 25 сәуір мен 01 мамыр аралығы |
7. Бағыты:зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу Мақсаты: білімнің құндылығын; зияткерлік позицияның құндылығын; әр тұлғаның кӛшбасшылық қасиеттері мен дарындылығы құндылығын; ал ақпараттылық мәдениеті – кибермәдениетті және кибергигиенаны қалыптастыру. | ||||
1 | Дарынды оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, дарындылығын дамыту жұмыстары. Оқушыларды үйірмелерге, жобалық олимпиадаларға қатысуын қадағалау | Анықтама | Пән мұғалімдері Сынып жетекшілер | 01-15 қыркүйек |
2 | Жоба аясында Оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерінің отырысы. Мектептегі өзін-өзі басқару құрамын сайлау. | Хаттама, суреттер | Бугенбаева Н.М. | 01-10 қыркүйек |
3 | «Оқушының өздігінен іздену жұмыстары» туралы әңгімелер жүргізу. | Анықтама | Пән мұғалімдері | 04-11қазан |
4 | «Шығармашылық-шыңдайды шеберлігін» оқушылар арасында көрме байқауын ұйымдастыру | видеоролик | Баймолда А. Каиыпова А.А. | 16 қараша |
5 | Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Білекті бірді-білімді мыңды жығар» зияткерлік сайыс5-10 сыныптар | Хаттама | Дебатжетекшісі | 14 желтоқсан |
6 | «Жаңа жылдық тілектер» онлайн құттықтаулар | бейнеролик | Сынып жетекшілер | 20-24 желтоқсан |
7 | Балалардың Интернетті қауіпсіз түрде қолдануы тақырыбында ағартушылық жұмыс өткізу, сонымен қатар олардың заңға қайшы ақпаратқа және мейірімсіздік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын сайттарға еркін кіруін болдырмау және оның жолын кесу: 1-4 сыныптар- «Интернет балалар үшін қауіпті ме, әлде қауіпсіз бе?» 5-8 сыныптар- «Мен және менің виртуалды достарым» 9-11 сыныптар- «Заманауи гаджеттерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік» | анықтама | Сынып жетекшілер | 15 қаңтар |
8 | Жоба аясында «Ұшық ой алаңы» атты дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, ой толғаулар, топтық жұмыстар ұйымдастыру | Анықтама | Дебатжетекшісі | 10-15қаңтар |
9 | «Қауіпсіз интернет» балалардың зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын кейбір сайттар туралы оқушылардың пікірлері, көзқарастарын тыңдау | Анықтама | Психолог Кітапбаева Ж.Д. Пәйзолла Жұлдыз | 08 сәуір |
10 | «Интернеттің пайдасы мен зияны» | слайд | Дарменбекова Г.М. | 23 мамыр |
8. Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты Мақсаты: салауатты өмір салты, дене тәрбиесі мен спорт, физикалық жетілдіру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығы қалыптастыру. | ||||
1 | Оқушылардың спорт секциялары мен қамтылуын бақылауда ұстау Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары. Бала жасына сәйкес санитарлық білім беру «Денсаулық зор байлық» іс-шарасы бойынша түрлі спорттық жарыстарды ұйымдастыру. «Сан бекет, наркобекет топтарын құру» | Жоспар, анықтама | ДарменбековаГ.М Мектеп мед бикесі Сынып жетекшілер Денешынықтыру пәнінің мұғалғмдері | 01-20 қыркүйек |
2 | Зиянды әдеттердің алдын алу және жеңу бойынша оқушыларға білім беруді ұйымдастыру. (Темекі шегу, алкоголь. есірткі). | бейнеролик | Игиликова А.Т. | 29 қазан |
3 | «Жат әрекеттен сақтан!»оқушылар арасында салауатты өмірге насихат жұмыстарын жүргізу. Спорттық сайыстар ұйымдастыру «Көңілді сөре» | Анықтама | Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері | 01 қараша |
4 | «Туберкулез жұқпалы ауру» тақырыбында оқушылар арасында диктант алу. «Зиянды заттардан сақтан!» оқушылар арасында челендж ұйымдастыру. | Анықтама сурет | Медбике Сынып жетекшілер | 23 желтоқсан |
«Спорт – менің досым» спорт сайыстарын ұйымдастыру | видеоролик | Канабатырова А. Гудаковская Л.М | 11қаңтар | |
5 | «Жат әрекеттен сақтан!» | видеоролик | Жұмабек Қалима | 26қаңтар |
6 | Оқушылар арасында «Жат әрекеттен сақтан!» тақырыбында кинофильм көрсету. | Анықтама , суреттер | ДарменбековаГ.М Медбике | 10ақпан |
7 | «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлт денсаулығын сақтау!», «Мен салауатты өмірді қолдаймын!» | Анықтама презентация | Сейтбекова Г.К. Есмұратова Б.Б | 04 наурыз |
8 | «Денсаулыққа зиян келтіретін факторларлар» психологтармен сауалнама жүргізу | Анықтама | Психолог Кітапбаева Ж.Д. Темірханұлы Р.Т | 22 сәуір |
9 | «Дені саудың – тәні сау!» дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сайыстарын Ұйымдастыру | Анықтама, сурет | Дене тәрбиесі мұғалімдері | 16-24 мамыр |
Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Дарменбекова