Анықтама » "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш орта мектебімен"КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2020

Анықтама

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен

Анықтама


         Аталған мектеп бойынша 26 қыркүйек 2020 жыл АІІБ- нің ЖПҚ ҚТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Т.Нусипжанов  сынып жетекшілермен zoom платформасы арқылы жиын өткізді. Бұл жиында негізгі айтылған мәселелер оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасқспірімдер арасында қылмыстық оқиғалардың , құқық бұзушылықтың алдын алу бойнша мәселелер қосғалып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтатын болсақ бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Сонымен қатар сынып жетекшілерге сынып оқушыларымен үнемі байланыста болып, хабарласып, жағдайларын біліп отыруын тапсырды. 



                       Мектеп директоры                         Ш.К.Бозов