тәрбие жұмысының жоспары » "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш орта мектебімен"КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2025

тәрбие жұмысының жоспары

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының   2023-2024 оқу жылындағы атқарылған  жұмыстардың жүргізілуі туралы

қорытынды есеп


Аталған мектепте «Адал ұрпақ» ерікті клубы бойынша 05 қыркүйек күні «Ел ертеңі - адал  ұрпақ» тақырыбында Адал ұрпақ ұйымының отырысы өтті. 

 «Адал ұрпақ» бұрышы жаңартылды. Кітапханашы Айнабаева Н.Ж. мектеп кітапханасындағы «Парасатты азамат» бұрышын жаңартып, ұйым мүшелеріне таныстыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Мектеп психологы Кітапбаева Ж.Д жетекшілігімен «Адал ұрпақ» клуб мүшелері «Сенім телефоны» және «Сенім жәшігі» жұмыстарын   жалғастыруда. 



2023-2024 оқу жылында тәрбие бағыты бойынша күзгі каникул кезінде 3 қараша күні педагог-ұйымдастырушы мен «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелерінің «Адал азамат-Адал еңбек» флешмоб ұйымдастырылып өтті. Мақсаты: жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптастыру. Әр топ жағдаяттар шешіп, жасөспірімдер арасындағы құықбұзушылықтың алдын алу бойынша жобаларын қорғап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға өз ұсыныстарын білдірді. 

www.instagram.com/p/CxYIpu5rSRY/


    06 қараша күні Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында: «Оян, ар мен адалдық» сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру.

www.instagram.com/p/CzTslr7ohCj/ 


 Қараша айында «Болашақ» мектеп парламентінің мүшелері 9-10 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа- барша қоғамның жауы» тақырыбында пікір сайыс өткізілді. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.



Желтоқсан айында Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында:  «Білікті бірді –білімді мыңды жығар» сыныптан тыс іс-шара «Адал ұрпақ» мүшелерімен ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны өткізу оқушылардың азаматтық құқығын қалыптастыруға зор ықпал етті. Өздерінің ой пікірлері мен көзқарастарын жеткізді. Өзара ақпарат алмасу арқылы туындаған мәскелелерге тоқталды. Әрқайсысы өз шешімдерін айтты. Соңында қорытынды жасап бүгінгі жасаған жұмыстарына баға берді. 

www.instagram.com/p/C0y_72NNK4M/?hl=ru



08.02.2024ж күні "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты челлендж ұйымдастырылып, бейнеролик жасалынып әлеуметтік желіге салынды. 

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік қалыптастыру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.


www.instagram.com/p/C3EpYDji_Sj/?hl=ru


«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен 

5-8 сыныптар арасында «Құқықтық білімнің маңызы зор» тақырыбында қабырға газеті ұйымдастырылды, әр сынып өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру.

www.instagram.com/p/C3Zth6bN_1A/?hl=ru



  Ақпан айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен 29-30 қаңтар аралығында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Мақсаты:Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру.

www.instagram.com/p/C3hp-1gtu1U/?hl=ru&img_index=3



«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен 

6-7 сыныптар арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру.

www.instagram.com/p/C3nHmvrt8mW/?hl=ru




  Наурыз айында 9 “Б” сынып оқушыларымен “Адалдық - адамдық белгісі” атты тақырыпта сынып сағаты өтті.

   Мақсаты: Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу; саяси сауаттылыққа баулу.


www.instagram.com/p/C4pwuRyiJ69/?hl=ru





Сәуір айының 08.04. 2024 жылы 5 - 7 сыныптар арасында "Жасыл мектеп" акциясы ұйымдастырылды. 

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға, оқу ортасын көгалдандыруға тәрбиелеу және оқу кабинеттерін тазалау.

www.instagram.com/p/C5gUU_MiAWL/?hl=ru


Мамыр айында педагог-ұйымдастырушы Асылай Серикқызының ұйымдастыруымен  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің жиналысы өтті. Жиналыс барысында жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды.




                  Педагог ұйымдастырушы                       А.С.Базарбаева