тәрбие жұмысының жоспары
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Болашақ»мектеп парламентінің
жылдық есебі
Аталған мектеп бойынша «Болашақ»мектеп парламентімен 1-қыркүйек – Білім күніне арналған
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты
жиын ұйымдастырылып, өткізілді.
20 қыркүйекте «Болашақ»мектеп парламентінің сайлауы өтті.Сайлауға үміткерлер Сайлау екі форматта өтті. Онлайн бюлелетен арқылы және лайк саналып есептелініп 10 сынып оқушысы Ербосын Еркежан тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді. Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады. Осы орайда аталаған мектепте еңбек күні қарсаңында қоғамдық игілікке қызмет етіп жүрген ардагер ұстазымызбен «Үлкендер жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»тақырыбында сыр-сұхбат ұйымдастырылып өткізілді.
«Дублер күнін» өткізу туралы бұйрық шығарылып, бастамашыл топ құрылды. Мектеп директорының дублері лауазымына үміткерлер ұсынылып, дауыс беру нәтижесі бойынша 11 сынып оқушысы Наурызова Айгерім мектеп дублері болып сайланды. 5 қазан күнінің штатық кестесімен таныстырып, сабақ өткізуде қажетті әдістемелік-көрнекілік әзірлемелер дайындалды. Яғни мұғалім-дублерлер сабақтың тақырыптық жоспарымен танысып, мектеп мұғалімдерінен толық мағлұматтар алып, таныстыру жұмыстары жүргізілді.
www.instagram.com/p/Cxpgd6hCRKN/?hl=ru
5 қазан таңертең «Болашақ»мектеп парламенті мектеп әкімшілігінің дублерлері қарсы алып, сабаққа қатысу парақтарын толтырды. Мектеп әкімшілігінің отырысын өткізіп, дублерлерге нақты нұсқаулар берілді. Сабақ кестесіне сай, барлық сыныптарда сабақтар өткізілді. Мектеп қызметкерлері ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, өз жұмыс орындарына бақылаушы ретінде қатысты. Әкімшілік педагогикалық құрам өзінің дублерлердің қызметіне ерекше қажеттіліксіз араласпай тек қана кеңестер беріп отырды. 5 қазан күні әр дублер өз қызметерін жоғары деңгейде өткізді. Дублер күнінің қорытындысы бойынша мектеп оқушыларынан сауалнамалар алынды. Өткізілген іс-шаралар интернет желілеріне салынды.
instagram.com/p/CyA3WJkrmJk/?hl=ru
9 қазан күні оқушылар жиынында «Дублер күнінің» қорытындысы айтылып, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
«Болашақ» мектеп парламенті мен АӘД мұғалімі Темірхан Русланның жетекшілігімен мектебіміздің ардагер ұстаздарын құттықтап қайтты. «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» акциясы бойынша мектебіміздің «Болашақ»мектеп парламенттерімен 9-10 сынып оқушылары ауыл қарияларына барып, отын жарып, ауласын тазалап көмек көрсетті.
Жоспарға сай: Тоғыз айға 9 іс-шара:Мемлекеттік Гимнді бірыңғай орындау.
Аталған мектепте 25 қазан-Республика күніне орай бірыңғай Гимн орындалды. Барлық білім алушылар және ұстаздар мен «Болашақ» мектеп парламентінің қатысуымен гимнды бірыңғай орындады. Мақсаты: Отансүйгіштікке баулу. Патриоттық сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Қазан айының 23-і күні «25 қазан Республика күні» атты қорытынды салтанатты жиынды «Болашақ» мектеп парламентінің қатысумен жоғарғы деңгейде өткізілді. Жиын барысында Мемлекеттік Ту салттанатты түрде енгізіліп, Гимн ойнады. Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараларға белсене қатысқан білім алушыларды марапаттады. Мерекеге орай ұйымдастырылған жиында білім алушылар Отан туралы өлең жолдарын айтып, патриоттық рухты көтеретін ән шырқап, би биледі.
27 қарашада 5 "А " сыныбымен " Үнемділік инноваторы" тақырыбында сынып сағаты өтті.
www.instagram.com/shokanmektebi_akynsara/?hl=ru
Жоспарға сай «Жас Ұлан»ұйым мүшелері 14.11.2023ж. күні "Ғажайып күз!" тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен мектепішілік сурет байқауы өткізіліп, көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға табиғаттың, күздің әдемілігін көрсету. Табиғаты қорғауға, аялауға тәрбиелей отырып, шығармашылыққа сұлулыққа баулу. Балалардың суреттер бағаланып 1,2,3 орынға ие болған оқушылар грамотамен марапатталды.
1 орынға ие болған оқушылар:Рамазан А, Байнұр А,Темірхан А,Тұрысбек А,Нұрлан К.
2 орын алғандар: Жарасбек Б., Әлемхан Ж., Нұрлат Л., Шәкуқанқызы А., Каһарманқызы А.
3 орын алған оқушылар:Бақытбекұлы А,Көшербай А, Асан Б, Талғат М.,Қуандық Т.
Жетекшісі: көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бозова А. Т.
Сыбайлас жемқорлыққа жол мақсатында "Адал ұрпақ" ерікті клубының "Саналы ұрпақ-жарқын болашық" атты марафонын өткізді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
13-желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігі күніне орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" 5-6 сынып оқушылары арасында челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке.
27 желтоқсан күні «Жас Қыран»мүшелері 1-4 сынып оқушыларына арналған “Жадырашы жаңа жыл!” тақырыбында шырша мерекесі өткізілді.Іс-шараның мақсаты:балаларға мерекелік көңіл- күй сыйлау.
Жауапты:бастауыш сынып мұғалімі: А.Қ.Кайранбекова
5-7 сыныптар арасында "Қош келдің, Жаңа жыл" атты мерекелік кеш өтті. Ұйымдастырушы: 7"Б" сынып Сынып жетекшісі: Бекбулатова Салтанат Сабитовна
8-11 сыныптар аралығында «Жаңа жылға саяхат»атты жаңа жылдық кеш өткізілді, жауапты мұғалім: Жәнібек Нарзангүл.
Қаңтар айында 9 сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
www.instagram.com/p/C2q9j0OiAHK/?hl=ru
Кітапханада ақпан айындағы жоспар бойынша Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға- кітап сыйла" акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты - мектеп кітапханасының қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Мектеп, ата-ана, оқушымен бірлесе отырып, оқушыларды рухани адамгершілікке баулу. Ақын-жазышулардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту. Іс-шараға мектебіміздің 1-10 сынып оқушылары белсенділік танытып,ұстаздар, ата-аналар, өздерінің оқыған жаңа кітаптарын сыйға тартты.
www.instagram.com/p/C3kaYV5tA17/?hl=ru
Наурыз айында АӘДТ пәні мұғалімі Сағымбаев Қ.Р "Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар" ұранымен мектебімізде 1-наурыз күні сейсмо жаттығулар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
www.instagram.com/p/C3-Esjir6lT/?hl=ru
19.01.2024 жылы Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес Ата-аналар мектебі жобасы аясында: «Қыз намысы – ұлт намысы» тақырыбында 5-7 сынып қыздары арасында жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде :
1. Жыныстық тиіспеушілік қылмыстардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары
2.Қыздардың жеке бас гигиенасы
3. Буллинг және кибербуллинг тақырыбы
www.instagram.com/p/C2R2VpXLTEh/?hl=ru&img_index=2
Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың,
зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
www.instagram.com/p/C2cJPr3L4-b/?hl=ru&img_index=3
15 Наурыз күні “Күй күмбірі” Республикалық челленджі ұйымдастырылды. Білім алушылардың рухани мәдениетін, эстетикалық, патриоттық рухын арттыру, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған челленджге мектеп оқушылары домбырашылар қатысты. «2018 жылдан бастап, домбыра күні атап өтіледі. Бұл аспап қазақ халқының бүкіл тарихын баяндайды және балаларымыздың қазақ ұлттық аспабы туралы мүмкіндігінше көбірек білгенін қалаймыз.
www.instagram.com/p/C3mL_oyirWk/?hl=ru&img_index=1
Ұлттықспорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Бұл күні барлық өңірлерде ұлттықспорт түрлерінен түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі. Мектебімізде Тоғызқұмалақ, асық ату және арқан тарту ойындары ұйымдастырылды.
www.instagram.com/p/C4up3gYCCA-/?hl=ru
14 наурызда еліміздің батыс өңірлері Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.
www.instagram.com/p/C4fbxWJNIOZ/?hl=ru
Бүгін, 15 наурыз, елімізде Қайырымдылық күнін атап өтілуде, . Наурыз – мейірімділік пен татулық мейрамы. Сондықтан мереке күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созу, мейірімділік таныту Наурыздың қадірін арттыра түседі. Еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылық, мейірімді насихаттайтын түрлі іс-шара өткізілуде, бұл күні біз Акция барысында көпбалалы отбасыларына арнайы барып көмек көрсетілді.
www.instagram.com/p/C4iIKhriu2I/?hl=ru
16 наурыз ұлттық салт дәстүрді дәріптеу айына орай « Dastur челленджі» "Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр" күні өтті. Тұсау кесу, ат қою. Қазақ халқында балаға қатысты наным-сенімдер өте көп. Қазақтар балаға, әсіресе бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық. Жалпы бала дүниеге келгеннен бастап, есейген шағына дейін 20 шақты әдет-ғұрып жасалады. Қазақ халқы секілді баланы ерекше қадірлеп, көңіл бөлетін халық жоқ десек те артық болмас. Біздің халық сәби дүниеге келгенде Шілдехана жасау, 40 күн толғанда Қырқынан шығару, ат қою, бесікке бөлеу және тұсау кесу секілді ғұрыптарды әлі күнге орындап келеді.
www.instagram.com/p/C42Vt8iCWA1/?hl=ru
Наурыз айының 7-сі күні жоспарға сәйкес «Шуақ шашқан мереке -8 Наурыз!» атты қорытынды салтанатты жиын өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп- ескеру, мадақтау.
www.instagram.com/p/C4Q7I8nrDDR/?hl=ru
Метебімізде 11.04.2024ж Тоғыз айға 9 іс-шара:ШАХМАТ ойнау челленджі
12 сәуір-Ғылым және Космонавтика күніне орай: "Ұлы өнер табысқа алғашқы қадам" Білім алушылардың зияткерлік қабілетін шахмат ойыны арқылы дамыту дәріптеу.
Шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді.Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге итермелейді деген ерік-жігерді қалыптастыруға басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
www.instagram.com/p/C5qMCUDLhv8/?hl=ru
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында: «интернетсіз бір күн» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты:Кітаптың мәртебесін көтеру, кітап оқуды сәнге айналдыру, өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау. Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән - мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
www.instagram.com/p/C2wxdDILDh3/?hl=ru
Сәуір айының 30-ы күні Өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен «Көп ұлтты, тату елім- Қазақстан» тақырыбында бейнеролик ұйымдастырылды.
www.instagram.com/p/C6aewYQiKaR/?hl=ru
Аталған мектеп бойынша 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр- Жеңіс күні арналған бейнеролик ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру; Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту;
www.instagram.com/p/C6qSFPXLf2K/?hl=ru
Аталған мектеп бойынша «Мектебім,саған мың алғыс!» мерекесін өткізу туралы жоспар құрылып, бағдарламасы бекітіліп, бұйрық шығарылды. Соңғы қоңырау мерекесі 2024 жылдың 25 мамырында 11 сынып жас түлектерге арналды. Мереке мектеп спорт залында сағат 9.00 де басталды. Салтанатты жиын барысында Мемлекеттік ту енгізіліп, әуелеген әуенмен 11 сынып оқушыларын ортаға шақырылды. Келесі кезекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалып, салтанатты жиын ашық деп жарияланды. Ауыл әкімі Ш. Қ.Бозов және ардагер ұстаздарымыз жас түлектерге өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі.
ww.instagram.com/p/C7Yi1j6C-D8/?hl=ru
Педагог ұйымдастырушы: Базарбаева Асылай Сериковна