Тустебаев Жасұлан Каденұлы «Іс -әрекеттегі зерттеу» коучинг
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 – 2023 оқу жылында І тоқсанда мектеп тренері Тустебаев Жасұлан Каденұлы «Іс -әрекеттегі зерттеу» тақырыбында педагогтармен коучинг ұйымдастырып өткізді.Мақсаты: Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту. Коучингте мектеп тренері «Әр түрлі әдіс –тәсілдер арқылы мектептегі «Іс –әрекетті зерттеу»үдерісін жүзеге асыру тақырыбында таныстырылым көрсетіп, бұл үдерістің ерекшелігін түсіндірді.Сонымен бірге, аталған үдеріс бойынша қалай жоспар құру керектігіне тоқталды.

ІІ тоқсанда өткен семинарда мектеп педагогтарының « Іс - әрекеттегі зерттеу» жоспары құрылып, І тоқсандағы сыныптардың және жекелей пәндердің білім сапасының көрсеткіштеріне қарай, осы үдерісті жүргізуге сыныптар ұсынылды. Пән мұғалімдері зерттеу жүргізілетін сыныптарымен айқындалған проблемалармен жұмыстар жүргізді.
ІІІ тоқсанда «Іс -әрекеттегі зерттеу» үдерісі бойынша пән мұғалімдерінің іс-әрекетті зерттеу әдістері мен өткізген сабақтарының нәтижесі бойынша іс -тәжірибе бөлісу мақсатындамектеп тренері Ж.К. Тустебаевтың ұйымдастыруымен «Іс- әрекеттегі зерттеу» үдерісінің жүргізілуі туралы кезекті семинар өтті.
«Іс -әрекеттегі зерттеу» үдерісінің І циклын аяқтаған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.С. Бекбулатова және биология пәнінің мұғалімі Д.Т. Мухаметжанова, физика пәнінің мұғалімі Қ. Жұмабек жүргізген жұмыстарына талдау жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында мектеп тренері Ж.К.Тустебаев пән мұғалімдері аталған үдеріс бойынша әрі қарай жұмыстың жүргізілуіне жауапкершілікпен қарап, өз деңгейінде өтуіне тапсырмалар берілді.

