мектепке жол акциясы мәлімет » "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш орта мектебімен"КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
август
2024

мектепке жол акциясы мәлімет

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мектепке жол» - 2024 бойынша мәліметі

 Аталған мектеп бойынша 2024-2025 оқу жылының 01 тамыз бен 31 қыркүйек аралығында «Жақсылық Жаса!» ұранымен республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілуде. Облыстық және аудандық бұйрықтар негізінде «Мектепке жол» акциясының жоспары жасалынып, комиссия мүшелері сайланып, мектепшілік бұйрық шығарылды. Акцияның басты мақсаты: Аз қамтылған, көпбалалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы оқушыларының әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке келмеуінің алдын алып, оқушыларға материялдық көмек көрсету.  

Маусым айының басында Ескелді ауданы білім бөлімінің тапсырмасымен мектеп бойынша 73 оқушының ата-анасының құжаттары ауданға өткізіліп, әр оқушы 43407   тг көлемінде жәрдемақымен қамтамассыз етілді. Бұл көмек атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтамассыз етілген, көпбалалы отбасының мектепте білім алатын балаларын мектепке дайындау мақсатында мемлекеттен бөлінді. 

 «Мектепке жол» республикалық акциясы басталуымен ауылдық жеке кәсіпкерлерге хабарландырулар беріліп, нәтижесінде Мектеп ұжымы 9 оқушыға,жеке кәсіпкерлер 28 оқушыға, , Ақын Сара ауылдық мешіті 5 оқушыға мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын және спорттық киімдер,аяқ киім,мектеп формасымен барлығы 42 оқушыға көмек берілді. 

Ауылдық әкімшілікке сұраныс хат жіберілді. Жеке кәсіпкерлерге хабарландырулар беріліп, демеушілік көрсетуге шақырылды. 

Нәтижесінде ЖШК «Нам» 200000тг қаржылай көмек көрсетті. Көрсетілген қаржыға «Мектепке жол» республикалық акциясының комиссия мүшелері Талдықорған қаласы «Мир одежды» киім-кешек дүкенінен спорттық киімдер мен аяқ киімдер сатып алынып, мектептегі әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға бөлініп берілді. 

 «Мектепке жол» акциясы алдағы уақытта жалғасын табады. Демешілер тарапынан көрсетілген көмектер әлеуметтік мәртебесі бар қажет ететін оқушыларға толық беріліп беріледі. 

Қазіргі уақытта әлеуметтік мәртебесі бар отбасы оқушылар мектепке дайын, қажетті оқу құралдары мен мектеп формасын алды. Қажеттілік туындаған отабасыларға алдағы уақытта көмек көрсетіледі. 





Әлеуметтік педпгог:                             Сулеймен М.Б