Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ » "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш орта мектебімен"КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ
10
September
2020

Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» Education Department of Kerbulak district



Қашықтықтан өткізілген ата- аналар жиналысының 

ХАТТАМАСЫ


Ақын Сара ауылы                                                                  «     »______ 2020 ж


                            

Қатысқандар:

Мектеп директоры- Бозов Ш.К.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Жантасова Д.Л.

Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Дарменбекова Г.М.

Мектеп психологі- Китапбаев Ж.Д.

Әлеуметтік педагог- Пәйзолла Жұлдыз


Күн тәртібінде:

         Жаңа оқу жылында балаларды қашықтықтан оқыту туралы.

                                                             /жиналыс ZOOMмен өтті./


      Тыңдалды:

            Алғашқы сөзді мектеп директоры Ш.К.Бозов алып, бүгінгі ата-аналар жиналысының кокроновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету мақсатымен таныстырып өтті. 

           Келесі сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Л.Жантасова алып, оқу үрдісі мектепалды даярлық топ, 1-11 сыныптарда қашықтықтан онлайн форматында ұйымдастырылатындығын айтып өтті. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мектеп-онлайн интернет –платформаны таңдайтындығын, синхронды, асинхронды форматтағы сабақтарды ескере отырып, сабақ кестесін сақтау керектігін түсіндірді. Қашықтықтан оқытудың қосымша ресурстары – ТВ сабақтар туралыда айта кетті.

          Сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова алып, қашықтықтан оқу кезінде баланың жұмыс орнын дұрыс қамтамасыз ету туралы, баланың оқу режимі мен демалысын ұйымдастыру туралы айтты. Мектеп формасы туралы , яғни санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескертіліп, шектеу іс-шаралары кезеңінде білім алушылар сабақтарға ыңғайлы киімде қатыса аллатындығын айтып өтті. Баланы өздігінен жұмыс істеуге,оқуға қалай ынталандыруға болатындығы туралы және интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау, қалай пайдалану керектігі жауапкершілігі туралы айтып өтті. 


                                            Жиналыс қаулы етеді:

  1. Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсін.
  2. Қашықтықтан оқыту үшін сабақ кестелері жасалынып, 

           санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескерілсін.


Жиналыс төрағасы:              Бозов Ш.К.


Хатшысы:                              Қырықбаева  А.М..