«Бір- бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасы
«Бір- бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасына сәйкес жүргізілген жұмыстардың есебі, 2020-2021 жыл
Мектеп бойынша биылғы 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан білім алу кезінде де онлайн форматында, қашықтықтан өткізілетін зиянды заттардың алдын алуы үшін арнайы жоспар құрылды. Негізгі мақсат: оқушыларға темекі, ішімдік, есірткінің зиянын, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу. Қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу.Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру. Осы мақсатқа жету үшін қыркүйек айынан бері 2 рет Ескелді АІІБ- нің ЖПҚ ҚТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Т.Нусипжановпен бірге сынып жетекшілер мен ата- аналармен zoom платформасы арқылы арнайы байланыс орнатып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 26 қыркүйекте ең алғашқы жиында негізгі айтылған мәселелер оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасында қылмыстық оқиғалардың , құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мәселелер қозғалып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтатын болсақ бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Екінші 9 қазан күні өткен жиында негізгі айтылған мәселелер әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы алдын алу жұмыстарын жүргізді. Ата- аналарға кешкілік уақытта балаларын көшеге шығармауға, санитарлық талаптарды үнемі орындап жүру керектіктерін, сауда орындарына ішімдік заттарға кәмелетке толмаған балаларын жұмсауға тыйымсалынатындығы,денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылатындығы жөнінде кеңінен түсіндірді. Сыныптар бойынша: «Салауатты өмір салтын сақтау – болашақты жақтау» 1-4 сынып, «Ішімдік ішу - өзіңді-өзің құрту» (5-11 сыныптар), «Никотин және спорт» (5-8 сыныптар), «ЖҚТБ ауруынан қорғанудың жолы – салауатты өмір салтын қолдау» (9-11 сыныптар) тақырыпта сынып сағаттары WhatsApp желісі арқылы өткізілді.
Мектеп оқушыыларына 8-11 сыныптың ұл балаларына «Аулақ бол жаман әдеттен» насыбай,темекінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарыWhatsApp желісі арқылы 8-11 сынныптың ұл балаларына жадынама таратылды.
«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» Education Department of Kerbulak districtнен
Анықтама
Аталған мектеп бойынша 26 қыркүйек 2020 жыл АІІБ- нің ЖПҚ ҚТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Т.Нусипжанов сынып жетекшілермен zoom платформасы арқылы жиын өткізді. Бұл жиында негізгі айтылған мәселелер оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасқспірімдер арасында қылмыстық оқиғалардың , құқық бұзушылықтың алдын алу бойнша мәселелер қосғалып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтатын болсақ бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Сонымен қатар сынып жетекшілерге сынып оқушыларымен үнемі байланыста болып, хабарласып, жағдайларын біліп отыруын тапсырды.
Мектеп директоры Ш.К.Бозов
«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» Education Department of Kerbulak districtнен
Анықтама
Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» Education Department of Kerbulak district бойынша 9 қазан күні 2020 жыл АІІБ- нің ЖПҚ ҚТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Т.Нусипжанов пен мектеп директорының тәрбие жқніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова ата- аналармен және сынып жетекшілердің zoom платформасы арқылы жиын өткізді. Бұл жиында негізгі айтылған мәселелер әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы алдын алу жұмыстарын жүргізді. Ата- аналарға кешкілік уақытта балаларын көшеге шығармауға, санитарлық талаптарды үнемі орындап жүру керектіктерін, сауда орындарына ішімдік заттарға кәмелетке толмаған балаларын жұмсауға тыйым салынатындығы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Мектеп директоры Ш.К.Бозов